Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенттерімен кездесу

2015 жылдың 30 қараша күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті,Құрманғазы атындағы саз колледжінде «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» және «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қатысты ҚР қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің новеллаларын түсіндіру» бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Семинарға Құрманғазы атындағы саз колледжінің директоры Н.Сертеков оқытушылық құрамы және студенттер қатынасты. Семинар барысында Департамент қызметкері Е.Төлепқалиев 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның негізгі бағыттары бойынша баяндама жасады. Баяндамада Стратегияда көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың ынтымақтастығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, оның ішінде студент жастардың орынына ерекше назар аударып, жаңа Қылмыстық Кодексіндегі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғалардың белгілі бір мемлекеттік қызметпен айналысуға өмір бойына құқығынан айырылатындығы, ескіру мерзімі және шартты түрде бас бостандығынан айырылу түсініктерінің алынып тасталғандығы туралы ақпараттандырды.

Шараның соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, тақырыптық видеороликтер көрсетілді.

 
0
0
1249

Осы тақырып бойынша

Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенттерімен кездесу - Yvision.kz