Астаналық Өрт сөндіру қызметі планшеттер үшін қаланың «Мобильді картасын» енгізді
Астана қаласы өртке қарсы қызметінің гарнизонында ақпараттық технологияларды дамыту шеңберінде онлайн режимде өрт сөндіру гидранттары және қала нысандарының сипаттамасы туралы ақпараттан хабардар етуге мүмкіндік беретін «Андройд» операциялық жүйесі базасындағы «Мобильді карта» модулін құрастыру бойынша жұмыстар жүргізілді, деп хабарлады ТЖК баспасөз қызметі. Бұл жұмыстар 2014 жылдан бері қолға алынған. Осы бағыттағы жұмыстың мақсаты өрт сөндіру гидранттары, су қоймалары көрсетілген шығу аудандарының картасы бар қағаз планшеттердің, сондай-ақ қағаз тасығыштарындағы жедел жоспарлар мен өрт сөндіру карточкаларының қазіргі заманғы электронды аналогын құру болып табылады. Қағаз жүзіндегі ақпараттардың кемшілігі бірқатар: ақпараттарды жаңартудың қиындығы, яғни болмашы өзгерістер үшін үлкен көле…