Мазмұнға өту

Жаңа

ҚР-да шаруалардың кооперативтерге бірігуіне жақсы қолдау көрсетілуде

Ақмола облысының Ақкөл ауылында «ҚазАгро» ұлттық холдингі ұйымдастырған аулы шаруашылығ тауарын өндірушілермен қорытынды кеңес өтті. Алқа мәжілісінде Қостанай, Солтүстік қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарының шаруалары бас қосты. Айта өтейік, «ҚазАгро» ұлттық холдингінің отандық АӨК кооперацияның негізінде аграрлық шаруашылықтарды біріктіру жөніндегі пилоттық жобасы - жүзеге асырылды! Жобаның қатысушыларының бірі - Ақмола облысындағы «Өңірлік Астық Холдингі» ЖШС қызметтің нәтижесі мен перспективаларын атап өтті, соған сәйкес 2016 жылы бірлестіктің жаңа қатысушылары есебінен егістік алаңдарын қазіргі 360 мың гектардан 1 млн.гектарға дейін кеңейтеді. Шаруашылықтарда кепілдік базасының жетіспеушілігі, кей уақытта тіптен болмауы, көптеген ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қаржы қаражатын…

0
0
224

«Нұр Отан» партиясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының нәтижелері талқыланды

2015 жылдың қорытындысымен Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевқа «Нұр Отан» партиясының Төрағасы ретінде партияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының іске асырылуы жөніндегі Баяндамасы тұңғыш рет ұсынылмақ, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары А.Мырзахметов «сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қолға алынуы партия қызметіне де қосымша серпін берді. Саяси құжат ретінде аталған баяндаманың өзегіне Сыбайлас жемқорлықты түйсінудің Ұлттықиндексі бойынша жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері енгізіліп, осы саладағы нақты үдерістер көрініс таппақ. Бұл әдістеме шетелдік жетекші сарапшы-әлеуметтанушылардың оңды көзқарасына ие болып отыр. Баяндама партия мен мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне қат…

0
0
388

Қарағанды облысында индустрияландыру картасы 97 жобаға ұлғаяды

Қарағандыда ҮИДМБ бойынша Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында өңірлік және республикалық Индустрияландыру картасына енгізу үшін 880 млрд. теңге жиынтық инвестициялау көлемімен бірқатар ірі инновациялық жобалар қаралды, деп хабарлады облыс әкімдігі. Барлық 3 жоба - шетел инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылатын жобалар. Аталған жобалар аясында шамамен 2200 тұрақты жұмыс орнын құру болжанады. Көрсетілген жобаларды қарау Мемлекет басшысының шетел инвестицияларын тарту бойынша тапсырмалары негізінде жүргізілуде. Өңірлік картаға «Осакаров ауданында «Global Lime Industries» компаниясы жоғары сапалы әк өндіретін зауыт салу» жобасы ұсынылды. Жоба металлургиялық, химиялық және тағам өнеркәсібі кәсіпорындарының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 1-ші сұрыпты әк өндіру бойынша өндірістік кешен…

0
0
456

Ұлылардың ұрпағы ҚР ҚК-нің музейіне тарихи жәдігерлердің түпнұсқаларын берді (ФОТО)

Атақты батырлардың, Үлы Отан соғысына қатысушылардың ұрпақтары, жеңімпаздардың балалары мен немерелері ҚР Қорғаныс министрлігінің ұсынысына үн қатты және ҚР Қарулы Күштерінің жаңа әскери-тарихи музейінің қорына мәдени және ғылыми құндылыққа ие бірегей тарихи заттар мен ата-бабаларының құжаттарын берді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. «Мен атам Иван Васильевич Панфиловқа қатысты кейбір жәдігерлерді әкелдім. Бұл кітап 1936 жылғы басылып шыққан оның жеке кітапханасынан. Бірақ, менің ойымша ең бағалысы ол менің атамның қаза болған жүргізушісіне комиссар Логвиненконың берген партбилеттің бір жапырақ қағазы. Жүргізуші соғыста оны тұмар ретінде тағып жүріп, өзінің партбилетін осы бір жапырақ қағазда сақтап, кейіннен біздің отбасымызға берді. Сонымен қатар 28 панфиловшылар…

0
0
394

Е.Ыдырысов Аустрияда БҰҰ өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Аустрияға жұмыс сапары басталды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Күннің бірінші жартысында БҰҰ Вена бөлімшесінде Е. Ыдырысов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Вена бөлімшесінің Бас директоры, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) Бас директоры Юрий Федотовпен, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) Бас директоры Юкия Аманомен, БҰҰ Өнеркәсіптік даму ұйымы Бас конференциясының (ЮНИДО) Бас директоры Ли Юнмен және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының (ЯСЖТШҰ) Атқарушы хатшысы Лассина Зербомен кездесулер өткізді, сондай-ақ Венада өтіп жатқан ЮНИДО Бас конференциясы шеңберінде «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған фотокөрмеге қатысты. БҰҰ-ның жоғары өкілдерімен ынтымақтаст…

0
0
266

Ұлы мақсат жолында...

Кез келген елдің өсіп-өркендеуі, ішкі және сыртқы саясатының тұрақты болуы - сол мемлекеттің тізгінін ұстаған басшының елді басқарудағы тәжірибесі мен өресіне тікелей байланысты екені сөзсіз. Бұл ретте, біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы әлем елдеріне үлгі болып жүргенін атап өткен жөн. Әсіресе, Мемлекет басшысының ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлары мен сан түрлі бағытты қамтыған бағдарламалары егемен елдің дамуына зор ықпал етуде. Соның нәтижесінде, толағай жұмыстар қолға алынып, өз нәтижесін беріп отыр. Мәселен, осыдан бірнеше ай бұрын Елбасы «100 нақты қадам» атты дамыған 30 елдің қатарына кіруге бағытталған Ұлт жоспарын ұсынған болатын. Аталмыш құжатты көпшілік бірауыздан қолдап, оның жүйелі жүзеге асуына үлес қосуда. Бұл ауқымды жоспарда қоғам өмірінің шешуші салаларын жаңғыртуға…

0
0
730

Алматыда жас инноваторларының ІІІ форумы өтті

Алматы технологиялық университеті «Парасат» Алматы кәсіподағымен бірлесе, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Кәсіподақтарының федерациясының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күніне арналған «Болашағымыз-бірлікте!» атты жас инноваторларының ІІІ форумын өткізді. Форум жұмысы Алматы технологиялық университетінің Технопаркінде ұйымдастырылған «ЭКСПО-2017 жолында»: Алматы қаласы жас инноваторларының жетістіктері» атты көрмені тамашалаудан басталды. Көрменің негізгі мақсаты: жас ғалымдардың инновациялық жобаларды әзірлеудегі жетістіктерін талқылауға алаңша қалыптастыру, индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру аясында ғылыми зерттеулер саласында тәжірибе алмасу, жастардың ғылыми-зерттеу жобаларына мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарының назарын аудару.…

1
0
267

С.Рахымбекова: Жасыл технологияларды қолдану кезінде органикалық өнім өндіру тиімді

26 қараша «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Колаициясы» ЗТБ Астана қалаласындағы Еуропадағы Қауыпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы бағдарламалар Кеңсесі, Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық Министрлігі, G-Global Халықаралық хатшылығының қолдауымен «Қазақстандағы органикалық ауылшаруашылығын дамытудағы бастамаларды қолдау» атты дөңгелек үстел өтті. «Қазіргі таңда бұл сұрақ «Қазақстандағы органикалық ауылшаруашылығын дамытудағы бастамаларды қолдау» Заңына қол қою, ЭКСПО-2017 дайындық, ДСҰ ға кіру және Жасыл Көпір Серіктестік Бағдарламасының басталуы аясында өзекті мәселе болып тұр. Бүгінгі күні органикалық ауылшаруашылық әлемнің 160 мемлекетінде қолданылуда. 84 мемлекетте органикалық егіншілік туралы заңдары бар болса, ондаған мемлекеттерде заң жобалары қарастырылуда. Эко…

1
0
376

Жасыл орамдағы жаңа үйлер

Елорда келбеті күн өткен сайын еңселеніп, ажары айшықтанып, таранып, таралып сұлулана түссе, онда құрылысшы қауымының еңбегі ерекше. Ал Астанадағы құрылыс компанияларының ішінде салынған үйлерінің сапасымен де, дер кезінде тапсыру мерзімімен де тұрғындардың көңілінен шығып жүрген компанияның бірі – «BI Group» ЭКСПО-2017 көрмесі аясында да астаналықтарды «Жасыл орам» атты жаңа бір жобасымен қуантатын түрі бар. Есілдің сол жағалауындағы «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығының жанынан орын тебетін «Жасыл орам» жобасының негізі энергия сақтаудың жаңа технологияларына негізделіпті. Көпқабатты үйлер, кеңсе ғимараттары, паркингі, шағын көлі бар, аулалары ландшафты эко-дизайнмен өрілген, оған қоса 14 гектар жерді алатын саябағы болатын мұндай жоба жақын көршілердің бірінде де жоқ, тіпті, әлемде…

1
0
327