Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік тіл – мерейім

Тіл – адамдық белгісінің бірі. Тіл өте қажетті, өйткені тіл арқылы бір – бірімізбен әңгімелесе аламыз. Тілсіз мемлекет болмайды. Қазақта тілі жоқ халықты – “тұл” деп атайды.

Қазақ халқының ақын, жазушылары, шешендері өте көп. Олар қазақ тілінде еркін сөйлейді, өз ойын толық айта алады, өйткені қазақ тілі - өте бай тіл. Ана тілі ана сүтіндей өте қасиетті. Қазіргі жастардың бір қатары ана тілін білмейді, құрметтемейді. Ал кейбіреулері бірінші орынға шет тілдерін қойып қазақ тілі қазағымыздың байлығы екенін білмейді. Сол үшін біз қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміәз керек, басқа ұлттарға үлгі көрсетуіміз керек. Тілсіз білім жоқ, ал білім - өмірдің шырағы. Соған оравй қазақта “Білім кілті - тіл” деген мақал бар. Бұл әдебиетті, ғылым білімді мәдениетті өркендетеді деген ұғым.

Оған қоса мемлекеттік тіл – татулық пен бірліктің тірегі. Мемлекеттік тілді өркендетсек өзге ұлт адамдарымен осы тіл арқылы қарым – қатынаста боламыз. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы жарлығымен бекітілген “Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына” сәйкес мектеп кітапханасында айына бір рет әдеби шолулар, дөңгелек стол, әдеби кештер “Тіл буынсыз, ой түпсіз”, “Ана тілім ардағым”, “Тіл тамыры тереңде”, “Тілге құрмет – елге құрмет”.

0
0
775

Осы тақырып бойынша