Мазмұнға өту

Жаңа

Е.Тарасенко: ҚР Президентінің Жолдауы мемлекеттің жаңғыруына жаңа серпін береді

ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) мен Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы бірлесіп, Қызылорда қаласында «Саясаттағы және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріндегі кешенді гендерлік тәсілдің принциптері» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренингтің мақсаты – әлеуметтік саясатты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмыстарын жетілдіруде гендерлік аспектілерді қолданудың кешенді тәсілдерін үйрету. Семинар тыңдаушылары әртүрлі деңгейдегі әкімдер және әкімнің орынбасарлары, мәслихат депутаттары болды.

Семинарға Ұлттық комиссия төрайымының орынбасарлары – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.И.Тарасенко, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Ж.Сүлеймен қатысты.

Елена Тарасенконың айтуынша, Ел Президентінің халыққа арналған кезекті Жолдауы – әлемдік дағдарыс жағдайында Қазақстанның іс-қимыл жоспары іспеттес. Бұл қоғамның, экономиканың дамуына мемлекеттің жаңғыруына жаңа серпін береді. Осы барлық шара елдің әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

Сол себепті, әйелдер қауымы «Нұрлы жол» бағдарламаларын, шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламаларын, мемлекеттің индустриалды бағдарламаларын нақты қадамдар жасап, дамытуға өз үлестерін қосуға бар күштерін салуы тиіс.

Е.И.Тарасенко саясаттағы және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріндегі кешенді гендерлік тәсілдің принциптерді сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Ұлттық комиссияның жұмысы жаңа реформалар аясында құрылғанын, алда әйелдерді еліміздің барлық қоғамдық-саяси және экономикалық салаларына барынша тарту бойынша маңызды міндет тұрғанын айтты. Себебі, әйелдер ел халқының жартысын құрайды, ал олардың мемлекеттік қызметтегі үлесі жартысынан асады.

Семинарда танымал халықаралық тәуелсіз сарапшылар және кеңесшілер тренер болды.

Семинар аясындағы сапар кезінде Ұлттық комиссия басшыларының облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевпен жұмыс барысындағы кездесуі болып, онда өңірдегі әйелдерді саяси ілгерілету мәселелері талқыланды.

Содан кейін Ұлттық комиссия басшылары «Отбасы – Мәңгілік Ел тірегі» атты облыстық әйелдер форумына қатысты. Қызылорда облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысында білім, денсаулық сақтау басқармалары мен ІІД басшыларының баяндамалары тыңдалып, өңірдегі балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу, ана мен бала денсаулығын сақтау, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Жалағаш ауданы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия атқарған жұмыстары туралы есеп берді.

Сонымен қатар, Ұлттық комиссия басшылары әйелдер бизнесінің әлеуметтік нысандарына, облыстық перинаталды орталыққа және «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылына барды.

«Отбасы – Мәңгілік Ел тірегі» форумында сөйлеген сөзінде Л.Ж. Сүлеймен «Мемлекет басшысының салиқалы саясаты арқасында бүгін еліміздегі түрлі ұлттар мен ұрпақтар арасында отбасылық дәстүрлер қоғамда биік адамгершілік құндылықтарды сақтауға, неке және отбасын нығайтуға ықпал етіп отыр. Отбасының ғана емес, бүкіл мемлекетіміздің осындай тұрақтылығы мен өркендеуі әлемдік дағдарыстың ауыртпалықтарын еңсеруге оразан зор септігін тигізеді»- деп атап айтты.

Ақпарат көзі

 

0
0
354

ТүркПА экономикалық ынтымақтастықты нығайтатын бірлескен инвестициялық қор ашуды ұсынды

ТүрПА төрағасы, Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Астанада Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының пленарлық отырысында экономикалық ынтымақтастықты нығайтатын бірлескен инвестициялық қор ашуды ұсынды.

«Біздің елдер ынтымақтастығының маңызды бір бөлігі сауда-экономикалық байланыс болып есептеледі. Бүгінде, қаржылық дағдарыс кезінде және әлемдік экономика тұрақсыздығында біздің елдің экономикаларына кері әсер етуді тоқтатып, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту қажет», - деді ол.

Бұдан бөлек, Мәжіліс Спикері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық қауымдастық мойындаған және қолдаған бірқатар жаһандық бастамалардың авторы екенін алға тарта отырып, бүгінгі таңда Түркі Кеңесіне мүше-мемлекеттер ынтымақтастығының парламенттік өлшемі ретінде белсенді түрде әрі зор табыспен дамып келе жатқан ТүркПА-ны құру идеясы да Қазақстан Президентінің бастамасы екенін ерекше атап өтті.

Одан әрі Мәжіліс Спикері ТүркПА-ның іс басындағы төрағасы ретінде алдағы атқарылатын жұмыстардың басым бағыттарына тоқталды. Ол негізгі үш бағыттан тұрады. Бірінші ТүркПА Комиссиялары қызметінің мазмұнын жаңарту және тиімділігін арттыру.

Ассамблея қызмет ете бастағаннан бері 4 тұрақты комиссия шеңберінде елеулі жұмыс атқарылып келеді. Ассамблеяның жұмыс құрылымы болып табылатын комиссиялардың әрқайсысындағы жұмысты жандандыру қажет деп санаймыз.

Біз комиссиялардың жұмысын мазмұндық жағынан жаңартуды және бірқатар бағыттар бойынша бірлескен іс-шараларды жоспарлауды ұсынамыз.

ТүркПА-ның басты міндеттерінің бірі – қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын үйлестіру және өзара жақындастыру болуға тиіс.

Бұл заң шығару жұмысын Комиссиялар шеңберінде жүргізген жөн. Комиссиялардың мұндай қызметі өзара  іс-қимылдың өзекті мәселелері, атап айтқанда, жоғарыда ұсынылған заңнама салалары бойынша ұлттық заңнамаларды жақындастыруға бағытталуға тиіс.

ТүркПА-ның бұдан арғы белсенді халықаралық қызметі.  Біздің Ассамблеяның әртүрлі халықаралық институттармен, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесіне кіретін институттармен халықаралық байланысын нығайту жөніндегі жұмысын жалғастыру маңызды деп санаймыз,-деді Қ. Жақыпов

Қ. Жақыповтың пікірінше  бұл бағыттар Ассамблеяның алдағы жылдардағы перспективалық күн тәртібін құрайтын болады.

Маңызды жиынға қазақстандық парламенті өкілдерімен қатар, Әзербайжаннан, Қырғызстаннан, және Түркияны парламенттік делегация мүшелері, Бакуде өткен ТүркПА отырысында байқаушы мәртебесіне ие болған Мажарстан делегациясы өкілдері қатысуда.

Ақпарат көзі

 

0
0
245

Алматы облысында мәдениет күндері қорытындыланды

Биыл Алматы облысының бастауымен қолға алынған аудандар мен қалалардың Мәдениет күндері 10 жыл қатарынан өткізіліп келеді, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Үстіміздегі жылы бұл шарада Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мен Жетісудың даңқты перзенттері Сүйінбай Аронұлының 200, Қанабек Байсейітовтың 110, Нұрғиса Тілендиевтің 90, Тұманбай Молдағалиевтің 80 жылдық мерейтойлары басты тақырыптар ретінде жан-жақты кеңінен қамтылды.

Биылғы жылдың Мәдениет күндері ерекше форматта өткізілді, яғни аудан-қалалар екі топқа топтастырылып, өнер додасына түскен болатын. Міне бүгін «Жастар» спорт сарайында сол мәдени шараның қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыс әкімінің арнайы марпаттарына ие болды.

Атап айтқанда, 3 орын және облыс әкімінің дипломы мен 300 мың теңге ақшалай сыйлығына ие болған Көксу және Қаратал аудандары, 2 орын және облыс әкімінің дипломы мен 500 мың теңге ақшалай сыйлығына ие болған Текелі қаласы мен Еңбекшіқазақ ауданы, 1 орын және облыс әкімінің дипломы мен 700 мың теңге ақшалай сыйлығына ие болған Қарасай және Жамбыл аудандары, екі топ бойынша Гран при жүлдесіне ие болған Кербұлақ және Талғар аудандары облыс әкімі Амандық Баталовтың қолынан су жаңа автокөліктің кілтін иеленді.

Сонымен қатар Мәдениет күндеріне белсене қатысқан аудандар да ескерусіз қалмады, ынталандыру жүлдесіне ие болған Ескелді, Алакөл, Сарқан, Ақсу, Ұйғыр, Райымбек және Іле аудандарына облыс әкімінің алғыс хаты мен 150 мың теңге, арнайы жүлдеге ие болған Панфилов, Балқаш, Қапшағай аудандары мен Талдықорған қаласына облыс әкімінің алғыс хаты мен ақшалай сыйлық табысталды.

«Жетісу – өнердің алтын бесігі, ұлы даналар мен бабалар елі. Бұл мекен – Ескелді, Балпық бидей данышпанын, Молықбайдай күйшіні, Сұраншы, Саурық, Райымбек, Қарасай, Наурызбай, Қабанбайдай батырын, сөздің пірі - Сүйінбайды, жыр алыбы Жамбылды, Әбілхандай ұлы суретшісін, Сара, Ілияс, Мұқағали, Жұматайдай жүйрік ақынын, Нұрғисадай дара ұлын, Дәнештей дүлдүл әншісін, Бердібектей наркескен жазушысын дүниеге әкелген қасиетті жер. Осындай талантты ұлылардың өнерін жалғастырып келе жатқан өнерпаздарды – қалай құрметтесек те жарасады», - деді Облыс әкімі А.Баталов өзінің құттықтау сөзінде.

Күні кеше ғана Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы өз жолдауында: «Мемлекет қандай жағдайда да әлеуметтік міндеттемелерін шашау шығармай орындап келеді. Тарихымызды түгендеп, мәдениетімізді өркендетуге қол жеткіздік», - деген болатын. Сіздер арқылы халқымыздың мәдениеті мен өнері көпке танылады. Сондықтан да Сіздердің атқарып жатқан игі істеріңізге сәттілік тілеймін. Өнердің өресі биік, айдыны кең болып, еліміздің рухани байлығы сарқылмасын демекпін!

Ақпарат көзі

 

0
0
465

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері жаңа кораблінің алғашқы экипажы оны пайдалану бойынша оқуды аяқтады

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштеріндегі қарудың қатарын толықтырған жаңа «Алатау» миналы-тральдық кораблінің жеке құрамы 3 ай бойы Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында Әскери-теңіз академия базасының шетелдік мамандарды даярлау орталығында дәріс алды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

2015 жылғы 1 қыркүйек пен 30 қараша аралығында 15 қазақстандық әскери теңізші өздеріне тиесілі кеменің қару-жарағы мен техникалық құралдарының теориялық құрамын, сонымен қатар өртке және суға батуға қарсы әрекеттерді іс жүзінде сынауды зерделеді.

Бұдан өзге, кеменің жеке құрамы құтқаруға арналған үрлемелі сал арқылы экипажды құтқаруды және алғашқы медициналық көмек көрсетуді пысықтады.

«Дәріс 2 қыркүйекте басталды. Мамандықтар бойынша оқыту үшін экипажды топтарға бөлді. Сабақта біз өз бағытымыз бойынша техникалық құралды пайдалануды үйрендік. Жалпы сабақ барысында экипаж кеменің техникалық деректерін, миналы-тральдық корабльдің құрылысы мен жабдықтарымен танысты. Жаттығу кешені бойынша өткізілген тәжірибеде суық суда құтқару құралдарын пайдалану және жеке құрамның іс-қимылы бойынша жаттығулар өтті», - деді штурмандық ұрыс бөлімнің командирі лейтенант Рамиль Бекташев.

Жаңа миналы-тральдық корабль Санкт-Петербург қаласының Нева кеме жасау зауытының мамандарымен құрастырылды. Экипаж өз кемесін бүге-шігесіне дейін білу үшін оның құрылысын өз көздерімен көрді. Кемедегі штаттан тыс түрлі оқиғаларды жоюға дайын болу үшін  қазақстандық әскери теңізшілер техникалық оқу-жаттығу станциясында кемеде пайда болған өрт кезіндегі әрекеттер, кеме корпусының түрлі зақымдануы кезіндегі жинақылық пен іс-қимыл жылдамдығын пысықтады.

«Миналы-тральдық корабль – ҚР ҚК ӘТК қаруының қатарын толықтырған бірінші діңгекті тралшы.  Ол жаңа қару-жарақпен және техникалық құралмен жабдықталған, оның пластик әйнектен жасалуы және магнитінің аздығы миналарды табу және жою бойынша  жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде басымдығын көрсетеді. Кемеде әскери қызметті өтеу, әсіресе – біздің алғашқы экипаж құрамы болуымыз, сонымен қатар жаңа қару-жарақ мен техниканы алғаш рет пайдалануымыз үлкен мақтаныш», - деп штурмандық ұрыс бөлімнің  командирі лейтенант Рамиль Бекташев ерекше атап өтті.

Қазақстан армиясының қаруы ретінде Нева кеме жасаушы зауытында жасалған «Алатау» жаңа миналы-тральдық кемесі  - өндірістегі жалғыз және жаңа заманға сай жасалған кеме екенін айта кеткен жөн. Аталған корабльдің бұрынғы корабльдерден айтарлықтай ерекшелігі минамен заманауи күрес құралдарын қолдануында болып саналады.

Ақпарат көзі

 

0
0
424

Астанада Дипломатиялық бизнес клубтың Үйлестірушілік кеңесінің алғашқы отырысы өтті

Астанада Қазақстандағы шет мемлекеттердің елшілері мен отандық ірі кәсіпкерлердің қатысуымен Дипломатиялық бизнес клубтың Үйлестірушілік кеңесінің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.

Жиында Клубтың ережесі, негізгі мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ, 2016 жылға арналған дипломаттар мен бизнесмендердің біріккен іс-шаралар жоспары нақтыланды.

Естеріңізге сала кетейік, Дипломатиялық бизнес клубты құру бастамасын еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов көтерген болатын. Ағымдағы жылдың 2 шілдесінде Қазақстанның Дипломатиялық күніне орай ұйымдастырылған шарада бұл бастама айтылған. Яғни, дипломатиялық корпус пен қазақстандық кәсіпкерлер арасындағы өзара іс-қимыл мен қарым-қатынастарды нығайтатын бейресми құрылым кейіннен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев бастаған бизнес-қауымдастық тарапынан қолдау тапқан еді.

Клубтың Үйлестірушілік кеңесінің отырысында дипломаттар мен бизнесмендер Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтқан жаңа инвестициялық саясат негіздерін, мемлекеттің инвестициялық ахуалды жетілдіруге және жақсартуға бағытталған реформаларды жүзеге асыру ниетін, шетелдік инвесторларды тарту үшін қосымша ынталандыру жұмыстарын жүргізуді позитивтік түрде қабылдағандарын атап өтті.

Сонымен қатар, Дипломатиялық бизнес клубтың Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, «Young Presidents’ Organization» (YPO) және де басқа да бизнес ұйымдарымен өзара қарым-қатынас мәселелері талқыланды. Кеңеске қатысушылар Қазақстан нарығына инвесторлардың кіруіне қолдау көрсетуге, қазақстандық кәсіпкерлерге шетелдік әріптестерді табуға қолұшын созуға, отандық компаниялардың тауарлары мен қызметтерінің шетелдік нарыққа жол тартуына көмек көрсету қажеттілігіне назар аударды. Сондай-ақ, дипломаттар мен бизнесмендер 2016 жылдың алдын-ала жұмыс жоспарын талқылап, ресми кездесулер, форумдар, дөңгелек үстелдер мен бейресми шаралар, гольфтан, теннис пен басқа да спорт түрлерінен жарыстар өткізуге уағдаласты. Дипломатиялық бизнес клуб Өңірлік кәсіпкерлер кеңестері мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, шетелдік елшілердің Қазақстан аймақтарымен жете танысуын ұйымдастыруға қолдау көрсететін болады.

Ендігі жерде дипломаттар мен кәсіпкерлер дипломатиялық бизнес клубтың маңыздылығын ескере отырып, келешекте де клубтың жұмысы мүмкіндігінше барлық тараптарға тиімді болуына барлық күш-жігерлерін жұмсамақ ниетте.

Ақпарат көзі

 

0
0
365

1 Желтоқсан — Тұңғыш Президент күні

Құрметті әріптестер! Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз! Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы. Мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу, әрбір қазақстандыққа – мол табыс, бақ-дәулет тілейміз!

Уважаемые коллеги! Поздравляем с Днем Первого Президента Республики Казахстан! Основатель нового независимого государства Нурсултан Назарбаев – автор глобальных инициатив, получивших признание всех казахстанцев и уважение международного сообщества. Желаем мира и дальнейшего процветания нашему государству и счастья и благополучия каждому казахстанцу!

0
0
2494

Прокурорлар көмектесуге үнемі дайын

6 желтоқсанда Қазақстанның прокуратура органдарының қызметкерлері

кәсіби мерекелерін атап өтеді.

Жанар Ілияс,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасыныңдепартамент бастығы, аға әділет кеңесшісі

Өтініштерді қарау және азаматтарды жеке қабылдау мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың азаматтардың өтініштері туралы заңнаманың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыруға және заң бұзушылықтар анықталған жағдайда кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартуға бастамашылық етуге өкілеттілік берілген прокуратура органдарының құқық қорғау қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Заңдардың дәлме-дәл және бірізді қолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокуратура органдары өзінің құқық қорғау функцияларын жан-жақты іске асырып, Қазақстан Республикасының Конституциясымен қорғалатын азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін басты назарға алады.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/makalalar/prokurorlar-komektesuge-unemi-dayyn

 
0
0
404

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстары әкімдіктерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

2015 жылдың 2 желтоқсанында Ақтөбеде «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен батыс аймағының төрт облысының арасында Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою рәсімі өтті. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның мердігер компаниялары жергілікті тауар өндірушілермен жалпы құны 10 млрд. теңге шамасындағы 8 тауар жеткізу туралы келісімшартқа және 3 ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл жұмыстар 2016 жылы жүзеге асырылады. Батыс аймағының кәсіпорындары еліміздің бас құрылысына сапалы материалдармен өз өнімдерін жеткізбек. Бұл қазақстандық кәсіпкерлер үшін шынайы қаржылық буферқызметін атқарады.

«Мемлекет басшысы отандық өндірушілердің өнімдерін барынша пайдалануды тапсырды. Бұл тапсырманы жүзеге асыру үшін біз ЭКСПО нысандары құрылысында қазақстандық құрамды көтеру үшін меморандумдарға қол қоямыз. Осындай жұмыстардың нәтижесінде кәсіпорындар тапсырыстармен қамтамасыз етіледі, жұмыс орындары сақталады, отандық өндіріс дамиды» деді Ахметжан Есімов бизнес өкілдері алдында сөйлеген сөзінде.

Ұлттық компания басқармасының төрағасы ЭКСПО-ны өткізуден тиімділік мысалы ретінде Миланда өткен көрмені атап өтті, онда оған дайындық және өткізу кезеңінде 295 мың жұмыс орны құрылды, ал тауарлар мен қызметтер экспорты 10 млрд евроға ұлғайды.

Бердібек Сапарбаев баяндамасында облыста «ЭКСПО-2017» үшін дайындық жұмыстарының белсенді түрде жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Мысалы, Ақтөбе облысы энергетика министрлігіне ұлттық павильонға қою үшін 12 инновациялық жоба ұсынады.

ЭКСПО-ның бас мердігерлері Ынтымақтастық жөніндегі меморандумдар мен нақты келісімшарттарға қол қоя отырып, әлеуетті өнім жеткізуші фирмалармен болашақта жүргізетін іскерлік әріптестіктерін бекітті.

Еліміздің батысында көптеген мәдени және экологиялық туризмнің нысандары орналасқан. Шетелдік меймандарға ұсынылатын турпакеттерге Шопан ата кесенесін, Бекет атаның жерасты мешітін және т.б. тарихи орындарды зиярат етуді қосуға болады. Ақтөбелік туристік фирмалар түрлі бағыттар бойынша 60-тан аса туристік маршрут дайындады.

Іске қосылған «Recommended by EXPO» бағдарламасы бойынша,«Dastan Hotels», «Holiday Inn Актау», «Шагала», «Renaissance hotel Актау» қонақ үйлері эксклюзивті сапа белгілеріне лайық деп танылды.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысынан 100 адам ЭКСПО-2017-нің еріктілер қозғалысына тартылмақшы. Қазірдің өзінде көрмелер үшін қажет 30 ерікті келесі жылы тағы 70 адамның дайындалуы жоспарланып отыр. Көрме кезінде жұмыс жасайтын 3000 адамның тең жартысы Астанадан болса, қалған жартысы Қазақстанның басқа аймақтарынан келеді. Айта кетерлігі, Халықаралық көрмеге Ақтөбе облысынан 100 мыңнан астам тұрғын қатысады деп жоспарланып отыр.

Анықтама:ЭКСПО-ның бас мердігер ұйымдары аймақтардың бірқатар кәсіпорындарымен келісімшарт және меморандумдарға қол қойды.

«САЭС СРЕДАЭНЕРГОСТРОЙ» ЖШС «Фирма Бекарыс» ЖШС-мен(Ақтөбе облысы) келісімшарт жасады.

«Mabcoconstructionss.a.» компаниясы «Уральская торгово-промышленная компания» ЖШС (меморандум) және «Шеврон Мунайгаз Инк.» (Атырау облысы) (келісімшар) компаниясымен.

«СемболИншаат» АҚ «Улан компаниясы» ЖШС (Ақтөбе облысы) (келісімшарт), «Стекло-Сервис» ЖШС (Батыс Қазақстан облысы) (меморандум) және «ПКФ Континент Ко Лтд» ЖШС-мен (Атырау облысы) (меморандум).

«СК «Базис» ЖШС «Атырауский завод полиэтиленовых труб Шеврон Мунайгаз Инк» ЖШС-мен (Атырау облысы) (меморандум).

«BIGroupCorporation» ЖШС «Южпромснаб» ЖШС, «Баумастер интернешнл» ЖШС және «ВнешстройПласт» ЖШС-мен (Ақтөбе облысы)(келісімшарттар).

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚішкі және елге әкелу туризмін дамыту мақсатында «ЭПОХА» ЖШС (Ақтөбе облысы), «Экспедиция+362» ҚБ (Маңғыстау облысы), «Планета.kz-Atyrau» ЖШС, «Ассоциация туризма Ақ Жайық ЗҚО» ҚБ туристік операторларымен меморандумдарға қол қойды.

Ақтөбе облысының құрылыс индустриясында 190-ға жуық кәсіпорын жұмыс жасайды. 10 айдың ішінде 32 млрд. теңгенің өнімдері өндірілді. Олар:пластмасса құбырлар, керамикалық кірпіштер, қасбет материалдары т.б.Аймақта құрылыс индустриясының өнімдерінен басқа «ЭКСПО-2017» көрмесі нысандарын өңдеу, абаттандыру және пайдалану кезінде қолдануға болатын өнімдер де шығарылады.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» компаниясы бүгінге дейін 10 аймақтың әкімдіктерімен жалпы сомасы 30 млрд. теңгеге жуық ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Меморандум аясында бүгінгі күні ЭКСПО нысандарының құрылыс жұмыстарына 221 отандық өнім өндіруші тартылды.

http://gbpp.org/kz/2015/12/12527

 
1
0
465

Қазақстан Парижде «Болашақ энергиясы – 2015» форумын өткізбек

2030 жылға дейін Қазақстан ауаға таралатын зиянды қалдықтардың көлемін 15%-ға азайтпақ.

Бұл туралы бүгін Назарбаев Университеті президентінің инновациялар жөнінде орынбасары Қанат Байғарин мәлімдеді. Сондай-ақ 9 желтоқсанда «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы мен Назарбаев университеті бірлесіп, Парижде «Болашақ энергиясы» халықаралық форумын ұйымдастырады. Шараның басты мақсаты – 2017 жылы Астанада өтетін көрмеге халықаралық компанияларды тарту, энергетика және даму саласындағы әлемдегі озық тәжірибелерді меңгеріп, оны күнделікті өмірде пайдалануға күш салу. Бұл жолғы форумда әлемдік климаттың өзгеруі де сөз болмақ.

Қанат Байғарин, Назарбаев Университеті президентінің инновация жөніндегі орынбасары:

- Ауаға тарайтын зиянды қалдықтарды азайту туралы бүгінде 160 ел өз еркімен келісіп отыр. Ол тізімде Қазақстан да бар. 2030 жылға дейін біз зиянды қалдықтарды 15%-ға азайтуды көздеп отырмыз. Егер тиісті инвестиция тартып, тиімді жұмыс атқарар болсақ, бұл көрсеткішті тіпті 25%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік бар.

http://gbpp.org/kz/2015/12/12524

 
1
0
393