Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік тіл – мерейім

Тіл – адамдық белгісінің бірі. Тіл өте қажетті, өйткені тіл арқылы бір – бірімізбен әңгімелесе аламыз. Тілсіз мемлекет болмайды. Қазақта тілі жоқ халықты – “тұл” деп атайды. Тәуелсіздіктің көк байрағы желбіреген тұста 1997 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының №151 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы шықты. Аталған Заң Қазақстан Республикасындағы тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін айқындап, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау туралы міндеттерін анықтайды, елімізде қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 4-бабына сәйкес, мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Сонымен қатар,  осы бапта мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға және оның халықаралық беделін нығайтуға міндетті деп көрсетілген.Қазіргі уақытта мемлекеттік тіл мәселеріне айрықша назар аударылып,оны қолдау мен аясын кеңейтуге мемлекеттік қызметшілер де өз үлестерін қосып келеді.

0
0
331

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік тіл – мерейім - Yvision.kz