Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Ақтау қағаз» зауыты тәулігіне 2 мың тонна қағазды өңдеуге қауқарлы

Маңғыстау облысында жарамсыз қағаздар да кәдеге асатын болды.

Жергілікті кәсіпкер Сұңғат Еділбаев мемлекеттің қолдауының арқасында ісін өрге домалатты. Жаңа зауыт тәулігіне 2 мың тонна қағазды өңдеуге қауқарлы. Оған қажетті шикізатты мұнай компаниялары мен мемлекеттік мекемелер әкеп тапсыруда.

Жарамсыз қағазды қайта өңдеу ісі жеті кезеңнен тұрады. Қоймаға жиналған қажетсіз құжаттар сүзгіден өтіп, нығыздалады. Зауытта тәулігіне 2 тонна шикізат өңделіп, 8 мың орам дәретхана қағазы шығарылады. Өндіріс барысын 6 жұмысшы бастан-аяқ қадағалап жүр.

Алексей Демьянов, техникалық директор:

- Біздің кәсіпорын экологиялық таза, ешқандай қалдықсыз өнім өндіреді. Тіпті қолданған судың өзін арнайы құрылғы арқылы сүзгіден өткізіп, қайтадан қажетімізге жаратамыз. Өндіріс барысында үнемге барынша көңіл бөлеміз.

Бұған дейін өңірдегі мұнай компаниялары мен мемлекеттік мекемелер жарамсыз құжаттарды өртеп жіберетін. Енді қажетсіз қағаздар жаңа зауытқа тапсырылып жатыр. Осылайша, аймақтың экологиялық мәселесі оң шешімін тауып, нарықтағы бағадан арзан өнім шығаруға да мүмкіндік туды. Еліміздің батысындағы алғашқы қағаз өңдеу зауытының өзіндік ерекшелігі де бар.

Сұңғат Еділбаев, «Ақтау қағаз» зауытының басшысы:

- Техникалық сүлгі деп айтуға болады. Картоннан жасалған. Біздің өзіміз шығарған ноу-хау. Мұнай компанияларына өте жақсы деп есептеймін. Шүберек орнына қолдануға болады.

Кәсіпкер Сұңғат Еділбаев қалдықсыз өндірісті мемлекеттің қолдауымен іске асырған. «Даму өндіріс» бағдарламасы бойынша берілген 40 млн теңге несиеге ғимаратты газдандырып, қондырғылар сатып алады. Жақын күндері қажетсіз қағаз бен дайын өнімді сақтайтын қойма ашып, зауыт тәулік бойы жұмыс істеуге көшпек. «Сол арқылы өндіріс көлемін екі есеге арттырып, тағы 15 адамды жұмысқа аламыз», – дейді кәсіпкер.

http://gbpp.org/kz/2015/12/12607

 
0
0
1508

Осы тақырып бойынша