Мазмұнға өту

Жаңа

«Кедергісіз келешек»

Бүгінгі «Әйел бақыты» хабары мүмкіндігі шектеулі жандарға арналмақ.

Адам баласы қашанда қоғамның толыққанды мүшесі болуға тырысады. Он екі мүшесі сау адамзат, қоршаған ортаға пайдасын тигізіп, мемлекеттің өрекендеуіне өз үлесін қосады.

Ал, бүгінгі біз сөз еткелі отырған жандар ше? Мүмкіндігі шектеулі жандар қиындықты қалай еңсеріп жүр?

Оларға мемлекет тарапынан қандай көмек бар? Мұндай жандардың өмірге деген құштарлығының сыры неде?

Бүгін 15:00-де «Әйел бақытын» көріңіз.

   
0
0
405

Ақорданың ішін көргіңіз келе ме?

Бүгін 17:55-те «Бағаналы орда - басты орда» арнайы жобасын көріңіз!

Ағайынды сәулетші Байғұтты мен Арапбай Тортаевтардың Ақорда ғимаратының жобасын сызған сәулетшілер екенін біреу білсе, біреу білмейді.

Архитекторлар «Ақорда», «Министрліктер үйі», «Жоғарғы сот» ғимараттарының жобасын сызған. Ал, Байғұтты Тортаевтың қызы Индира Тортай 15 қаладағы «Назарбаев зияткерлік  мектептері» ғимараттарының авторы.

Бүтін бір сәулетшілер әулеті Астананың архитектуралық келбетіне қолтаңбасын қалдырған. Қызығы сол, өз қаламынан туған Ақордаға архитекторлар әлі бас сұғып көрмепті.

Ақордаға саяхат жасағыңыз келсе, бүгін 17:55-те Ұлттық арнаны қосыңыз.


0
0
1425

Жүкті әйелдер қалай тамақтану керек?

«Таңшолпанның» пайдалы кеңесін тыңдаңыз!

Жүкті әйел өзінің ғана емес, бала денсаулығы үшін де жауапты. Бұл ретте келіншектерге тамақтанудың маңызы зор. Ол үшін қандай ас ішіп, қалай тамақтану керек?
«Таңшолпан» ұсынған бірер маңызды кеңеске құлақ түріңіз:
  • Жемістердің пайдасы айтпаса да белгілі. Жеміс-жидектердің дені тоқ ішекті қатерлі ісіктен қорғап, дене салмағын реттейді. Әсіресе, алма тіс, өкпе дертінің алдын алады. Кез келген жемістің құрамы жасушаға бай болғандықтан, жүкті әйелдерге оң септігін тигізеді.
  • Дәрігерлердің айтуынша, болашақ аналарға тары, жүгері және сұлы жармасының пайдасы зор. Олардың құрамында темір, көмірсу, дәрумендер мен минералдар бар.
  • Жүктіліктің жиырмасыншы аптасында нәрестенің сүйектері дами бастайды. Сондықтан, сүт өнімдерін мәзірден түсірмеген дұрыс.
  • Ас тұзының мөлшерін жүктіліктің бірінші жартысында 10 грамға дейін және екінші жартысында 6-8 грамға дейін шектеу керек. Ол денені ісіктен қорғайды.
  • Жүкті келіншектер шұжық, түрлі консервантты өнімдерден бас тартуы қажет. Оның пайдасынан зияны көп.
  • Керісінше, ақуыз бен темірге бай тауық еті мен жылқы етін жиі тұтынған жөн, дейді мамандар.
  • Сондай-ақ, аяғы ауыр әйелдер көп мөлшерде су ішуі тиіс. Суды шектеудің қажеті жоқ. Тәулігіне 2 литр су пайдаланған артық емес.
   
0
0
621

Төлеутай Дәрібайұлы: Қазақтың әндері Италияның әндеріне өте жақын

Дәстүрлі әнші Төлеутай Дәрібайұлы бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

Жуырда әнші Миланда өткен EXPO-2015 көрмесіне барып, өнер көрсеткен. Сол турасында әңгіме өрбіткен әнші: «Біз Миланда Қазақтың дәстүрлі әндерін, халық әндерін, халық композиторларының әндерін алты ай бойы насихаттадық. Күніне 10-12 концерт қойылып жатты. Бізді 2-3 ауысымға бөлді. Бір әнші бір концертте төрт әннен айтқан кезде, бес концертте шығармашылық концерт беріп тастағандай әсер алдық»,-дейді.
«Қазақтың әндері Италияның әндеріне өте жақын. Әннің кеңдігі жағынан, әуезділігі жағынан өте ұқсас. Мысалы, біздің әндер жоғары нотада басталса, оларда жоғары нотада аяқталады. Концерт барысында бір орындаған әнімізді екінші қайтара сұраған кездер де болды».
Әншінің орындауындағы Байғабылдың «Домбыра» әнін «Таңшолпаннан» тыңдай  аласыздар.
 
0
0
451

Том Леффлер: 2016 жылы Г.Головкин мен Р.Гонсалес шаршы алаңға бірге шығады

Бұл туралы «К2 Promotions» басқарушы директоры Том Леффлер мәлім етті.

Кәсіпқой бокс бойынша орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымының чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) мен жеңіл салмақтағы WBC тұжырымы бойынша Әлем чемпионы никарагуалық Роман Гонсалес (44-0, 38 КО) келер жылы кем дегенде бір рет бір шоу аясында шаршы алаңға шығуы мүмкін.

«Геннадий Головкин мен Роман Гонсалесті біріктірсек, сәтті  комбинация болады, деп ойлаймын. 2016 жылғы алғашқы жекпе-жегімізде осыны жасауға тырысамыз», - дейді Том Леффлер.

Еске сала кетейік, бұрын Роман Гонсалес Геннадий Головкин – кіші Вилли Монро және Геннадий Головкин - Давид Лемье бокс шоуларында шаршы алаңға шыққан.


0
0
384

Жаңа маусымда Ұлттық арна көрермендерін ерекше жобалар күтеді

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы әлемдік медиаиндустрияның тренді болатын барлық талаптарға сай жұмыс атқаруда.

«Hilton garden Inn Astana» қонақүйінде ҚР Президенті Әкімшілігінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері мен БАҚ басшылары үшін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы телевизиялық өнімдерінің таныстырылымы өтті.

Шара «Қазақстанда жасалған!» тақырыбында ұйымдастырылды.

«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Мұхамеджанова сөзінде корпорация үшін мемлекеттік ақпаратттық саясатты орындаудың маңыздылығы мен Мемлекет басшысының 2015 жылдың атаулы күндерін өткізуге байланысты берілген тапсырмаларының маңыздылығына тоқталды. Олар - Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығыжәне т.б.

«Бүгін біз назарларыңызға 2015-2016 жылғы жаңа маусымдағы өнімдерімізді ұсынамыз. Бүгінгі кешіміздің тақырыбын арнайы «Қазақстанда жасалған!» деп атап отырмыз. Біздің үлкен шығармашылық-техникалық топ өткен жылғыдай жаңа маусымда да мемлекетті жан-жақты дамыту бойынша Елбасының берген тапсырмаларын аудиторияға түсіндіріп, жеткізуге күш салып келеді», деп атап өтті корпорация басшысы Нұржан Мұхамеджанова.

Қатысушылар  назарына ұзындығы 24 метр болатын Led-экран арқылы «Қазақстан», «Kazsport», «Балапан»телеарналарының, сондай-ақ, Қазақ радиосы, «Шалқар» ұлттық арнасы, «Classic», «Астана» радиоларының өнімдері қазіргі трендтегі жаңа үлгімен ұсынылды.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы әлемдік медиаиндустрияның тренді болатын барлық талаптарға сай жұмыс атқаруда. Осы бағыттағы  жобалардың барлығы позитивті және жасампаздық сипатта көрермендер мен тыңдармандар назарына ұсынылып келеді. Осы үдеден шығу үшін өндіріске жаңа идея мен тың технологиялар көптеп енгізілуде.

Таныстырылым барысында Нұржан Мұхамеджанова мемлекеттік ақпараттық саясат аясындағы қолдаулар арқылы құралып, жүйеленген кең көлемді жеке сериалдар тізбегіне ерекше назар аударды.

Жаңа маусымда Ұлттық арна көрермендерін Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлерінің кәсіби мәртебесін қалыптастыру мақсатында түсірілген «Арнайы өкілдер» сериалы мен қазақ халқының біртуар тұлғасы Жамбыл Жабаев туралы баяндалатын «Жамбыл» фильмі, елдегі азаматтардың тең құқығы мен жаңа мүмкіндіктерін насихаттайтын «Аяулы арман», Қазақстанның қазіргі таңдағы мерейлі отбасыларының өмірін суреттейтін«Алтын ұя» заманауи киноповесі, өмірден алынған шытырман оқиғадан құралған «Шырғалаң» көпсериалы көркем фильмі және басқа да жобалар күтеді.

«Қазақстан» телеарнасы эфиріндегі аудиторияның рейтинг көрсеткіші бойынша бүгінде отандық сериалдар алдыңғы орында.

«Барлық құрметті қонақтар мен біздің көрермендерімізге, тыңдармандарымызға шын жүректен алғыс білдіргім келеді. Сіздерге әр сәтте қуанышта болып, көтеріңкі көңіл күйде  жүріңіздер деген ыстық ықыласымды жеткіземін. Біздің ел үшін, елдің өркендеуі, болашағы үшін жасап жатқан ерен еңбегіміз жұртшылыққа шуақ сыйлап, жақсылыққа жетелей берсін. Барлығымыз құтты мекеніміз - Қазақстанның өркендеуіне үлес қосып жатырмыз»,- деді қорытынды сөзінде Басқарма төрағасы Нұржан Мұхамеджанова.

Ресми бөлімнен кейін  қонақтар өзара пікірлесіп, жанды дауыстағы ән мен күмбірлеген күй тыңдап, жас домбырашылардың өнерін тамашалады. Шараның ең қызықты сәті телеарна жұлдыздарының орындауындағы әндер болды.


0
0
406

«Таңшолпанның» күн сауалына жауап берген жеңімпаздары анықталды

Жеңімпаздарды марапаттау салтанатына ҚР Паламенті Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл арнайы келді.

«Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы бір ай бұрын байқау жариялаған болатын. Яғни,  жылдың айтулы оқиғалары арқау болған сұрақтарға белсенді жауап берген жеңімпаздар анықталды. Марапаттау салтанатына ҚР Паламенті Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл  арнайы  келді.

«Таңшолпанға» тұрақты түрде  хабарласып, күн сауалына жауап беріп жүрген Дархан Қожахметов марапатталды.

«Бүгінгі күн мен үшін аса қуанышты күн. Ұлттық арна қызметкерлеріне шығармашылық табыстар тілеймін. Сондай-ақ, барша қазақстандықтарды бүгінгі Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын»,-дейді жеңімпаз.

Ал, екінші жеңімпаз астаналық Гүлмира Сейілова тек «Таңшолпан» бағдарламасы ғана емес, сондай-ақ, Қазақ, «Шалқар» мен «Астана» радиоларындағы қазақ тарихына, мәдениетіне қатысты хабарлардың да тұрақты тыңдарманы екенін айтады.


0
0
634

«Таңшолпанда» — Мәдина Сәдуақасова

Сұхбат барысында әнші «Қазақстан дауысы» жобасы туралы айтып өтті.

Әр уақытта түрлі шараға қатысып, белсенділік танытып жүретін әнші: «Бастысы, адам өзіне мақсат қоя білуі керек. Сол мақсатқа жету үшін еңбектену қажет. Әрі әркім өз-өзіне талапшыл болғаны жақсы»,-дейді.

«Сұлулықтың ең басты құпиясы – махаббат екен. Махаббатқа ие болған адам ажарлы, көркем болып шыға келеді. Оны өзімнен де байқауға болатын шығар. Себебі, осыдан жиырма жыл бұрынғы Мәдинадан гөрі қазіргі Мәдина сұлу деп білемін»,-дейді әнші.

Ұлттық арнадан көрсетіліп жатқан «Қазақстан дауысы» жобасына тоқталған әнші: «Жобада тәлімгер болу оңай емес. Өйткені, мыңдаған өнерлі жанның арасынан небәрі 10-ақ үміткер таңдайсың. Талай уақыт бірге дайындалып, бауыр басып қаласың, ал ол үміткер жобадан шығып кетсе, көңілің босайды. Кейде дайындық кезінде ашылмай жүрген үміткерлер, сахнаға шыққан бетте, соңғы рет айтып жатқандай орындайды. Әні өне бойыңды шымырлатады. Бұл кезде де көңілің босайды»,-дейді.

«Осымен жобаның үшінші маусымы өткізіп келеміз. Бір қуантарлығы – талантты жастар өте көп».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.


0
0
256

Астанада мұз қалашығы бой көтерді

Қалашық бүгін Тұңғыш Президент күніне орай ашылмақ.

Мұздан жасалған  түрлі мүсін қала көркіне көрік қосып, бала біткенді қол бұлғап шақырып тұрғандай. Мұз қалашығы 20 күннің ішінде салынып бітті. Астанада соңғы бір аптадағы  күннің жылынуы құрылыс жұмыстарына кері әсерін тигізді, дейді шеберлер. Дегенмен, олар жаңа кешеннің жұмысын уақытында аяқтады.

Мұз мүсіндер орналасқан аумақтың көлемі 2 мың шаршы метрге жетеді. Айта кету керек, бас қалада мұндай алаңның тағы үшеуі салынады. Олар – Есіл өзенінің жағалауында, Тәуелсіздік монументі мен қалалық әкімдік ғимаратының жанында орналасады.

Мұз мүсіндерді жасауға 200 шебер тартылған. Қытайдан арнайы 70 маман шақыртылған. Қалашық бүгін Тұңғыш Президент күніне орай ашылмақ.

Толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.


0
0
1062

Қазақстанда қан құю қауіпті емес

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында донорлық қан құю нәтижесінде   қазақстандықтар АИТВ-ні жұқтыруы мүмкін деген жорамалмен жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды. 2007 жылдан бері республикада қан құю салдарынан АИТВ инфекциясын жұқтырудың бірде-бір жағдайы тіркелмеген.

Қан қызметіндегі инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі бірқатар кешенді қорғау шараларын ұсынады.

Бірінші кезеңде азаматтар донорлар мен донорлыққа жіберілмейтін тұлғалар ақпараттық дерекқоры арқылы тексеріледі. Сонымен, 2014 жылы тексерістен соң 7,9 мың адамға, немесе донацияға жіберілмеген адамдардың жалпы санының (56,5 мың адам) 14%-ына донорлық рұқсат етілмеді.

Екінші кезеңде потенциалды донорлар «қауіпті мінез-құлық» - нашақорлық тәуелділік, қорғалмаған, ретсіз жыныстық қатынастар, дәстүрлі емес жыныстық бағдарды ұстану және тағы басқа факторларды анықтау мақсатында міндетті түрде құпия сауалнамадан өтеді.

Бұдан соң потенциалды донор терапевт дәрігерге қаралуға жіберіледі. Оның барысында дәрігер сауалнаманы қарап, қосымша сұрақтар қояды. Сонымен қатар, әңгімелесу кезінде  дәрігер донорлық, оның мүмкін болар қарсы көрсетілімдері мен тиімділігі туралы ақпарат беріп, неліктен өзінің жеке мақсатында (тексерілу, денсаулығын жақсарту және т.б.) донор бола алмауының себептерін түсіндіріп, тексеруге дейінгі талдаудың нәтижесі бойынша кеңес береді (қан тобы, гемоглобин, биохимиялық көрсеткіштер).

Әдетте тексеруден кейін жоғарғы дене қызуы, респираторлық көріністер, артериялық қысымның деңгейі мен жүрек жиырылуының жиілігі, шырышты және терідегі бөртпелер, гемоглобиннің төмендігінен болатын бозғылдық, салмақтың төмендеуі, денеге салынған «жаңа» әшекейлер, қауіпті соматикалық аурулары болған жағдайда терапевт донорлыққа қарсылығын білдіреді.

Потенциалды донорды қарауға 8-ден 12 минутқа дейін уақыт беріледі. Аталған кезеңде дәрігер өзінің қарсылығын, болмаса келісімін береді. 2014 жылы дәрігердің қабылдауынан соң 33,4 мың адамға немесе донорлыққа жіберілмеген адамдардың жалпы санының 59%-ына (56,5 мың адам) рұқсат берілмеді.

Донорды тексерудің маңызды кезеңі зертханалық диагностика болып табылады. Донорлардың қанын трансфузиялық инфекцияларға тексеру донация кезінде алынады, зерттеудің нәтижесі емханада қанның компоненттерін беруге дейін анықталады.

Донорлық қан мен оның компоненттерін дайындау үшін қауіпсіз болып табылатын тиімді аппараттық тәсілдер қолданылады – донорлық плазмаферез, донорлық цитаферез (қанның жасушаларын - эритроциттер, тромбоциттер, гранулоциттер, перифериялық бағаналық жасушаны дайындау).

Қазақстанда халықаралық стандарттарға сай трансфузиялық індет маркерін анықтау мақсатында донорлық қанның екі кезеңдік скринингі жасалады. Бірінші кезеңде иммунологиялық тексеру жүргізіледі (індетті қоздырғыш антидене мен антигенді анықтау). Донорлық қандардың барлық болымсыздық үлгілері екінші кезеңге – молекулалық-генетикалық тексеруге (ПБР-зерттеу, қоздырушы геномын анықтау ошақтары) жіберіледі. Ол донорлық қан арқылы инфекцияны жұқтыру мүмкіндігін толығымен жоққа шығарады.

Елімізде скринингтің тиімділігін арттыру мақсатында теңдессіз шешім қабылданды – донорлық қанды зерттеуді толығымен автоматтандырылған құрылғыда жүргізудің талаптары нормативті түрде бекітілді. Аталған құрылғы қанның үлгілері мен реагенттерін өздігінен басқарып, тексерудің қорытындысына адами фактордың әсер етуіне жол бермейді. Сонымен қатар, медициналық ұйым жұмысына шағым түскен жағдайда төрелік зерттеулерді жүргізу мақсатында әрбір донацияның қан үлгілерін 3 жылға сақтау талабы бекітілді.

Қан орталықтарындағы автоматтандырылған ақпараттық бағдарлама зертханалық тексерулер нәтижесі болмаған жағдайда емханаларға қанның компоненттерін  жібермейтіндей етіп жасалған (қанның компоненттеріндегі заттаңба мөрі жабылып қалады).

Сондай-ақ, қанның компоненттерін қосымша өңдеу тәсілдері қолданылады - карантиндеу,  вирустазарту, лейкофильтрлеу.

Айта кету керек, қан орталықтары донорлық қанның АИТВ инфекциясына бірінші оң нәтижелі скринингтік қорытындысын алған соң, қан үлгілерін облыстық және қалалық ЖИТС орталықтарына жібереді. Облыстық, қалалық ЖИТС орталықтарына нәтижесі айқындалған сұраныс бойынша қан орталықтары әрбір донор туралы эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу үшін (донор туралы ақпарат, мекен-жайы, отбасылық жағдайы, терапевтің қорытындысы, зертханалық тексерулер нәтижелері және т.б.) ақпарат жібереді.  Індет жұқтырған донорлардан алынатын барлық қан компоненттері жойылып, зарарсыздандырылады. Әрбір АИТВ инфекциясы  анықталған жағдайда ақпарат ресми түрде қан орталықтарына жіберіледі. Індетті жұқтырған адамдар туралы мәлімет донорлықтан өмір бойына шеттету үшін жасалған донорлар ақпараттық дерекқорына енгізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әрбір адам қан доноры болуға құқылы. Осыған байланысты Қазақстанда кез келген Қазақстан Республикасының азаматы, сондай-ақ, шетел азаматы донор бола алады. Бұл – халықаралық тәжірибе. Сондықтан да еліміздің кез келген өңірінде өзге қаланың тұрғынына донор болуға шектеу қойылмайды.

 
0
0
648