Мазмұнға өту

Жаңа

Мәжіліс Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімнің ратификациясын мақұлдады

Бүгін Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасын мақұлдады.

Аталған заң жобасы 2014 жылдың мамыр айында ҚР Үкіметі мен Бүкіләлемдік Банк Тобы арасындағы серіктестік туралы Негіздемелік келісімді жүзеге асыру мақсатында жасалған.

Көрсетілген келісімге сәйкес, халықаралық қаржылық ұйымдармен бірлесе отырып бірқатар жобаларды, оның ішінде Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің 100 млн. АҚШ доллары көлеміндегі қарызы есебінен жүзеге асырылуы жобаланып отырған Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру жөніндегі жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімі (Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру жөніндегі жоба) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 54 Жарлығымен мақұлданып, 2015 жылғы 20 шілдеде ҚР Қаржы министрінің қолы қойылды.

Жобаның мақсаты:

- толыққанды Ұлттық біліктілік жүйесін құру, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғарғы білім бағдарламалары мен  оқыту өзектілігін арттыру;

- нысаналы бенефициарлардың еңбек дағдылары мен жұмыспен қамту салаларындағы нәтижелерді жақсарту, жоғары білікті мамандарды еңбек нарығының біліктілік талаптарына сай даярлау.

Жобаны іске асырудың күтілетін нәтижесі экономикалық дамудың перспективалы міндеттеріне сай келетін, жоғары технологиялық өндіріс ерекшеліктерін ескеретін заманауи біліктілік жүйесін құру, сондай-ақ, нарық ұсынысы мен сұранысы арасындағы теңгерімсіздікті азайтуға мүмкіндік беретін ағымдағы сұранысқа сәйкес еңбек нарығындағы ұсыныстарды дамыту болып табылады.

Жобаны аяқтау 2020 жылдың 30 маусымына жоспарланып отыр.

Жобаны қабылдау жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді.

 
0
0
212

А.Сәтқалиев: Қазақстанда 5 жыл ішінде күл қалдықтарының көлемі үш есе төмендеді

Электр станцияларды қайта құру және жаңғырту нәтижесінде 2009 бен 2015 жылдар аралығында Қазақстанның ірі станцияларындағы күл қалдықтарының көлемі үш есе төмендеді, деп хабарлады «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев ОКҚ-да.

Оның айтуынша, 2009-2015 жылдар аралығында шекті тарифтер қызметінің аясында «Самұрық-Энерго» АҚ  компаниялар тобына кіретін еншілес компаниялары жаңа активтерді құру, техникалық жабдықтарды қайта қалпына келтіру, өндіріс деңгейі мен ағымдағы активтерді қолдау және табиғатты қорғау шараларына шамамен 480 млрд теңге бағыттады, оның ішінде 78,4 млрд теңге ағымдағы жылы жұмсалды.

«Сонымен, нәтиже туралы айтатын болсақ шамамен 1500 МВт қуаттылық іске қосылды. Жаңғырту нәтижесінде бекітілген және бар қуаттылық арасындағы алшақтық 36%-ға немесе 961 МВт қысқарды.  Ал, күл қалдықтары үш есе азайды – 108-ден 36 мың тоннаға дейін. Аталмыш бағыттағы жұмыстар жалғастырылуды», – деді «Самұрық-Энерго» АҚ басшысы.

Айта өтейік, «Самұрық-Энерго» АҚ көмірді байыту және газдандыру,  SmartGrid жүйесін интеграциялау сынды жобаларға қызығушылық танытады.

http://gbpp.org/kz/2015/12/12726

 
1
0
476

БҚО-да шаруалар ЕХРО-2017 нысандарын көгалдандырмақ

Батыс Қазақстан облысының шаруа қожалықтары ЕХРО-2017 нысандарын безендіру мен көгалдандыру ісіне атсалысуды көздеп отыр.

Мәселен, Улановтар отбасы декоративті өсімдік түрлерін өсірумен 20 жылдан бері айналысып келеді. Көрмеге қажет болады-ау деген өсімдік атаулыны алдынала зерттеп, сұранысқа сай сапалы өнім дайындауға қазірден бастап кіріскен.

Шаруашылыққа тиесілі жылыжайдан сәндік тал-шілік пен гүлдің 250 түрін кездестіруге болады. Бастапқыда тек гүл өсіріп сатумен айналысқан Улановтар кейін бұл кәсіпті отбасылық бизнеске айналдырды. Бүгінгі күні тек раушан гүлінің елуден астам түрі өсіріледі. Таяу арада контейнер үлгісіндегі тәлімбақтың құрылысы басталады. Осы арқылы көшеттерді жылдың кезкелген маусымында егуге мүмкіндік бар. «Ал басты мақсатымыз – ЕХРО-2017 көрмесіне үлесімізді қосу», - дейді кәсіпкер.

Елена Уланова, «Уланов» шаруа қожалығының басшысы:

- Біз ЕХРО көрмесінің қажеттіліктерін зерттедік. Мысалы, биіктігі 4-5 метрге дейін жететін өсімдік түрлері бізде өсіріледі. Сондықтан оны қазірден бастап дайындауға кірістік.

Суару жүйесін жетілдіру арнайы бағдарламаға сәйкес жүзеге асады. Бұл істе Нидерланды елінен шақырылған мамандардың кеңесі ескеруге тұрарлық.

Руд Маасвинкел, сарапшы:

- Біз автоматты суару жүйесінің бірнеше тәсілін қарастырдық. Соның ішінде суды үнемдейтін және декоративті өсімдіктерді өсіруде жақсы нәтижеге жеткізетін жоба көңілден шығып отыр. Голландияның климаты жылы, онда су көп. Сондықтан суару ісінде қиындық болмайды. Ал қазақстандық гүл өсірушілерге бұл бағытта қосымша қаржы шығындауға тура келеді.

Шаруашылыққа тиесілі жердің жалпы көлемі – 50 гектар. Жылыту жүйесімен қамтылған 15 жылыжай бар. Әрбір көшет ерекше күтіп-баптауды қажет етеді. Топырағын уақтылы ауыстырып, тыңайту шараларын жүргізбесе, нәтижеге жету мүмкін емес. Маусым кезінде мұнда 80 адам жұмысқа тартылады. «Маман жетіспейтін болғандықтан, көп нәрсені нақты іс жүзінде үйренеміз»,- дейді шаруалар.

Александр Кравец, өндіріс директоры:

- Агроном мамандығын меңгергендердің дені дәнді-дақылдар мен бақша өсімдіктерімен айналысады. Ал ағаш өсіру ісі бойынша маман тапшы. Сондықтан өз тәжірибемізге сүйенуге тура келеді. Әрине, мына секілді сарапшылардың ақыл-кеңесі біз үшін өте құнды. Бұл істе ғаламтордың да көмегі тие бермейді.

Жаңа жобалардың қатарында жеміс-жидек дақылдарын өсіру де бар. Қазір ауылшаруашылық тәжірибе стансасының мамандары алма ағашының 12 сұрпын аудандастыруға кірісті. Таяу жылдарда оралдықтар жергілікті климатқа бейімделген көшеттерді сатып ала алады.

http://gbpp.org/kz/2015/12/12728

 
1
0
386

Б.Садықов: Ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі Жалпыға ортақ декларациясы — ҚР-ның халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі

Ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі Жалпыға ортақ декларациясы – ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бастамасының маңыздылығын әлем қауымдастығы мойындап отырғанын білдіреді, деп хабарлады ҚР СІМ ерекше тапсырмалар бойныша елшісі Барлыбай Садықов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.

«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымына ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі Жалпыға ортақ декларация декларацияны қабылдауды ұсынған болатын. Осы ретте ағымдағы жылдың 7 желтоқсанында БҰҰ декларацияны қабылдау туралы резалюцияны бекітті», - деді Б. Садықов.

Ол атап өткендей, ҚР СІМ осы уақытқа дейін Елбасының бастамасын жүзеге асыру мақсатында жұмыстарын жалғастырды.

«Бұл құжат Н.Назарбаевтың бастамасының маңыздылығын әлем қауымдастығы мойындап отырғанын білдіреді. Ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі Жалпыға ортақ декларацияны қабылдау ҚР-ның халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі болып табылады», - деді  Б. Садықов.

Ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі Жалпыға ортақ декларацияның маңызды пунктісі ядролық қаруды қолдауға бағытталып жатқан қомақты қаржыны халықаралық қауіпсіздікке, кедейшілікпен күреске бағыттауды ұсыну болып табылады, деп хабарлады ҚР СІМ ерекше тапсырмалар бойныша елшісі Барлыбай Садықов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясының жалпы пікірсайысында  ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі Жалпыға ортақ декларация қабылдау туралы ұсыныс жасады.

«Ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі Жалпыға ортақ декларацияның маңызды пунктісі ядролық қаруды қолдауға бағытталып жатқан қомақты қаржыны халықаралық қауіпсіздікке, кедейшілікпен күреске бағыттауды ұсыну болып табылады», - сообщил Б.Садықов.

Бұдан басқа, ол атап өткендей, құжатта азаматтық қоғамның маңызды рөлі баса айтылған.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымына ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі Жалпыға ортақ декларация декларацияны қабылдауды ұсынған болатын. Осы ретте ағымдағы жылдың 7 желтоқсанында БҰҰ декларацияны қабылдау туралы резалюцияны бекітті.

Ақпарат көзі

 

0
0
593

Қарағандылық оқушы желден қуат алатын робот құрастырды

Қарағандылық оқушы табиғаттан қуат алудың сырын біледі.

Жаңа тәсілді ойлап тапқан Арман Қайратов робот құрастырыпты. Құлтемір жел генераторы шығаратын желден қуат алады. Оқушының есебі бойынша бұл жобаны толық жүзеге асыруға 2 млн теңге қажет. Айтуынша, роботты авто бөлшектерден құрастырып, кез келген жүк тасымалына қолдануға болады. Оқушы Арман құлтемірді құрастырып шығаруға 2 жыл уақыты кеткенін айтады. Қазір оның еңбегі ақталып отыр. Өйткені жасаған жұмысы балалар арасында өткен жобалар байқауында ең үздік деп танылды.

Арман Қайратов, №3 мектеп оқушысы:

- Менің жобамның мақсаты – робототехниканы модульдік құрастыру арқылы дәстүрлі емес қуат көзін алу. Осылайша менің жобамның мақсатына байланысты робототехниканың модульдерін құрастыра отырып, жел генераторын жасау, яғни менің жел генераторым ол қазіргі уақытта екі-ақ вольт береді. Менің жобамды жасауға түрткі болған – ол EXPO-2017 халықаралық көрмесі.

http://gbpp.org/kz/2015/12/12732

 
1
0
431

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ»: БЕНЗИНІНІҢ САПАСЫНА КЕПІЛДІК БЕРЕДІ«ҚазМұнайГаз» МҚС бензинінің сапалық бақылаудан өткен және қоршаған орта мен автокөліктердің техникалық жағдайына шамадан тыс кері әсер етпейді.

«ҚазМұнайГаз»  МҚС  бензинінің  сапалық  бақылаудан өткен  және  қоршаған орта мен автокөліктердің  техникалық  жағдайына  шамадан тыс кері  әсер етпейді. «Экология.  Отын сапасы. Заманауи автокөліктерді қолдану»  тақырыбына өткен дөңгелек үстел отырысында,  автодилерлер,  экологтар,  техникалық  реттеу секторларының өкілдері  мен метрологтар  толассыз бақылаулар мен қазақстандық отынның тазалығын қамтамасыз ететін заманауи технологиялар жөнінде жан-жақты ақпарат алды.

Қазақстан МӨЗдерінің өнімдері өндірістің барлық  сатыларында  бақылауға  алынады.   Бұл үрдіс  Отын хартиясы мен Кеден Одағының Техникалық тәртібі бекіткен автокөлік бензині мен дизельді отынға қойылған заманауи талаптарына  сай . Атырау, Павлодар, Шымкент МӨЗдерінің өкілдері тұтынушылар  мен  тұрақты клиенттерді  ресейлік, қытайлық  копаниялармен  қатаң  бәсекелестік жағдайында  бола тұра,  сапалы өнім шығаруға тырысатындарына  сендірді.

- Шетелдік  автокөлік отынын  жеткізушілермен  бәсекелес  күресте  жүріп, отандық  шығарушылар  біздің брендтеріміздің,   маркалы өнім ретінде,   абыройы  мен адал атын қорғау жағынан шеберлік көрсете алмауда.  Бензин сапасының мониторингі өндірістен  МҚС-қа дейінгі  жолы қалыпты тәртіппен  жөнге қойылған және Қазақстан бензині негізінде шетелдік аналогтарынан еш айырмашылығы жоқ, - деп атап көрсетті, «ҚМГ-өңдеу және маркетинг» АҚ-ның Бас Директоры Дөңгелек үстел отырысында сөйлеген сөзінде.

Кедендік Одақтың Техникалық стандарттарына  бірыңғай сай болу мақсатында  «ҚазМұнайГаз» АҚ  қазақстандық үш МӨЗ-інде өндірістік қуаттарын модернизациялауды жүргізуде.  Зауыттардың техникалық базаларын  жетілдірудің жоспарлы жұмысы, отандық отынның қауіпсіздігін техникалық және экологиялық жағынан  ең жоғары деңгейге жеткізеді. 2017 жылға таман ҚР МӨЗдерінде шығарылатын бензин К-4  және К-5  (бұл ЕВРО-4 және ЕВРО-5 аналогтары)  стандарттарына сай болады.

 
0
0
510

Автомобильное топливо и АЗС «ҚазМұнайГаз» стали Выбором Года в РК

В национальном проекте «Выбор года №1 в Казахстане» потребители вновь отдали свои голоса за бренд национального оператора нефти и газа.

В номинациях  «Сеть АЗС №1» и «Топливо №1» победителем стала компания «ҚазМұнайГаз Өнімдері», дочернее предприятие АО «КМГ-переработка и маркетинг», за которую на протяжении последних 5 лет стабильно голосуют  потребители.

 

При выборе лауреатов авторитетное жюри учитывает достижения участников в ретроспективе и в настоящем, констатирует их лидерство в своей области. Тем самым, звание лучшего становится рекомендацией для потребителя.

- Это большая честь, большая радость, что наши потребители, несмотря на нелегкое время,  доверяют нам. Для нас самое главное, чтобы наши клиенты были довольны. Поэтому с момента создания компании особое внимание уделялось качеству топлива и сервису в соответствии с потребностью клиентов. Будем продолжать работу по совершенствованию качества предоставляемых услуг, — поделился после получения награды Управляющий директор ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері» Алмат Джайлыбаев.

Уже более шести компания «ҚазМұнайГаз Өнімдері» успешно действует на рынке нефтепродуктов Казахстана, стабильно выполняя функцию по бесперебойной и надежной поставке  нефтепродуктов потребителям.

Сеть АЗС «ҚазМұнайГаз» присутствует на всей территории РК и включает в себя более 300 АЗС, оснащенных объектами сопутствующего бизнеса: минимартами, автомойками, СТО, кафе.

Контроль качества нефтепродуктов обеспечивается тремя испытательными лабораториями в городах Астана, Алматы, Атырау, аккредитованными в национальной системе аккредитации и включенными в Единый реестр лабораторий Таможенного союза.

ТОО «ҚазМұнайГаз Өнiмдерi» проводит полную модернизацию АЗС, расширяет автозаправочную сеть, расширяет сферу сопутствующих услуг, успешно внедряет систему безналичного расчета.

Отбор победителей в этом году начался, как обычно, с социологического опроса населения в  регионах Казахстана. Одновременно с соцопросами проводилось голосование экспертов, которые, основываясь на предоставленных участниками данных, собственном профессиональном опыте, результатах дегустаций, проб и экспертиз, выносили оценку каждому номинанту.  После чего результаты были подвергнуты  обязательному аудиту.

 
0
0
507

АМӨЗ жаңғырту бағдарламасының бірқатар нысандары пайдалануға берілді

Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) бірінші технологиялық кешенінің хош иісті көмірсутегі өндірісі (ХКӨ)    ҚР Энергетика министрлігі, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз–өңдеу және маркетинг» АҚ, Атырау облысы әкімдігі, мемлекеттік қадағалаушы органдар мен мердігерлік мекемелердің өкілдерінен құрылған   Мемлекеттік комиссияның ұйғарымымен пайдалануға берілді.

Жоба Индустриялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында мұнай өңдеу және мұнай химиясы саласында басталған  бағдарламалар бойынша жүзеге асырылды.

Жобаны «кілтке тапсыру» келісімі 2009 жылғы 29 қазанда   «ҚазМұнайГаз-өңдеу және маркетинг» АҚ еншілес кәсіпорны – «АМӨЗ» ЖШС мен «Sinopec Engineering (Group) Co. LTD» (ҚХР) компаниясы арасында жасалған болатын.  «ХКӨ құрылысы» жобасын қаржыландыру мақсатында Қазақстанның Даму банкісімен Бас несиелік келісімі жасалды. Технолоиялық үдерістің лицензиары болып француздың «Axens» компаниясы кірісті.  2015 жылғы алғашқы бензол мен параксилолдың тәжірибелік өндірістік партиясы алынды.

Мемлекеттік комиссия мақұлдаған нысандардың тізімінде каталитикалық риформинг қондырғысы катализатордың тоқтаусыз қызмет етуін қамтамасыз етеді. Оның жылдық өндірістік қуаты 1 миллион тонна шикізат алуға жетеді. Сонымен қатар бензол мен толуолды экстракциялау қондырғысы орнатылды.

 

Жаңадан тұрғызылған кешеннің нобайы екі вариант бойынша жағар май және мұнай химиясы бойынша жұмыс істейді. Жағармай варианты жоғары октанды бензин өндірісі максимальды жүзеге асырылады. Мұнай химия нұсқасы бензол мен параксилол өндірісіне бағытталған.

АМӨЗ инновациялық технологиясы автокөлік бензині сапасын Кеден Одағы Техникалық Регламенті талабына сәйкестендіріп, экологиялық сыныбын К3, К4-ке, бензол деңгейін бір пайызға  жеткізуді көздейді.

Алғашқы пайдалану кешені автокөлік бензині сапасын экологиялық жақсартып, бензол  құрамын азайтып, хош иісті көмірсутегін шығарады.

Бірінші пайдалану кешені іске қосылған кезде, бірқатар міндеттер атқарылады. Олардың ішінде екінші үдеріс қуаты артады; сутегі өндірісі өседі, Қазақстанды қазіргі заманғы сапалы мотор майларымен  қамтасыз ету мақсатындағы су қондырғыларын тазалау, технологиялық қуатын барынша тиімді пайдалануға жеткізеді.

Аталмыш кешенде 277 жұмыс орны қамтылады.

 
0
0
879