Мазмұнға өту

Жаңа

Мәжіліс тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға енген өзгерістерді мақұлдады

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасының негізгі мақсаты тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру болып отыр. Осыған орай 7 заңнамалық актіге, оның ішінде тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс, «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жарнама туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы», «Электр энергетикасы туралы», «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

«Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шарт тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мүше мемлекеттердің азаматтары үшін олардың мүдделерін қорғау бойынша тең жағдайлар жасауға бағытталған келісілген саясат жүргізуді көздейді. Жалпы, ұсынылып отырған түзетулер уәкілетті органның құзыретін нығайтып, әлеуметтік жауапты кәсіпкерлік ортаны қалыптастыруға ықпал ететін тұтынушылардың қосымша құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз етеді», - деп баяндады ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

Министрдің айтуынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін тауарларды сатуға, қайтаруға және ауыстыруға қойылатын талаптар жетілдірілмек.

«Атап айтқанда, тұтынушының тауардың кемшілігіне қатысты талап қою мерзімдерін белгілеу, тауардың кемшіліктерін жою мерзімдерін нақтылау, сапасыз тауарды ауыстыру тетіктері қарастырылған», - деді Е.Досаев.

Сондай-ақ жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету жағдайларын нақтылау, оның ішінде ғимараттарға және құрылыстарға қатысты орындаушының қасақана жасырған кемшіліктері анықталған жағдайда талап қою мерзімін 3-тен 5 жылға дейін ұзарту көзделген. Бұған қоса, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің рөлін күшейту үшін олардың өкілеттіктерін кеңейту жоспарланып отыр.

Ақпарат көзі

 

0
0
466

Алматылықтар айтқан ұсыныстар «Алматы 2020» Бағдарламасының соңғы нұсқасында толығынан ескерілді – әкімдік

Алматы әкімдігінде «Алматы 2020» даму Бағдарламасын талқылау жөнінде жұмысшы тобынының қорытынды жиыны өтті, деп хабарлады қала әкімдігі.

Бағдарлама жобасы көпшіліктің талқылауына ұсынылып, қала тұрғындарының толықтырулары, ұсыныстары мен тілектері ескерілді.

Мысалы, бір ай көлемі ішінде Бағдарлама жобасын талқылауға байланысты азаматтық қоғам, кәсіподақтар мен салалық ұйымдар өкілдерімен, екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдары, білім мен денсаулық сақтау салалары, БАҚ басшыларымен, блогерлермен, «Болашақ» бағдарламасы түлектерімен, мәдениет, спорттық қоғамдастықтар қайраткерлерімен, сарапшылармен, ірі өндіріс орындарының басшыларымен, кіші және орта бизнес өкілдерімен, ЖОО-ның ректорларымен, жастармен, этномәдени бірлестіктер жетекшілерімен, зейнеткерлермен,ПИК-мен және басқалармен кездесулер ұйымдастырылды.

«Сараптама көрсеткендей, жанашыр азаматтар қаладағы экологиялық ахуалды, қоғамдық көліктің жұмысын, көшені жарықтандыру жүйесін жақсарту, заңсыз көлік тұрақтарын, арықтар желілерін ретке келтіру, бұрын облыс құрамында болған аудандар мәселелерін шешу жолдарын іздестіру, жемқорлық пен құқықбұзушылық деңгейін төмендету, белсенді азаматтық позициясы бар тұрғындарды қатыстыра отырып, әкімдік жанынан қоғамдық комиссиялар құру жөнінде нақтылы ұсыныстарын білдірген. Бұл ұсыныс-пікірлердің барлығы жаңа Бағдарламаның тиісті тармақтарына енгізілді және олар жүзеге асырылатын болады. Концептуалды емес, нақтылы сипатқа ие ұсыныстардың барлығы Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі Жоспарды жасау барысында толық ескеріледі»,-деп атап өтті  жиын барысында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.

Қорытынды жиында «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Жанна Төлегенова, «McKinsey&Company» компаниясының өкілі Сергей Киселев, Әл- Фараби атындағы КазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, «AlmatyManagementUniversity» студенттер кеңесінің төрайымы Диана Күлекеева, мүгедектердің «Намыс» ҚҰ-ның төрағасы Қайрат Иманалиев және басқалары сөз алып, өз пікірлерін ортаға салды.

Атап өтерлік жайт, жақын арада «Алматының даму Бағдарламасы 2020» жобасы қала мәслихатының кезекті мәжілісінде бекітілетін болады.

Ақпарат көзі

 

0
0
194

Қазақстанда алғаш рет Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнін атап өтті

Бүгін Астанада Оқушылар сарайында Халыққаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді, деп хабарлады Астана қалалық мемлекеттік кірістер департаменті.

Астаналық әкімдік пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті мерекелік іс-шараның ұйымдастырушылары болып табылады.

Қала басшылығымен қатар, іс-шараға мәслихат депутаттары, жастар бірлестіктерінің өкілдері, жоғарғы оқу орындарының ректорлары, мемлекеттік органдар басшылары, оқушылар, студенттер және қала тұрғындары қатысты.

Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Лукин өз сөзінде, Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен тарихи қысқа мерзімде біздің еліміз орталық азия аумағында ғана емес, сонымен қатар посткеңестік кеңістікте экономикалық флагманға айналғандығын атап өтті.

Мерекелік іс-шараға қатысушыларды қолдауға сенат депутаты, конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитеттің төрағасы С.Ақылбай, «Нұр Отан» партиясының Астаналық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Ахметов келді.

Қазақ гуманитарлық-заң университетінің студенті Карина Омарова, өткізілген іс-шара ерекше әсер қалдырғанын және келешекті жоспарлау мен мамандық таңдауға ықпал еткенін айтты. Карина осы іске өз үлесін қосу үшін мемлекеттік қызметкер болуды армандайды екен.

«Адалдық, жемқорлық, сыпайылық дегеніміз не?» деген сұрақтарға жауаптарымен Астаналық балабақшалар тәрбиеленушілерінің арасында түсірілген роликтердің тұсаукесері қатысушыларға өте ұнады.

Іс-шара ұйымдастырушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы «Үздік ролик», «Үздік шығарма», «Үздік сурет» номинациялары бойынша грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапаттау әзірлеген. №8 «Думан» балабақшасы, Қазақ гуманитарлық-заң университеті оқу орындары арасында жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу үздіктері болып танылды).

Сонымен қатар, астаналық жоғарға оқу орындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта жүргізілген пікіртартыс турнирінің ақтық ойыншылары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қазақ гуманитарлық-заң университетінің студенті Анжелика Лемонджава өз сөзінде жастар мен қоғам өкілдерінің барлығын сыбайлас жемқорлықпен бірлесіп күресуге шақырды. Өзіңнен бастау, сананы өзгерту маңызды болып табылады, адамдар пара беруге ұялу қажет.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы Т.Каскин іс-шараны қорытындылай келе, мемлекеттік органдар және қоғам өкілдері ретінде депутаттар, жастар бірлестіктері, мектеп оқушылары, балабақша тәрбиеленушілері мен елорда тұрғындары болашаққа жауапкершілік мәселелерінде бір екенін атап өтті.

Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы Қазақстанға еңбек сіңірген өнер қайраткері Бибігүл Жанұзақтың, мәдениет қайраткері Естай Мұқашевтың, халықаралық конкурстар лауреаты Жалғас Сұлтановтың  және басқаларының қатысуымен концерттік бағдарламасын ұсынды.

Қорыта келгенде, осы іс-шара жағымды әсер қалдырды, бұған мұндай шараларды тұрақты түрде өткізу туралы қатысушылардың пікір, тілектері дәлел.

Ақпарат көзі

 

0
0
396

Г.Ким: ҚР Президентінің Жолдауы өзге елдерге жаһандық дағдарыстан шығудың үлгісі

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы ұсынысы мен үлгісі бойынша біздің еліміздің шекарасынан шығып кетеді. Себебі әлемнің барлық елі дағдарыстан шығу жолын қарастыруда. Біздің еліміз ҚР Президентінің Жолдауы түрінде жаһандық дағдарыстан шығудың өзіндік үлгісін ұсынды. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Георгий Ким «Strategy2050.kz»АА берген эксклюзивті сұхбатында хабарлады.

- Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 30 қарашада Қазақстан халқына Жолдауын жолдады. Аталмыш стратегиялық құжат тұрғысында пікіріңіз қандай?

- Президент Н.Назарбаев  табиғат байлығына иек арта беруге болмайтыны туралы айтқанына көп болды. Ол үлкен өзгерістер болатыны туралы ескерткен болатын. Мысалы, әлемдік экономиканың құбылмалыдлығы, әлімдік тәртіптің бұзылуы. Осы ретте, түрлі дағдарысқа қарсы шаралардың үлгісін жасақтады. Өзінің жолдауындаағымдағы жағдайды ашық көрсетті.

Жолдаудың негізгі бағыты экономика сапасын, адамзат капиталының сапасын анықтайды. Сонымен қатар, Елбасы салық салуды және бәсекеге қабілеттілікті арттыруды тәртіпке салу міндеттерін анықтады. Сондықтанда бүгінде экономика векторына байланысты нақты бағыттар белгіленіп берілген.

Адамзат капиаталына келетін болсақ – әлемде бірде бір мемлекет экономиканың  құбылмалылығы жағдайында әлеуметтік қолдау дәрежесін көтеремейді. Біз әлеуметтік саланың қызметкрелеріне жалақыны көтерумен анықталады.

- Ағымдағы жылғы жолдаудың бұған дейінгілерден өзгешілігі неде?

- Жаңашылдығында, менің ойымша  Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы ұсынысы мен үлгісі бойынша біздің еліміздің шекарасынан шығып кетеді. Себебі әлемнің барлық елі дағдарыстан шығу жолын қарастыруда. Біздің еліміз ҚР Президентінің Жолдауы түрінде жаһандық дағдарыстан шығудың өзіндік үлгісін ұсынды.

-2016 жылдың басынан бастап Ұлт жоспары аясында қабылданған жаңа заңдар жұмыс істейді. Бүгін экономика мен мемлекетті күшейтетін шаралар туралы айтып өттік. Біздің барлығымыз елдің болашағы үшін жауаптымыз. Болашақта ауыр жұмыс күтіп тұр», - деді Елбасы.

Аталмыш заңдар қарапайым халық өміріне қалай әсер етпек?

-Мемлекет басшысы депутаттық корпустың жұмысын атап өтті. Олар Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін 58 заңды қабылдады. Парламенттің заңнамалық жұмысы жаңа тәртіпте жүзеге асты.

Бұл жерде тек 2-3 заң туралы ғана айтудың қажет жоқ, себебі заңдар барлығымен өзара байланысқан. Бұл жұмысты депутаттар корпусы атқара алды.

- Сұхбатыңызға рахмет.

Ботагөз Айтжанова

Ақпарат көзі

 

0
0
308

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда мемлекет пен азаматтық қоғамның бірігуі.

9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні, яғни барлық Қазақстандық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте бірігуге шақырады.

2015 жылғы 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (бұдан әрі – Агенттік) бейне байланыс жүйесі арқылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда мемлекет пен азаматтық қоғамның бірігуі» тақырыбында диалогтық алаң өткізілді.

Аталмыш іс-шараның негізі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, азаматтарды Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу болып табылады.

Сондай-ақ, әлемдік аренада Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын күшейту, бәсекелестікті арттыру және өмірдің сапасын жақсарту.

Іс-шара басында Агенттік төрағасының орынбасары С. Ахметжанов бейне байланыс жүйесі арқылы өзінің құттықтау сөзін жеткізді.

Әрі қарай мемлекет пен қоғамның әртүрлі сала мамандары өз баяндамаларын жасады. Агенттіктің бастамашылығын қолдай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік ахуалын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру мақсатында өзара ынтымақтастық туралы ашық келісімге қосылуда мынадай тақырыптар қаралды: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында әйелдер, діни, этномәдени ұйымдарының ролі», «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда мәдениет пен БАҚ - қозғаушы күш», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекет, ҮЕҰ, кәсіподақ ұйымдары, кәсіпкерлік саласының серіктестігі», «Ғылым, білім және жастар саласының басты міндеті -  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу».

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта үздік журналистік жұмыстары үшін БАҚ өкілдеріне сыйлықтар табыс етілді.

Іс-шара соңында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан саясатқа және қолданысқа енгізіліп жатқан заңнамаларға сүйене отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында шыншылдық және сатылмаушылық қағидасын күшейте отырып, қоғамның барлық саласын шығармашылыққа, интеллектуалды және әмбебап болуға тәрбиелеуге жағдай жасау қажеттілігі айтылды.

0
0
500

Ақтөбеде сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша өңірлік комиссия отырысы өтті

Облыс әкімшілігінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша өңірлік комиссияның кеңейтілген мәжілісі болып өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Комиссия жұмысына облыс әкімінің орынбасарлары, мәслихаттың хатшысы, басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты.

Комиссия 2015-2019 жылдарға «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға ҚР ұлттық қорынан бөлінетін қаржыны тиімді жұмсауға партиялық бақылау қорытындыларын қарады. Бұл мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы бірінші орынбасары міндетін атқарушы Нұрхан Ақниязов айтып берді.

Бердібек Сапарбаев айтылғандарды түйіндей келе, мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану қажеттігін атап көрсетті. Бұл ретте ол қаржыны жөнсіз үнемдеудің қажеті жоқтығын, алайда басқа мақсаттарға жұмсауға болмайтындығын айтты.

Облыс әкімі сыбайлас жемқорлықпен күрес жұртшылықтың жаппай қатысуымен ғана тиімді болатындығына назар аударды. Депутаттық постылар мен партиялық бақылау постыларын ұйымдастырып, бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану қажет. Сыбайлас жемқорлықпен күресте профилактикалық жұмыстар жүргізу аса маңызды.

Өңір басшысы партия филиалына партия ұйымдары мен мәслихаттардың мәжілістерінде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша мәселелерді қарауда бастамашы болуды, сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресте мемлекеттік органдарда қабылданатын шаралар бойынша олардың басшыларын тыңдау кестесін жасап, бекіту ұсынылды.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша өкілетті органдардың қызметі нәтижелері туралы облыстық прокуратураның әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықтарды қадағалау бойынша басқарманың жетекшісі Маратбек Мырзамұратов айтып берді.

Ол мемлекеттік сатып алу және жер қатынастары саласында тәртіп бұзушылықтар жиі орын алатынын атап көрсетті. Негізінен сыбайлас жемқорлық бағытындағы тәртіп бұзушылықтар мемлекеттік сатып алу қорытындыларын шығаруда анықталады.

Бердібек Сапарбаев облыстық прокуратура мен ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментіне мемлекеттік органдардың жұмыстарын сараптап, олардың құқықбұзушылықтарға қарсы күрес жұмыстарын жақсарту жөнінде ұсыныстар дайындауды тапсырды.

Жиында сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиевтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жоспарының орындалуы туралы баяндамасы тыңдалды. Облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Сағат Еңсегенұлы мен қаржылық бақылау комитеті инспекциясының басшысы Алмас Дүйсенбаев мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызметі барысында заңнама талаптарын орындауы бойынша жүргізілген тексерулердің нәтижелері туралы баяндады.

Баяндамалардан кейін облыс әкімі көптеген сыбайлас жемқорлық сыйпатындағы заңбұзушылықтардың мемлекеттік бағдарлама администраторларының заңдық тұрғыдағы сауатсыздықтарына байланысты орын алатынана тоқтала келе, олардың білімдерін жетілдіру жұмыстарын жүргізу керектігін айтты.

Заңнамаларға өзгерістер енгізілуде, сондықтан басқарма басшылар мен бас бухгалтерлерін семинарлар мен білім жетілдіру курстарына жіберу керек. Әсіресе, мұндай шаралардың мемлекеттік сатып алулардың алдында жүзеге асырылғаны жөн. Өңір басшысы облыстық тексеру комиссиясының төрағасы мен қаржылық бақылау комитеті инспекциясының басшысына мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан бөлінген қаржының жұмсалуын жіті бақылауға алуды тапсырды.

Ақпарат көзі

 

0
0
401

Ә.Исекешев Қазақстандағы инвестициялық белсендігі үшін 10 шетелдік компанияны марапаттады

Астанада ҚР инвестициялар мен даму министрі Әсет Исекешовтың қатысуымен шетелдік инвесторларды Қазақстандағы инвестициялық белсендігі үшін марапаттау рәсімі өтті.

«Бүгін 10 инвестор марапатталады, олар ағымдағы жылы өздерінің инвестициялық белсенділігін көрсете білді. Елбасы Жолдауда инвестициялық саясатты белсендірек жүргізуді тапсырды. Қазақстан инвестицияларға мүдделі және біз инвестициялық жұмыстарды жүргізуді жалғыстырамыз. Біз бірінші сараптаманы жүргіздік. 12 ұсынысты жүзеге асырдық, енді 2 сараптама бойынша жұмыс істеудеміз. Жақын арада ЭЫДҰ-ның инвестициялар бойынша комитетінің мүшесі боламыз деген үміттеміз», - деп мәлімдеді Әсет Исекешев.

ҚР ИДМ басшысы атап өткендей, Қазақстанда Инвесторлар кеңесі аясында Елбасының басшылығымен жұмыстар жүргізілуде.

«Ай сайын біз Елбасының басшылығымен кеңесте кездесеміз, инвестициялық климат, инвестициялық омбудсмен мәселелері бойынша жұмыс істейміз. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық инвесторлар үшін бір терезе әдісі қолжетімді болады. Барлық мемлекеттік органдар мен олардың 363 рұқсат беру қызметін инвесторлар бір терезеден алатын болады», - деп атап өтті министр.

Сонымен, қайта инвестициялау бойынша өздерінің инвестициялық белсенділігін көрсеткен  түркиялық компаниялар - BTM Group,  «Coca-Cola Icecek A.S.», жапониялық компания - Toyota Trusho Corporation, оңтүстік кореялық  компания Lotte Group,  франциялық Danone компаниясы марапатталды.

Ал, жалпы инвестициялық белсенділігі үшін түркиялық компаниялар Daedong Industrial Co., LTD,  Abdi Ibrahim, америкалық компания Halliburton International Gmbh, фин компаниясы  Tikkurila және австралиялық-британиялық концерн Rio Tinto Mining and Exploration Ltd  марапатталды.

Сонымен қатар, министр атап өткендей, Қазақстан одан ары инвесторлармен жұмыс істеуді жалғастырады. Қазақстан инвесторлар үшін үздік аймаққа айналды және жаңа нарықтарға кіруде.

«Бізде 10 инвестор, олардың 5 жаңасы, 5 жұмыс істеп жатқан инвесторлар. Біз үшін жұмыс істеп жатқан инвесторлар өзін қолайлы сезінгені өте маңызды және осы бағытта жұмысты жалғастырамыз», - деп түйді Ә. Исекешев.

Айта өтейік, 2005 жылдан бастап 2015 жыл аралығында Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялар 215 млрд долл құрады.

Индира Кауметова

Ақпарат көзі

 

0
0
292

Астанада Елбасы Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу мәселелері бойынша кеңес өтті

Бүгін Астана қаласында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын ақпараттық және сараптамалық сүйемелдеуді ұйымдастыру мәселелері бойынша республикалық кеңес өтті.

Кеңеске ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Д.Н.Назарбаева, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.А.Майлыбаев,ҚР Үкіметінің мүшелері, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, Парламент Палаталары аппараттарының жетекшілері, министрліктердің жауапты хатшылары, қоғамдық бірлестіктердің, ЖОО-ның, республикалық БАҚ-тардың басшылары, мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары, Астана, Алматы қалалары мен облыс әкімдері орынбасарлары және Ішкі саясат басқармалары басшылары қатысты.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Д.Назарбаева әлемдік экономикалық дағдарыс кезінде Қазақстанның одан әрі дамуы үшін Президент Жолдауының әлеуметтік бағыттылығы мен айрықша маңыздылығына баса мән берді.

Дариға Нұрсұлтанқызы - «Дағдарысқа қарамастан Жолдау әлеуметтік салаға бағытталған. Президент тұрғындар алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде қамтамасыз ету туралы Үкіметке нақты міндеттер жүктеп отырғанын» атап өтті.

ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б. Майлыбаев  «Жолдау адамдардың күнделікті өміріндегі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Бұл алдын алу шараларының жүйелі жоспары және ол жаһандық дағдарыс кезінде тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз ететіндігіне» тоқталды.

«Президент Жолдауы – жұмысқа тартудың бағдарламасы. Басты саяси міндет оның төңірегінде барлық халықты біріктіру» екендігін Б.Майлыбаев атап өтті.

Сондай-ақ, ол Жолдауда айтылған Мемлекет басшысы тапсырмаларының жүзеге асырылуын кешенді ақпараттық сүйемелдеу бағыттары мен бағдарларына тоқталды.

Кеңес барысында Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары А.Мырзахметов,  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова, Қаржы министрі Б.Сұлтанов, Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешев, ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Е.Бабақұмаров сөз сөйледі.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Ақпарат көзі

 

0
0
552

А.Подушкин: Ежелгі Қаңлы мемлекеті – Қазақ хандығының негізін қалаушы

Қаңлы, үйсін және сақтар қазақ этногенезі дамуының ерте кезеңіне жатады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, қазақстандық сәулетші Александр Подушкин Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.

- Сіздің пікіріңізше, Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау қандай мағынаға ие?

- Меніңше, қазақстандықтар біздің мемлекеттің құрылуы мен тәуелсіздігіне дейінгі күрделі жолын түсіне білуі керек. Бұл өте ауыр, ұзақ трагедиялы жол болды. Қазақстан барлық ауырлықты артта тастап, өзінің тұрақты даму жолына тұрып, әлемдік қауымдастығындағы орнын алды. Қазіргі заманғы өркениет біздің ата-бабаларымыз жасаған істің бос емес екендігін дәлелдеді. Маған Қазақстан азаматы ретінде өте маңызды шара. Өзге аспектілер болса, әрбір қазақстандық Қазақ хандығының тарихын, мәдениетін тілін білуі өте маңызды. Біз үшін бұл Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау –маңызды шар. Ол үлкен мәнге ие, себебі өскелең ұрпақ өз халқының тарихын білуі керек.

- Сәулетші ретінде Қазақ хандығының мерейтойын мерекелеуді қалай бағалайсыз?

- Мен көптеген ғылыми конференцияларға қатыстым, шетелден Қазақ хандығының тарихын зерделеуге адам тартатын бірқатар еңбек жарияладық.  Сондай-ақ, бізде сәулет қазбалары бойынша нәтиже жаман емес. Оның бірі «Қаңлы мемлекетінің сәулеттік қағаз ескерткіштері». Оны ҚР Орталық музейі басқарады. Біз бесінші жыл қатарынан серіктестік жүргізіп келеміз. Осы жылы біздің сәулетші топ бірқатар ежелгі қазбаға қол жеткізді. Бұл Қаңлы мемлекетінің пайда болуындағы оқиға туралы айтылып отыр. Бұл Қазақ хандығының құрылуының бастамасы.

- Осы жылдың археологиялық зерттеу жұмыстары аяқталған соң қандай түйін шығардыңыз?

- Біз бірегей артефактілерді таптық. Бұл ежелгі қазбалар сол кездегі халыққа тиесілі болған. Бұл  сарматтар, үйсіндер мен қаңлылар. Мен Моңғолиядағы ірі ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатыстым. Оған әр түрлі елден 150 ғалым қатысты. Біздің Оңтүстік Қазақстанда табылған заттарымыз қазақ халқының түбі тереңде жатқанын көрсетеді.Бұл жаңа зерттеулердің басы, ол әрине қомақты қаржыны қажет етеді.  Біздің елде өзінің жеке қаржысын зерттеу жұмыстарына салған адамдар жеткілікті. Олар өздерінің атын бүркеншік етіп қалдыруын қалаған болатын. Шын патриоттық осындай болуы керек шығар. Мәселен, менің жобам Шымкенттен 70 шақырым жерде Ұғам шатқалында жүргізілді. Бұл өте жақсы көрсеткіш, әсіресе Қазақ хандығының 550 жылдығы  орайында өте орынды.

- Қазақстандық халыққа археологиялық қазбалармен танысу қандай нәтиже береді деп ойлайсыз?

- Мен айтып өткенімдей, мен көптеген конференциялар мен көрмелерге қатыстым. Оның ішінде Астанада Оңтүстік Қазақстандағы жұмыстар туралы айтып өткен болатын. Тарихи-мәдени насихаттау әлеуметтік нығыз қасиеті тәрбиелейді. Тарихи сана әр халық үшін өте маңызды. Адамдар сол кездегі тархқа қол жеткізгендей, мәдениетпен танысқандай әсер алады. Екіншіден, адамда азаматтық ұстаным болуы керек. Мәселен, адамдар қаңлы кезіндегі ескерткіштерді өз көздерімен көріп, сол әлемге бет бұрып кете алады. Біздің қазақстандықтар өздерінің тарихымен мақтана алады. Бұл бәрінен бұрын ата-бабаларымыздың еңбегі.

- Сұхбатыңыз үшін рахмет.

Данияр Қасымов

Ақпарат көзі

 

0
0
1193

Астанада нашақорлық пен есірткіге қарсы ВШО отырысы өтті

Мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың (ВАШ) қорытынды отырысы болып өтті, деп хабарлады ІІМ.

Штабтың жұмысына мемлекеттің есірткіге қарсы қызметін жүзеге асыруға қатысушы барлық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Отырыста «Әр түрлі тәуелділік түүрлерін психологиялық диагностикалау тәсілдері» атты компьютерлік бағдарламаны білім беру ұйымдарында қолдану, сонда            й-ақ негізгі бағдарламалық құжат - Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасының қысқаруы жағдайында орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың есірткіге қарсы қызметі мәселелері қаралды.

Күн тәртібінің бірінші мәселесін қарау барысында, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, білім және ғылым министрліктері өкілдерінің республика мектептерінде «Психологиялық диагностика тәсілі» компьютерлік бағдарламасын қолдану нәтижелері туралы ақпараты тыңдалды.

ВАШ төрағасы, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов барлық оқу орындарында бағдарламаны қолдану проблемаларының бар екенін атап өтті.

Осы бағдарламаның психобелсенді заттарға тәуелділіктің қалыптасуы тәуекелдігінің балалар арасында анықтауына мүмкіндік беретін, сондай-ақ тұлғаның даму динамикасын бақылау, профилактикалық шараларды қолдану тиімдігін бағалауға үлкен мүмкіндік барлығына қарамастан, мектеп басшылығы оны өз бастамаларында ерекше қолданбайды.

Осы мәселені талқылау барысында, ДСжӘДМ және БҒМ-нің республика мектептерінің күнделікті өмірінде бағдарламаны белсенді қолдануға мүмкіндік беретін бірлескен шаралары пысықталды.

Екінші мәселе бойынша ВАШ мүшелеріне Ішкі істер минситрлігінің есірткіге қарсы мемлекеттік саясатты іске асыру барысында мемлекеттік  басқару органдарының одан әрі өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз ету үшін қабылдаған шаралары хабарланды.

Осы жұмыста жергілікті атқарушы органдардың ролі артатыны ерекше атап көрсетілді.

Қ. Қасымов әрбір өңірлің жағдайын ескере отырып нашақорлықтың алдын алу бойынша тәжірибелік іс-шараларды әкімдіктер деңгейінде шешу тиімді деп түсіндірді.

Облыс үшін маңызды құжат болып табылатын Өңірлерді дамыту бағдарламасының көрсеткіштер тізбесін пысықтау қажеттігі туралы пікір білдірді. Оны денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт желісі бойынша іс-шаралармен және бағалау көрсеткіштерімен толықтыру қажеттігі айтылды.

Ақпарат көзі

 

0
0
454