Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құқық қорғау саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы ішкі-істер департаментімен бірлесе отырып, «Құқық қорғау саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» атты семинар-кеңес өткізді. Аталған іс - шараға Алатау ауданы ішкі-істер бақармасы басшылары, бөлім жетекшілері, жеке құрам мен Алатау ауданы ішкі-істер департаменті ардагерлер кеңесі өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы және Елбасымыздың «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVI съезінде айтылған мемлекетімізді дамытып нығайтуға арналған 5 институционалды реформасы мен «100 нақты қадам» ұлттық жоспары тақырыптарына тоқталып өтті. Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – тек қана құқық бұзушылық емес, ол – тиімділікке деген сенімге селкеу түсіре отырып, ұлттық қауіпсіздікке төнетін бірыңғай қатер», сондықтан, мемлекетіміз бұдан былай қарай да мемлекеттік қызметшілер өз лауазымын тек қана жеке басы пайдасының қажетіне жарату үшін жағдай туғызатын барлық әрекеттерді болдырмайтындай етіп іс-шаралар атқара беретінін ескертті. Сотқа дейінгі тергеу басқармасының жедел бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға офицері Бауыржан Дүйсембаев сыбайлас жемқорлық байланысты құқық қорғау органдары қызметкерлері ұсталған нақты мысалдар келтірді.

Алатау ауданының ІІБ бастығының орынбасары полиция полковнигі аудандық ішкі-істер басқармасы бойынша Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жеткізу барысында атқарылып жатқан жұмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа бағыттары мен міндеттеріне тоқталып өтті.

Аудандық ІІБ Ардагерлер Кеңесінің төрайымы Ольга Амбуева өзі басқарып отырған Кеңестің құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің патриотық тәрбие беруде зор үлес қосып отырғанын жеткізді.

Іс-шара барысында ішкі-істер басқармасының қызметкерлері  көкейтесті тақырыптарды талқылауға белсенді араласып, сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ұғымына байланысты түрлі пікірлер білдірді. Кеңеске қатысушылардың сұрақтарына нақты және толыққанды жауап берілді.

 

0
0
333

Осы тақырып бойынша

Құқық қорғау саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу - Yvision.kz