Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Полицияның жұмысының ашықтығы – азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтатын негізгі факторлардың бірі»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы ішкі-істер департаментімен бірлесе отырып, «Полицияның жұмысының ашықтығы – азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімін нығайтатын негізгі факторлардың бірі» атты семинар-кеңес өткізді. Аталған іс - шараға Әуезов ауданы ішкі-істер бақармасы басшылары, бөлім жетекшілері, жеке құрам мен Алматы қаласы ішкі-істер департаменті ардагерлер кеңесі өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің консультанты Бақытбек Әлішов  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы және Елбасымыздың «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVI съезінде айтылған мемлекетімізді дамытып нығайтуға арналған 5 институционалды реформасы мен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев белгілеген «100 нақты қадам» ұлттық жоспары тақырыптарына тоқталып өтті. Сотқа дейінгі тергеу басқармасының жедел бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға офицері Бауыржан Дүйсембаев сыбайлас жемқорлық байланысты құқық қорғау органдары қызметкерлері ұсталған нақты мысалдар келтірді.

Әуезов ауданы ІІБ бастығының орынбасары Қуаныш Иманбеков аудандық ішкі-істер басқармасы бойынша Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жеткізу барысында атқарылып жатқан жұмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа бағыттары мен міндеттеріне тоқталып өтті.

Кеңеске қатысқан Алматы қаласы ІІД Ардагерлер Кеңесінің хатшысы запастағы полиция полковнигі В. Кротов пен Әуезов аудандық ІІБ Ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары запастағы полиция полковнигі Б.Жаңабаев полиция қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық пен қылмыстарды болдырмауға шақырды және Президент Н. Назарбаевтың жасап жатқан өзекті реформаларын қолдайтындарын білдірді.

Іс-шара барысында ішкі-істер басқармасының қызметкерлері  көкейтесті тақырыптарды талқылауға белсенді араласып, өздерінің сұрақтарына нақты және толыққанды жауап алды.

0
0
581

Осы тақырып бойынша

«Полицияның жұмысының ашықтығы – азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтатын негізгі факторлардың бірі» - Yvision.kz