Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жергілікті полиция қызметін құру – құқұқтық тәртіптің негізі»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы ішкі-істер департаментімен бірлесе отырып, «Жергілікті полиция қызметін құру – құқұқтық тәртіптің негізі» атты кеңес өткізді. Аталған іс - шараға Алмалы ауданы ішкі-істер бақармасы басшылары, бөлім жетекшілері мен жеке құрам қатысты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің консультанты Бақытбек Әлішов  «100 нақты қадам» ұлттық жоспары тақырыптарына, осы құжатта қаралған құқық қорғау органдарына қатысты көрсетілген мәселелерге тоқталып өтті. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің басты міндеттері мен мақсаттарын, мемлекеттік тәртіпті нығайту барысын қадағалайтын Тәртіптік Кеңестің атқаратын жұмыстарын атап өтті. Сотқа дейінгі тергеу басқармасының жедел бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға офицері Бауыржан Дүйсембаев сыбайлас жемқорлыққа байланысты заңнамаларды сақтамаудың салдарынан туындайтын қиындықтар жайында және 2015 жылдың 5 айында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа байланысты ұсталған нақты мысалдар келтірді.

Алмалы ауданы ІІБ бастығының орынбасары Батырбек Нұрымғалиев аудандық ішкі-істер басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-шараларды баяндап, құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың аса маңыздылығына тоқталып өтті.

Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына байланысты жаднамалар таратылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.

Кеңес барысында ішкі-істер басқармасының қызметкерлері  өздерінің сұрақтарына нақты және толыққанды жауап алды.

 
0
0
393

Осы тақырып бойынша