Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда мемлекет пен азаматтық қоғамның бірігуі

Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен 9 желтоқсан сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күні деп аталып өтіледі. Бұл күні Мексиканың Мерида қаласында жоғары деңгейде өткен саяси конференцияда БҰҰ Бас ассамблеясымен 2003 жылдың 1 қарашасында қабылданған сыбайлас жемқорлыққа Конвенциясына қол қойылды. Оған қол қойған мемлекеттер пара, бюджеттік қаржыны жымқыру және сыбайластық жемқорлық жолымен пайда табуды қылмыстық істер деп қабылдауы қажет.
Әлемнің дамыған 30 еліне кіру мақсаттарына жету үшін біз күшімізді біріктіру қажет, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте бірігу қажет. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрсетілгендей жетістікке жету, сыбайлас жемқорлыққа тек біртұтас ағза сияқты күрескенде ғана мүмкін.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда мемлекет пен азаматтық қоғамның бірігуі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің бағдарламасында Департамент басшысының және қатысушылардың қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік қалыптастыру бойынша баяндамалары қарастырылды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Ә.Х.Әшірбаев өз сөзінде «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында көрсетілген тапсырмаларды орындау үшін елімізде «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары қабылданып, оларды іске асыруға арналған нормативтік-құқықтық актілер дайындалуда. Сонымен қатар, мемлекетпен қоғам ашық және жариялық принциптерді сақтай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және жемқорлыққа, парақорлыққа бейімделген немқұрайлы мінезден барлық қоғам мүшелерінің арылуына ықпал ету арқылы жаңа бағытқа қадам басуға тиісті» деп атап өтті.
Сонымен қатар, Департамент бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы журналисттердің жұмыстарына конкурс жарияланды. Үздік жұмыстар анықталды. Аталған шара аясында жеңімпаздар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға белсенді үлес қосқан ұйымдар марапатталды.
Дөңгелек үстелге мемлекеттік органдардың басшылары, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, этно-мәдени орталықтардың басшылары, жастар қоғамдық бірлестіктері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, тәртіптік кеңес мүшелері, «Нұр Отан» партиясының БҚО филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері, Департамент жанындағы қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары және тағы басқалар қатысты.



