Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Құқық қорғау органдарындағы шешім жолын талап ететін мәселелер»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласының ішкі істер департаментімен бірлесе отырып, «Құқық қорғау органдарындағы шешім жолын талап ететін мәселелер» атты кеңес өткізді. Аталған іс-шараға Жетісу ауданы ішкі істер бақармасының басшылары, бөлім жетекшілері, жеке құрам мен Алматы қаласы ішкі істер департаментінің ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Бақытбек Әлішов мемлекеттік органдардағы шешім жолдарын талап ететін мәселелерге: мысалы, шенеуніктердің билікті немесе лауазымдық жағдайын жеке пайда алу үшін теріс пайданалу, шенеуніктерді сатып алу, қызметтік өкілеттіктерін пайдакүнемдік мақсатта пайдалану жағдайларын атап өтіп, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев белгілеген «100 нақты қадам» ұлттық жоспары тақырыптарына тоқталды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға байланысты құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұсталған нақты мысалдар келтірді.

Жетісу ауданы ІІБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Закир Багиев аудандық ішкі істер басқармасы бойынша Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау барысында атқарылып жатқан жұмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа бағыттары мен міндеттеріне тоқталып өтті.

Жоғарыда аталған аудандық ішкі істер басқармасының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Рамиль Түсіпов сыбайлас жемқорлықтың жағдайына қатысты баяндама жасап, ішкі істер басқармасының қызметкерлерін әскери қызметтік тәртіпті және мемлекеттік қызметкерлердің этикалық нормаларын бұзбауға шақырды.

Кеңеске қатысқан Алматы қаласы, Жетісу ауданы Ардагерлер Кеңесінің төрайымы Мәрияш Қалиева полиция қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық пен қылмыстарды болдырмауға шақырды және Президент Н. Назарбаевтың реформаларын қолдайтындарын білдірді.

Іс-шара барысында ішкі істер басқармасының қызметкерлері  көкейтесті тақырыптарды талқылауға белсенді араласып, өздерінің сұрақтарына нақты және толыққанды жауап алды.

 
0
0
367

Осы тақырып бойынша