Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлық – бұл қоғам мен мемлекеттің дамуына қарсы қылмыс

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы ішкі-істер департаментімен бірлесе отырып, «Сыбайлас жемқорлық – бұл қоғам мен мемлекеттің дамуына қарсы қылмыс» атты кеңес өткізді. Аталған іс - шараға Бостадық ауданы ішкі-істер бақармасы басшылары, бөлім жетекшілері, жеке құрам мен Алматы қаласы ішкі-істер департаменті ардагерлер кеңесі өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің консультанты Бақытбек Әлішов кеңеске қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы оң үрдістерді атап өтіп, шешімін талап ететін проблемаларға тоқталып, сыбайлас жемқорлық көрністеріне ықпал ететін негізгі  факторларды және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндірді. Өз баяндамасында ҚР МҚжСЖҚА Алматы қаласы бойынша департаментінің сот және құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан іс-шараларды атап өтті. Мысал ретінде, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің, 28.05.2015 жылы Бостандық ауданы ІІБ әкімшілік полициясының аға инспекторы Е. Қаудиновтың пара алу кезінде ұсталғанын атады.

 

Бостандық ауданы ІІБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Ержан Алтаев аудандық ішкі-істер басқармасы атқарып жатқан сыбайлас жемқорлық фактілерін азайту мен жоюға байланысты іс-шараларға тоқталып өтті.

Аудандық ІІБ Ардагерлер Кеңесінің төрағасы запастағы полиция полковнигі Асқар Қабылбаев өзі басқарып отырған Кеңестің құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің патриотық тәрбие беруде зор үлес қосып отырғанын жеткізді. Бостандық ауданы ІІБ жұмыс атқарып, кейіннен генерал атанған бұрынғы іші-істер министрі Қ. Сүлейменовты, ішкі-істер министрінің орынбасарлары Е. Тұрғынбаев пен Қ. Тыныбековтарды атап өтті.

Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына байланысты жаднамалар таратылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.

Кеңес барысында ішкі-істер басқармасының қызметкерлері  өздерінің сұрақтарына нақты және толыққанды жауап алды.

 
0
0
497

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлық – бұл қоғам мен мемлекеттің дамуына қарсы қылмыс - Yvision.kz