Медициналық мекемелердің мемлекеттік қызмет көрсетуін автоматтандыру – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызды қадамы
Қоғамның
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының нәтижелігін жоғарлату мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп № 4 қалалық клиникалық ауруханасы ұжымымен кездесті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин 2014 жылы 26 желтоқсанда Президент Жарлығымен бекітілген 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияны, Елбасымыздың «Нұр Отан» партиясының ХVI съезінде мемлекетімізді нығайтуға арналған 5 институттық реформаның тәжірибелік аспектілерін, «100 нақты қадам» Ұлттық планның іс-қимылын, алғашқы дәрігер-санитарлық көмектің басым қаржыландыруының қадамдарын түсіндіріп өтті.
№ 4 қалалық клиникалық аурухананың басшысы Агибаева Фарида 2014 жылы 11 қарашада Елбасының Қазақстан халықына «Нұрлы Жол – Болашаққа бастар жол» Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіріп, поликлинника жанында элеуметтік-психологиялық көмек көрсететін «Жанұя денсаулығы орталығы» жұмыс жасап жатқанын атап өтті. Сонымен бірге, жоғары білікті мамандар келешек аналарға, өскелең ұрпақ және жасы ұлғайған шақты адамдарға ерекше назар аударады. Аталған бағыт, келешекте Қазақстанда дені сау балалар дүниеге келуіне мүмкіндік береді.
Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы өкілі Абдрахманов Даулет, денсаулық сақтау басқармасы жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөнінде «электрондық тіркеу», «еңбекке жарамсыз парақ», «флюротека», «имунно профилактика», штрих-кодты сканирлейтін «басшының кейсі» ақпараттық киоск сияқты бағдарламаларымен таныстырып өтті. Бұдан басқа, 20 медициналық мекемелерде құрылған қадағалау кеңесінің жұмысы нәтижесі бойынша 65 басшыға 153 тәртіптік жаза қолданылды.
Іс-шара сұрақ-жауап форматында өтіп, катысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта бейнероликтер көрсетілді.
