Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстандағы алғашқы метро жолаушыларының қауіпсіздігі – жаңадан құрылған метрополитендегі ІІБ қызметкерлерінің сенімді қолында

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті метрополитендегі ішкі-істер бақармасында кеңес өткізді. Аталған іс - шараға метрополитендегі ІІБ басшылары, бөлім жетекшілері мен жеке құрам қатысты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің консультанты Бақытбек Әлішов  сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияда көрсетілген түйінді бағыттарға тоқталып, мемелекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сот және құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастырудың мән-жайын жеткізді. Елбасымыздың «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVI съезінде айтылған мемлекетімізді дамытып нығайтуға арналған 5 институционалды реформасы мен «100 нақты қадам» ұлттық жоспары тақырыптарына тоқталып өтті. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты заңнамаларды сақтамаудың салдарынан туындайтын қиындықтар жайында және 2015 жылдың 5 айында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа байланысты ұсталған нақты мысалдар келтірді.

Метропоитендегі ІІБ бастығының орынбасары Бауыржан Хантеміров метропоитендегі ішкі-істер басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-шараларды баяндап, метрополитендегі ІІБ жүргізіп жатқан ерекше жұмысының аса маңыздылығына тоқталып өтті.

Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына байланысты жаднамалар таратылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.

Кеңес барысында метрополитендегі ішкі-істер басқармасының қызметкерлері  өздерінің сұрақтарына нақты және толыққанды жауап алды.

 
0
0
431

Осы тақырып бойынша