Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Біз жемқорлыққа қарсымыз

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясында тұлғаны бала кезінен қазақстандық париотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухына тәрбиелеу туралы айтылған.

Осыған орай, жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері БҚО бойынша департаменті 2016 жылдың 3 наурыз күні Орал қалалық №5 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына мектеп басшылығымен бірлесіп, «Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Шара барысында Департаменттің жемқорлық профилактикасы басқармасының қызметкері оқушыларға жемқорлық көріністерніе мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру тақырыбында әңгіме қозғап, қойылған сұрақтарға жауаптар берді.

 
0
0
1305

Осы тақырып бойынша

Біз жемқорлыққа қарсымыз - Yvision.kz