Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qaz

Шұжық жасап үйренейік!

Қазақстың дәстүрлі тағамдар жайлы мақалаларды жазуды жалғастырамын. Бүгін біз шұжық жасап үйренеміз. Үйде жасалған шұжық менің ең сүйікті тағамым. Дүкендердегі колбасалармен мүлдем салыстыруға келмес! Қара бұрыш пен сарымсақ қосылған жылқы етінің иісі – тіл үйіреді! Шұжық жасау оңай болғанымен, біраз уақытты алады. Алайда жасап біткеннен кейін, еш өкінбейсіз!

Бізге керегі:

  • 1 кг ет
  • Кішкене майлы жерлері (қоспаса да болады)
  • Тұз қалауыңызға қарай (мен 2-3 қасық қосамын)
  • Қара бұрыш
  • 6 тал Сарымсақ
  • Жылқы ішектері (70 саниметрдей жетеді)

  • Етті және майды кішкене бөлшектерге тураймыз да, тұз бен қара бұрыш және сарымсақты қосамыз.Етті бір ыдысқа салып 2-3 күнге, я болмаса 1 тәулікке тоңазытқыштың ішіне қоямыз. Біраз тұрсын деген себебім, ет жібу керек, әйтпесе жылқының еті қатты болады.

  • Біраз күн өтті. Енді ішектен бастайық. Жақсылап тұрып 3-4 мәрте суық сумен, артынша ыстық сумен жуамыз. Содан кейін тұзды суға 1-2 сағатқа салып қоямыз. Тұз бетіндегі терісінен тез тазаруға көмектеседі.
  • Тоңазытқышта тұрған етімізді 2 сантиметр болатындай кішкене бөліктерге тураймыз.

  • Енді шұжықты толтыруға кірісеміз. Ішектің бір ұшын жақсылап жіппен байлап аламыз да, ішіне етті сала бастаймыз. Бұны жасау оңай емес. Себебі, ішек өте тайғақ және қолдан сырғанап кететіндей болып тұрады. Егер тым тайғақ болса, матамен ұстап та жасауға болады. Ішектің ішіне етті мықымдап салмаңыз, әйтепесе жарылып кетуі мүмкін.
  • Шұжықтың ұзындығы ішектің көлеміне және ішіне қанша мөлшерде ет салғаныңызға байланысты. Шұжықты қатты ұзын етіп жасамаңыз. Етті ішіне толтырып біткеннен кейін, ішектің екінші жағын да жақсылап жіппен байлап тастаңыз. Кейбіреулері, жіптің орнына тіс шұқығышты да қолданып жатады.Енді біздің жартылай дайын өніміміз біраз ілініп тұру керек. Содан кейін, шұжықты тоңазытқышқа саламыз, бірақ мен салмаймын. Себебі етті біз өзі де ұзақ уақыт тұздауға жіберген едік.

  • Енді шұжықты қазанға саламыз, суық су құйып, астындағы отты бәсеңдетеміз де, 2-3 сағат қайнатамыз. Судың ішіне тұз салмаймыз. Су қайнағаннан кейін, міндетті түрде шұжықты екі-үш жерден тесу керек. Дайын болған тағамды судан алмай, суытамыз, содан кейін ғана турай берсе болады.

Ас дайын! Енді дөңгелек етіп кесіп, ләзаттанып дәмін татуға болады.

 

-

4
0
13116

Осы тақырып бойынша