Мазмұнға өту

Жаңа

«Мал» деген — жаман теңеу, бірақ «мал болмайды» деген де дәреже бар

Нұрлан Сәдірді көпшілік санэпидқадағалау саласының маманы, блогер ретінде жақсы біледі. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметінде. Фейсбук желісінде қоғамның кері кеткен тұстарын уытты тілмен сойып салып отырады. Сынаған нысанын сілейте соғады. Қара сөздің мән-мағынасына терең бойлайтын ойы жүйрік азаматтың тіркестерін газет бетіне жариялап отыруға рұқсатын алдық. *** «Мақтамен бауыздау» «мақтаумен бауыздау»-дың қасында түк емес-ау *** Арыңмен дос болу үшін артың бос болмау керек *** Жүректі жігіттер азайған сайын өңешті, азқазанды, өкпелі жігіттер көбейе түседі *** Тауарлардың қақы бар, адамдардың құқы бар. Қақ құқты тапамаса, қақ-соқпен ісіміз болар ма еді *** Адамдар ақшаны айналдырады, ақша адамды айналдырады. Уақыт екеуін…

0
0
1539

Еркектер қуатынан қалай айырылды?

Біздің дәуір – техника дәуірі. Неше түрлі құлтемірлер ғасырына тап келдік. Әрекетіңді емес, ойыңдағыңды жасайтын техника ойлап таптық. Адамзат жетістігінің, адамзат мүмкіндігінің шексіздігін бағындырдық. Алайда бұл адамның физикалық мүмкіндігінің тоқырауына келіп тірелді. Бұл жағдай әлеммен бірге тыныстап отырған қазақ қоғамын да айналып өтпеді. Еуропада жылына миллиондаған адам семіздіктен зардап шегеді. Әзірге Қазақстан бұл қатарға кіре қойған жоқ. Есесіне кеше ғана сол батыс «Кентаврлар» атаған адам-жылқылардың ұрпағы бүгінде кемтар. Кемтар емей немене ел азаматтарының 50 пайыздан көбі белсіздікпен ауырады. Әрбір үш еркектің бірі простатит, өмірге әкелген ұрпағы әлжуаз. Ерте қартаяды, жүрек аурулары көп, қанқысым, буын аурулары бүгінгі адамдарда екінің бірінде кездесетін сырқатқа айнал…

1
0
1859

Абыл АЯШ: «Әкем қайда барса да мені інім деп таныстыратын»

Қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың ұлы Аяш Абыл Табылдыұлы қазіргі таңда Алматы қаласында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Эстрадалық вокал» бөлімінің 3-курс студенті. -Абыл, өнер жолын таңдауыңызға әкеңіз себепкер болды ма? - Иә, бұл бағытты таңдауға себеп болған әкем және әкемнің өнері. Өйткені әкем еш уақытта музыкалық білім алмаған адам. Мамандығы журналист болды. Әкемнің өлеңдерін таза профессионалды түрде нотаға түсіріп, болашақта кәсіби шеберлікпен орындау үшін осы музыка мамандығын таңдадым. - Қазір әкеңіздің әндерін өзі сияқты жоғарғы деңгейде орындап жүрсіз. Сонда сізді әкеңіз кішкентайыңыздан өнерге баулығаны ма? - Жоқ, әкем көзі тірісінде мені өнерге немесе музыкаға мүлдем баулыған емес. Ол кісінің көзінше «әу» деп көргенім жоқ. Бала күнімде түрл…

0
0
3044

Риддер қаласының жергілікті полиция қызметінің полицейлері қайғылы оқиғаның алдын алды

1 наурыз күні түнгі сағат 11-де Риддер қаласы полиция бөлімінің кезекші бөліміне 5-шағын ауданда орналасқан құрылысы аяқталмаған тоғыс қабатты үйдің шатырына әйел адам шығып алып, секіріп түспекші делінген ақпарат түсті. Оқиға орнына дереу сол аумақта қызмет өткеріп жүрген жергілікті полиция қызметінің патрульдік экипажы жіберілді. Орынға келген полиция капитаны Сымбат Қарақұлов пен полиция сержанты Болат Нұрбеков қараңғыда басқышқа қалта шамымен жарық түсіріп тоғыз қабатты үйдің төбесіне шығады. Сымбат Қарақұловтың айтуынша әріптесімен оқиға орнына келген бойда, әйел адамның өмірін сақтап қалу үшін олар асыға көп қабатты үйдің шатырына шығады. Қалта шамадарын қосып оны іздей бастайды. Бірнеше минуттан кейін полицейлер жан түршігерлік көрініске куә болады – үй бұрышының шетінде аяқтарын ж…

0
0
775

Мемлекеттік қызметшілер қатары толықты

Ағымдағы жылғы 2 наурызда Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев Департаменттің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға өткізілген конкурстық іріктеуден сүрінбей өткен жаңа қызметкерлерімен танысты. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңының талаптарына, Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарды өткізу Ережесіне сәйкес, Департамент алғашқылардың бірі болып бос орындарға конкурс жариялаған болатын. Осыған дейін, үстіміздегі жылдың 22 ақпанында бас маманның 15 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлерді іріктеу өткізілді. Нақтырақ айтқанда, 56…

0
0
362

«Махаббат мекені» сізге есік ашады!

Салтанатты неке қию рәсімін  ерекше өткізгіңіз келе ме? Бірақ, керемет банкет залдары жас отбасылар  үшін бюджеттік жағынан  қиындау. Біз сізге көмектесе аламыз! Жастарға қызмет көрсету орталығы сізге «Махаббат мекенінің»  есігін ашады. Әдемі безендірілген зал, музыка, фотосуреттер, сыйлықтар және тағы басқа тосын сыйлар  жасжұбайларды күтуде.  «Махаббат мекеніңе» тіркелу  үшін +7(7182)66-12-43 нөміріңе  хабарласыңыз.

0
0
1055

«Махаббат мекені»

Провести красивейшее торжество бракосочетания? Но пышные банкетные залы совсем не для бюджета молодой семьи? А может, Вы только намереваетесь сделать предложение своей спутнице жизни, но не знаете как? Мы поможем Вам! Центр обслуживания молодёжи распахивает перед Вами двери молодёжного ЗАГСа. Празднично украшенный зал, музыка, фотосессия, памятные подарки и многое другое ждет каждого, кто подаст заявку на участие в молодёжном ЗАГСе.

Ждем ваших заявок с пометкой «Махаббат мекені»  на [email protected] или по номеру +7(7182)66-12-43

0
0
2206

БҚО мемлекеттік сатып алу басқармасындағы маңызды кездесу

Ағымдағы жылдың 2 наурызында Мемлекеттік қызмет істері Департаменті облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасында қолданыстағы «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарын және Әдеп кодексін түсіндіру мақсатында семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңесте Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасымен мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшылары қатысып, тақырып бойынша толық мағұлмат берді.

Өз кезегінде аталған басқарма басшысы А.Баймагамбетова басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізіліп жатырған жұмыстар үнемі өз жалғасын табатындығын жеткізді.

Сонымен бірге, басқарма ұжымына жемқорлық профилактикасы бағытында сауалнама жүргізілді.

 
0
0
294

Парламент «Жұмыспен қамту туралы» Заңды қабылдады

Бүгін ҚР Парламент Сенатының пленарлық отырысында палата депутаттары «Жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңын екі оқылымда, сонымен қатар, оған ілеспе "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықты жұмыспен қамту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Аталған Заң Мемлекет басшысының тапсырмасы Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамын жүзеге асыру мақсатында дайындалып, экономиканың тиімділігін арттыру мен құрылымын ұзақ мерзімді өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз ететін сапалы еңбек нарығын құруға бағытталған. Оны әзірлеу барысында Халықаралық еңбек ұйымының негізгі қағидалары есепке алынып, сонымен қатар, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Тәуелсіз мемлекеттер дост…

0
0
465

«Сенің даусың – сенің болашағың» атты постерлер байқауы басталды

Қазақстанда Мәжіліс және маслихат депутаттарының сайлауы қарсаңында «Сенің даусың – сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауы басталды. Әр қалаған қатысушы байқауға өтінішін беріп, өз материалдарын жүктеуге мүмкіндігі бар. Желі қолданушылары ұнатқан жұмысқа дауыстарын бере алады. Ең көп дауыс жинаған постерлер, білікті және құзыретті қазылар алқасының төрелігіне тапсырылады. Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі маслихаттар депутаттығына үміткерлерді үгіттеуге бағытталған жұмыстар байқауға қатыстырылмайды. Іс-шара 12 ақпан мен 18 наурыз аралығында үш кезеңде өтетін болады: 2016 жылғы 12 ақпан мен 14 наурыз аралығы байқау жұмыстарын қабылдау кезеңі; 2016 жылғы 14-17 наурыз аралығы – қазылар алқасының байқау жұмыстарын қарастыру кезеңі; 18 наурыз – үміткерлер жұмыстарын…

0
0
1822