Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сенің дауысың-сенің болашағың!

4 наурыз сағат 11.00-де «Сенің дауысың-сенің болашағың» атты республикалық байқау нәтижелеріне арналған бейнеконференция өткізілді. Павлодар облысынан республикалық постерлер байқауына 130-дай жұмыс жіберілген болатын. Сонын арқасында біздің аймағымыз үздіктер қатарына ене алды.

«Мен өзімнің постерімде әркімнің  дауысы өте маңызды және оның болашағымызға әсер ете алатындығын айтқым келді. Өз жұмысымда мен Қазақстанының тағдырына, яғни өзімнің тағдырыма жауапты екендігімді, сонымен қатар бірлік идеясын көрсеттім»,- деді бейнеконференцияның қатысушысы Мухина Раушан.

«Сенің дауысың-сенің болашағың» республикалық постерлер байқауы алдаға болар сайлауға арналған. Байқау 17 ақпан күні басталды. 18 наурыз күні жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Павлодар облысының жастар саясаты

мәселелері жөніндегі басқармасы.

 
1
0
470

Осы тақырып бойынша

Сенің дауысың-сенің болашағың! - Yvision.kz