Сәтсіздік үшін ашуланба
Мен бүгін "құлау" жайлы әңгіме айтамын. "Құлау" - бұл сіз ойлаған жүгіріп бара жатып құлап қалу емес,бұл бір биік мақсатқа барар жолда құлау, арманына жетпей қалу. "Сәтсіздік үшін ашуланба. Барлығы құлайды. Тек біреулер тез тұрып кетеді, ал біреулер жата береді." (Майк Тайсон). Кейбір адамдар бір құласа қайтадан жаңа өмір бастау жайлы шешім қабылдайды. Бірақ мынаны білген жөн: "Өмірді жаңа парақтан бастайсын, бірақ оның жазылу үлгісін өзгерту қиын "Мақсатқа жетер жолда қандай жылдамдықпен жүргенің маңызды емес - бастысы тоқтамау (Конфуций). Ешқашан берілмей ең соңына дейін күрессең ғана жемісін көре аласың. Осы жерде боксшы Мұхаммед Әлидің сөзі еске түседі: "Мен жаттығудың әр минутын жек көрдім, бірақ өзіме: Берілме. Қазір шыдап бақ, сосын кейінгі өміріңді чемпион сияқты өткіз" дедім". Сабырлы бола білген адам да мақсатқа жетер жолда мәрені кесетін адамдардың алғашқысы болады. Сабырың - соңғы есікке соңғы кілт (Антуан де Сент-Экзюпери). Түйін: мақсатқа жетер жолда құламау үшін берілмеу керек , сабырлы болу керек, тоқтамай алға ғана адымдау керек!!!
"Көшбасшылар" клубының мүшесі,
10-шы сынып оқушысы Өтеш Жаснұр

