Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылордалық полицейлер жауапты салада қызмет етіп жүрген нәзік жандыларды «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтады

2016 жылдың 05 наурызында Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай, жаны нәзік болса да, рухы мықты ақ жаулықты аналардың, ардақты апалар мен қаракөз қарындастардың құрметіне мерекелік іс-шара өтті.

Салтанатты шара барысында полиция қызметінің ауырлығына қарамастан, азаматтық борышын өтеу жолында қажымай еңбек етіп, қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап жүрген нәзік жандыларды құттықтау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің құттықтау жеделхаты ресми түрде оқылып, полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымовтың бұйрығымен өз қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап, қызметтерінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген департаменттің қыз-келіншектері марапатқа ие болды. ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» омыраулық белгісімен Қызылорда ОІІД Жалағаш ауданы ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Ахметова Ұлбосын Жақсылыққызы, Қызылорда ОІІД Арал ауданы ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Есенжолова Гульнар Тулегеновна, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің «Грамотасымен» Қызылорда ОІІД Қызылорда қаласы Ішкі істер басқармасының Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Бектемір Эльмира, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің «Алғыс хатымен» Қызылорда ОІІД Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы Жайболсынова Тазагул Тасбергенқызы марапатталды. Жалпы айтулы күнге орай, департаменттің 72 қыз-келіншегіне құрмет көрсетіліп, оның ішінде 9-ы Департамент бастығының Құрмет грамотасымен, 13-і Грамотамен, 19-ы Алғыс хатпен марапатталып, 31-іне Алғыс жарияланды.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, отбасының ұйытқысына, татулық пен келісімнің тірегіне айналған, махаббаттың, сұлулықтың символы саналатын құрметті ақ жаулықты аналардың, ардақты әйелдердің  құрметіне әндер шырқалып, билер биленіп, ақ тілектер мен мадақтар айтылды. Сонымен қатар, шара барысында жоғары кәсібиліктің үлгісін көрсетіп, ішкі істер органдарында халықтың мүддесі үшін көп жылдар бойы  қажымай еңбек етіп келген ішкі істер органдарынан құрметті еңбек демалысына шыққан зейнеткер апалардың құттықтауы, естеліктері, кейінгі буын өкілдеріне айтар ақыл-кеңестері тыңдалды.

Ерекше марапатқа, құрмет ие болған қыз-келіншектерді, жалпы әйелдер қауымын «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтаймыз. Дендеріне саулық, босағаларына бақ пен береке, шаңырақтарына ырыс-ынтымақ, қызметтеріне абырой тілейміз. Еліміз тыныш, халқымыз аман, бауырымыз бүтін, бірлігіміз бекем болсын!

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
777

Осы тақырып бойынша

Қызылордалық полицейлер жауапты салада қызмет етіп жүрген нәзік жандыларды «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтады - Yvision.kz