Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ұстаздар мен ата-аналар Елбасы реформаларын қолдайды

2016 жылың 5  ақпанында Алматы қаласы Медеу ауданындағы  №52 мектепте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасы  аясында «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспары мен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясын жүзеге асыру мақсатында мектептің  педагог ұжымдары мен  ата аналарының қатысуымен  семинар-кеңес өткізді.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу  басқармасының бас маманы С. Оразов «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының кәсіби мемлекеттік аппарат құру реформасы мен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясын жүзеге асы­ру мақсатындағы  мәселелерге тоқталды.

 

Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу  басқармасының бас маманы  Нұрбол Бейсеков үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан   бастап күшіне енген   «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы». «Этикалық кодекс», «Қоғамдық кеңестер туралы»,  «Ақпаратқа қол жеткізу туралы»  заңдарға толық түсінікте берді.

 

№52 мектептің директоры   Оксана Белкина   Елбасы Н. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының  идеялары мен міндеттемелерін қолдай отырып, кәсіптік білім беру саласын дамыту,  олардың нәтижесін өндіріске енгізу,   ғылыми жұмыстардың деңгейін көтеру, білім мен өндірісті ұштастыру және жастардың тәрбие жұмыстарының деңгейін көтеру жөніндегі  ұсыныстарын ортаға салды.

 

Ұстаздар мен ата-аналар  білім саласында сыбайлас жемқорлықты барынша төмендету жөніндегі ұсыныстарын ортаға салып,  сыбайлас жемқорлыққа  қарсы мәселелерге  байланысты пікір алысты.   Қатысушылар өздері қызықтырған  сұрақтарға толыққанды жауап алды.

0
0
394

Осы тақырып бойынша

Ұстаздар мен ата-аналар Елбасы реформаларын қолдайды - Yvision.kz