«Фемида» клубының отырысы: «Қолыңды таза ұста»

2016 жылдың 18 сәуірінде Бурабай ауданы «Златополье» ауылының кітапханасында «Адал жол - Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының шеңберінде «Фемида» клубының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі отырысы өтті. Іс-шараға халықтың барлық топтарының өкілдері қатысты.
Тұрғындардың және өскелең ұрпақтың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру мәселесі отырыстың басты және қызу талқыға түскен тақырыбы болып табылды.
Іс-шараға 15 адам қатысты.
