Асық ойнаған озар!
Ақсу қаласы «Жастар бастамасын дамыту орталығы» Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорттық сауықтыру клубы кешенінде "Асық ойнаған озар" ұлттық ойындар түрі бойынша турнир өткізді.

Турнир Асык ату, Жеті тас, Арқан тартыс сияқты ұлттық ойындардан құралды. Қатысушылардың көбісі Жеті тас ойынын алғаш рет ойнады, және бұл ойын барлығына да қатты ұнады. Турнир соңында Асық атудан мерген атанған Қара металлургия колледжінің студенті Добрынин Владислав болды.

Турнир қорытындысы бойынша, жалпы есепте I – ші орынды Ақсу қаласының қара металлургия колледжі, «АКЧМ» тобы, II – орынды Ақсу қаласы №2 мектеп оқушыларының «Қыран» тобы, III – орынды Жаяу Мұса атындағы колледжі студенттерінің, «Серпін» тобы қанжығаларына байлады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

