Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы қаласы бойынша әдеп жөніндегі кеңесінің өткізілген кезекті отырысы туралы

2016 жылдың 14 сәуірі күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы, – Әдеп жөніндегі кеңестің  төрағасы Б.К. Камаловтың төрағалығымен Әдеп жөнінде кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

Әдеп жөнінде кеңес отырысында 2016 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша Білім басқармасында «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының бұзылуын алдын алу бойынша жүргізілген жұмысы туралы Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Рахат Сейдахметқызы Шимашеваның және 2016 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің аумақтық бөлімшелерімен халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сұрағы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасының басшысы Серік Жетпісбаевич Примбетовтың баяндамалары тыңдалды.

Отырыста ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 50 бабы 1 тармағы 4) тармақшасының талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Жанат Акимович Каспановқа және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысының орынбасары Сейтхан Ербосынович Тельтаевқа қатысты тәртіптік іс қаралды.

Тәртіптік істі қараудың нәтижесі бойынша Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен заң талаптарын бұзған үшін Ж.А. Каспановқа және С.Е. Тельтаевқа «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысына ұсыным жасау туралы шешім қабылдады.

0
0
274

Осы тақырып бойынша