Құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлықтан тыс
2016 жылдың 20 сәуірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің (Бұдан әрі – Департамент) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкерлері Алматы қаласының ІІД Мамандандырылған күзет қызметі басқармасында (Бұдан әрі – Басқарма) ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының негізгі бағыттарын, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Әдеп кодексі» Заңдарын түсіндіру мақсатында семинар – мәжіліс өткізді.
Семинар – мәжіліске «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласы филиалының өкілі Асқар Омаров және Басқарманың жеке құрамы қатысты.
Департамент өкілі Нұрбол Бейсеков ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының мақсатын, негізгі бағыттарын, міндеттерін және қабылданған жаңа заңдарда қарастырылған өзгерістерді түсіндірді.
«Нұр Отан» партиясының өкілі Асқар Омаров 2015 жылдың 30 қарашасындағы Елбасының Қазақстан халқына «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ АХУАЛДА: ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» атты Жолдауының негізгі бағыттарын айтып өтті.
Басқарма бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Жандос Ережепов, Басқармамен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімін арттыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.
Іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы бейне роликтер көрсетіліп, сұрақ – жауап форматы қолданды.
