Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Экономика саласының болашақ мамандары сыбайлас жемқорлыққа қарсы

2016 жылдың 14 сәуірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің (Бұдан әрі – Департамент) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкерлері Қазақстан экономика, менеджмент және болжау институтында (Бұдан әрі – Институт) ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының негізгі бағыттарын, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Әдеп кодексі» Заңдарын түсіндіру мақсатында семинар – мәжіліс өткізді.

Семинар – мәжіліске Институттың профессорлық оқытушы құрамы мен студенттері қатысты.

Департамент өкілі Нұрбол Бейсеков ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының мақсатын, негізгі бағыттарын, міндеттерін және қабылданған жаңа заңдарда қарастырылған өзгерістерді жан-жақты түсіндірді.

Институттың студенттердің мәселелері жөніндегі орындаушы директоры Фариза Бекжан, институтта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, студенттердің институт басшылығына сенімін арттыру және «Таза сессия» бағдарламасын іске асыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.

Іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы бейне роликтер көрсетіліп, сұрақ – жауап форматы қолданды.

0
0
438

Осы тақырып бойынша

Экономика саласының болашақ мамандары сыбайлас жемқорлыққа қарсы - Yvision.kz