Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Болашақ чемпиондар спорттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы

2016 жылдың 07 сәуірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің (Бұдан әрі – Департамент) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкерлері Қазақ спорт және туризм академиясында (Бұдан әрі – Академия) ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының негізгі бағыттарын, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Әдеп кодексі» Заңдарын түсіндіру мақсатында семинар – мәжіліс өткізді.

Семинар – мәжіліске академияның профессорлық оқытушы құрамы  мен студенттер қатысты.

Департамент өкілі Нұрбол Бейсеков ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының мақсатын, негізгі бағыттарын, міндеттерін және қабылданған жаңа заңдарда қарастырылған өзгерістерді жан-жақты түсіндірді.

Академияның проректоры Мұхтар Есқалиев, академияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, студенттердің академия басшылығына сенімін арттыру және «Таза сессия» бағдарламасын іске асыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.

Іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы бейне роликтер көрсетіліп, сұрақ – жауап форматы қолданды.

0
0
481

Осы тақырып бойынша