Азаматтық авиация академиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы
2016 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің (Бұдан әрі – Департамент) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкерлері Азаматтық авиация академиясында (Бұдан әрі – Академия) ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының негізгі бағыттарын, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Әдеп кодексі» Заңдарын түсіндіру мақсатында Академияның профессорлық оқытушы құрамы мен студенттердің қатысуымен семинар – мәжіліс өткізді.
Департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Мақсатхан Анапин ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының, 2015 жылдың 30 қарашасындағы Елбасының Қазақстан халқына «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ АХУАЛДА: ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» атты Жолдауының мақсаттарын, негізгі бағыттарын, міндеттерін түсіндіре отырып, мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі мен «Азаматтар үшін үкімет» корпорациясы құрылғандығы туралы айтып өтті.
Академияның проректоры Шамиль Беришев, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының маңыздылығын білдіре отырып, құқықтық мәдениеттің деңгейін көтеруге бағытталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері» пәніне студенттердің назарын аударды.
Академияның студенттері Жамалбек Мадина, Биделбай Мереке, Дота Толе, Жайлау Нурия, Касым Аксауле, Нусипова Айгерим, Сауакасов Мукагали, Мереке Анель и Талаптанов Абылай Еуропаның және ТМД мемлекеттерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іске асырылатын іс-қимылдары және авиация саласындағы жемқорлыққа қатысты фактілер туралы баяндамаларын үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жасады.
Іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы бейне роликтер көрсетіліп, сұрақ – жауап форматы қолданды.
