Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Ел белсенділері» белсенділік танытуды

 

Жастар – тәуелсіз мемлекетіміздің келешегінің кепілі.Бұл – алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынов айтқандай «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек» деген сөз.

Елбасының салиқалы саясатының арқасында Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап жастар саясаты еліміздің басты құндылықтарының  біріне айналды. Сол ұстанымда жүрген жастарымыздың қатары да жетерлік. М.Әуезов атындағы ОҚМУ -нің жастарының жұдырықтай жігерліктерінің арқасында құрылған "Ел белсенділері" атты белсенділер тобы.

Мен Абылай Абдиашим атты(Экономика және Қаржы дакультетінің студенттік деканы) ұйым белсендісімен тілдесіп көрген едім. Жасап жақтан жақсылықтарымен, таразылап жатқан табыстары да орасан екен. Жұмыс барысы мынадай.

Ұйым 2002 жылы құрылған. Және мұнда 14 студдекан және 1 ректор, ал оның қарамағында 4 проректор жұмыс жасайды.Оның айтуынша әр факультет өзінше бір мемлекет және өзіндік системасы бар. Әр айдың 20-шы жұлдызын  өзін-өзі басқару күні деп жариялаған. Ел белсенділері қайырымдылық десе ішкен асын жерге қоятындар. Еліміздегі әрбір игі істің басын ұстап жүрген жастарымыз қай проблемалық шара болсын қол ұштарын созып жүр. Мейлі ол экология,мейлі экономика,мейлі қайырымдылық,мейлі саясат болсын. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай өткізілген "25 жылдыққа-25 игі іс " бастамасында алғашқы болып бастаушылар осы. Осындай ұйым еліміздің әр жоғарғы оқу орнында елең алса, әр қазақ баласын қасқырларда қамсай алмайтыны сөзсіз.

 

1
0
1724

Осы тақырып бойынша