Жемқорлыққа қарсы бірігіп күресеміз!
2016 жылдың 13 шілдесінде Жарқайың ауданында Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізілді. Күн тәртібіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оны алдын-алудың жолдарын қарастыру қойылды. Жарқайың аудандық ХҚКО-ның бастығы Әсет Қажғалиевтің төрағалығымен өткен дөңгелек үстелге «Нұр Отан» партиясының Жарқайың аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мыңбаев Жанат қатысты. Жанат Тасболатұлы ХҚКО қызметкерлеріне жемқорлықты алдын-алуға жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы баяндады. Дөңгелек үстелдің нәтижесі өте тиімді ойларды тудындатты. ХҚКО қызметкерлері құқық қорғау органдарының кәсіби біліктілігін арттыру, мемлекеттік қызметшілердің ар-ождан үстанымы олардың мәртебесіне сай болуы, қылмыстық жолмен табылған пайда мен мүлікті тәркілеудің тиімді механизмін енгізу сияқты ойлар айтылды.
Арине, бұл іс-шара жемқорлыққа қарсы күрестің бір амалы, өйткені насихат пен ақпараттандыру ежелден тексерілген шешу жолы.
