Мазмұнға өту

Жаңа

Сіздің балаңыз қандай бағдарлама көреді?

Балапан арнасының балаларға арналған бағдарламалары жақсы-ақ. БІздің үйдегі бір жасар қызымыз «Әли мен Аяны» күнде көріп, өзіміз бірауық демалып қаламыз. Ұйықтарда да соны қосып береміз. Тәрбиелік жағынан да жақсы, қазақша тәп тәуір бағдарлама. Кеше санамақ туралы көріп, қызымыз қолымен санап үйреніп отыр. Мақтанып қалдық, үйретері көп осындай бағдарламалар көбірек түсірілсе, жаңа маусымда осында тағылымы мол жаңа түсірілімдер жасалса деген тілегіміз бар. Сіздің балаңыз қандай бағдарлама көреді?

0
0
380

Керекуде ақындар айтысы өтеді!

29 тамыз күні Жастар бастамаларын дамыту орталығында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Конституция күніне арналған облыстық ақындар айтысы өтеді. Тамаша айтыстың куәсі болыңыздар!

Уақыты: 15:00 де.

Кіру тегін!

1
0
516

Сонымен, ақыл ма? қайрат па? жүрек пе?

Тақырыпқа қарап әңгіменің Абайдың ең танымал қара сөзі он жетінші қара сөз туралы болатынын ұққан шығарсыздар. Сабақта отырып сыныпта отырған барлығымыз жүректің барлығын басқаруға тиіс екеніне келіскендей болдық. Бірақ бір бала өзіне сөз берілгенде: "Әр адамның бұл өмірде биік арманы болу керек және сол арманның болуы сол адамды анықтайтын нәрсе. Ал менің арманым мемлекетіміздің тәуелсіз және бейбіт болып көк байрағымыздың желбіреуі. Сол арманға жету үшін мен кей кездерде жүректі тыңдамауға дайынмын. Менің бұл жасайтын тірлігім ақталады ма?"- деді. Ойланып мен де бұл сұраққа өз жауабымды іздей бастадым. Жүрек деген, негізі, өте нәзік қой. Өзім де оны бастан біліп аңғармай, қайталанбас қателік те жасап қойдым. Жүректі тыңдамай оған көп жағдайға немқұрайлы қарап, маған әділетсіздікке бәріб…

0
0
1540

Ақсақал Кемел Жұмашевтың пікірімен мен де келісем

Соңғы уақыттары бала, тіпті бойжеткендер мен бозбалалардың жоғалуы туралы ақпараттар көбейіп, небір жан түршігерлік жаңалықтар естіп жүрміз ғой. Жақында Ұлттық арнадағы «Қоғамдық кеңес» бағдарламасы осы тақырып төңірегінде ойымда жүрген көп мәселелерді ортаға салды. Бағдарламаға қонақ ретінде шақыртылған ақсақал Кемел Жұмашевтың пікірімен мен де келісем. Неге балалар түнде жүреді, бұл ретте ата-аналардың жауапкершілігінің төмен екендігін көрсетеді деп атап өтті ақсақал. Рас, қазір жаз мезгілі, каникулдың қызған шағы, байқайтыным балалар түнде үйір-үйір болып жүреді, олар немен айналысып жүр, ата-аналары сол туралы біле ме осы сұрақтар шынында бәрімізді мазалайды. Үй ішінде тәртіп бар баланың жауапкершілігі жоғары болатыны белгілі, сондықтан айналамызда болып жатқан түрлі жағдайларды болды…

0
0
235

Абылай Мәшһүр жазбаларында

Мәшһүр Жүсіпті ауыз әдебиет үлгілерін жинаушы ғалым ретінде танып-біле бастаған шақта оның осы саладағы еңбегі том-том болып жарық көрді. Алғашқысында кейбіреулерге асыра айтылған сөз ретінде көрінген де болар. Енді, міне, сол күңгірт күмән сейіліп, Мәшһүр жинаған ауыз әдебиеті (Мұнан әрі жазбалары) үлгілерімен қалағанымызша сусындауға мүмкіндік алдық. Оған басты себеп Мәшекеңнің «ЭКО» ЖШС баспасынынан 2013 жылы 20 томдығының жарық көруі. Осы томдықтардың 9-томы 14 беттен 160 бетке дейін қазақтың ұлы ханы Абылайға арналған. Басқа томдарында да Абылай туралы жазғандары кездесіп отырады. Сол мұраның «Абылайдың тұтқын болуы» атты әңгімелеріне тоқталмақпыз. Аталған әңгіме 10 нұсқадан тұратыны көрсетілген (А.Қ.Жүсіпова). Соның біз айтып отырған жинақта 5 (бірінші нұсқасы ақынның 2001 жылы жары…

1
0
1017

«НҰР ОТАН» партиясы Әуезов аудандық филиалы « Чайка » ЖТК МКК

«НҰР ОТАН» партиясы Әуезов аудандық филиалы « Чайка » ЖТК МКК «Қалалық Перинаталды орталық» бастауыш партия ұйымының 2016 жылдың 1-ші жарты жылдық (қаңтар-маусым айлары аралығына) есеп беруі. ЖКТ «Чайка » «Қалалық Перинаталды орталық» бастауыш партия ұйымының мүшелер саны қаңтар-наурыз айларында 2016 жылы –495. Оның ішінде зейнеткерлер саны- 23 Жұмыс орындарын ауыстыру себебінен ,тағы да басқа себептерден -50 партия мүшесі шығарылды. Қайта партия қатарына 178 адам қабылданды. Жүктілікке байланысты демалысқа кеткендер саны- 71 «Қалалық Перинаталды орталық» бастауыш партия ұйымы партияның арнайы жұмыстарын әрі қарай жаңғырту мақсатында арнайы бөлме жұмысын жалғастыруда. Оның іші қабырға газеттерімен, мемлекеттік рәміздерімен, қажетті құжаттарымен, бөлме жабдықтарымен қамтамассыз етілген. «Н…

0
0
1322

“№110 мектеп-гимназия” бастауыш партия ұйымы

“№ 110 мектеп-гимназия” директордың орынбасары бастауыш партия ұйымының төрағасы, Кобельдесова Сайраш Турсынгалиевна «Нұр Отан» партиясының жобасы бойынша 01.08-30.09 2016 ж. Жетімін жылатпаған,ағайынын алаламаған,жақынынан жан жылуын аямаған, халқымыздың қасиетті дәутүрін Жетісу ауданының Жанар Абитова басшылық ететін № 110 мектеп-гимназиясының ұжымы жалғастыруда. Биыл да «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырып, көздері жәудіреп, жағдалары төмен оқушыларға жүректерінің жылуын сыйлап, қолұштарын ұсынды. «Нұр Отан» партиясы Жетісу ауданы әкімі Р.Т Кошеновичтің ұйымдастырылуымен жетімін жылатпаған,ағайынын алаламаған, жақынынан жан жылуын аямаған халқымыздың қасиетті дәстүрін Жетісу ауданының Жанар Абитова басшылық ететін № 110 мектеп-гимназиясының ұжымы мен ата-аналары да жалғастыруда Қазақст…

0
0
4080

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің 2016 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындылары бойынша негізгі қызметі туралы ақпарат Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы бойынша

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және анықтау бағыты Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту мақсатында Департамент күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін (zakon.kz; 356info.kz; inform.kz; tengrinews.kz; kokshetau.asia; «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық» zannews.kz; «Атамекен» ҚР ҰКП palata.kz; zhalobakz.com; zhalobi.kz сайттары; «Караван», «Любимый город» және басқа газеттердің сайттары) жүргізеді, статистика органдарының мәліметтері мен басқа дерек көздерін (жеке және заңды тұлғалардың шағымдары) зерттейді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес Департамент тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік…

0
0
595

«Өмір» атты өзенде жүзу үшін, ең алдымен «мектеп» атты кемеге отырасың.

Бір аптадан соң алғашқы қоңырау соғылып, білім күні ата өтілмек. Қызық, жазғы каникул да өте шықты зырғып, іні-қарындастарыма қызығып отырмын мектепке баратын. "Өмір" атты өзенде жүзу үшін, ең алдымен "мектеп" атты кемеге отырасың. Ол кемеге небір дарынды тұлғалар да, әлемді бас идірген толағайлар да отырды, сіз де отырдыңыз, біз де отырдық. Қазір мектеп бітіргенімізге бақандай он жылдан асса да, сонау сағынышқа айналған оқу кезеңдерін естен шығара алмаймыз. Өйткені сынып мектебі бізді өмір мектебіне жетеледі, үйрендірді, жирендірді. Биыл үштілділік пен жаңа білім стандарты енгізіліп, балалар бес күндік білім алуға көшеді. Сіз бен біз оқыған мектеп өзгереді аздап. Ұстаздар қауымына бас ие отырып, әрдайым жаңа оқу жылы басталарға жақын мектепті еске алатыным бар. Сіз оқушы кезіңізде кім бо…

0
0
748