Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тамыз кеңесі

2016 жылғы 22 тамызда Қазақстан Республикасының педагогикалық қызметкерлерінің «Білімді ел – мәңгі ел» тақырыбында дәстүрлі тамыз кеңестері аясында облыстың білім беру ұйымдары басшыларының секциясы өтті.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары, Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Мемлекеттік жалпыға міндетті жаңартылған білім беру стандартымен белгіленген міндеттерді іске асырудың өзекті сұрақтары талқыланды.

Кеңесті Иванова Тамара Николаевна, Павлодар облысының білім беру басқармасы ашты.

Пленарлық бөлімде Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының директоры Слямова Сауле Шаимовна, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика кафедрасының профессоры, п.ғ.к. Омарова Вера Константиновна, Павлодар қаласының Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері, тренер Ныгметова Бибигуль Джамбуловна баяндама жасады.

Коучинг-сессия түрінде өткізілген практикалық бөлімде мектеп көшбасшылары білім беру мазмұнын жаңартуды іске асыру жағдайында көшбасшылық пен менеджмент, мектептегі инновациялық үдерістерді басқару, ұстаздардың кәсіби өсуі үшін дамытушылық кеңістік құру сұрақтары бойынша пікір алмасты. Заманауи менеджерлер меңгеруге тиісті заманауи жағдайлардағы басшы тұлғасының рөлі, сапалары туралы сұрақ пікірталас туғызды.

Секция қатысушылары заманауи менеджмент мотивациялы, креативті, шоғырланған, аралас болуы, ал директорлар басқарудың инновациялық әдістерін меңгеруі тиіс деген ортақ пікірге келді. Секция жұмысының қорытындылары бойынша ұсыныстар қабылданды.

М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында тәрбие бағыты бойынша педагог қызметкерлерінің және қосымша білім беру педаготарымен тамыз секциялық кеңесі өткізілді. Кеңес тақырыбы – «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы негізінде оқушыларды патриотизмге, азаматтық, толеранттық және көшбасшылық қасиеттерге тәрбиелеу». Іс-шара облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен өтті.

Кеңес жұмысына 350 маман қатысып, оның ішінде Оқушылар сарайының әдіскерлері және педагогтары болды. Кеңестің екі отырысында Оқушылар сарайының әдіскерлері Людмила Мельник және Динара Жаканова баяндама жасады. Людмила Владимировна әдістеме жұмысының консалтингтік қызметі туралы мәлімдесе, Динара Орынбасаровна – мектептегі өзін-өзін басқару жүйесінде шығармашылық және көшбасшылық қабілеттер жайлы сөз қозғады.

2015-2016 оқу жылының қортындысы бойынша Павлодар облысының білім беру басқарамасының Құрмет грамотасымен білім беру жүйесіне үлесін қосқан үшін Оқушылар сарайының әдіскері Оксана Петрович марапатталды. Павлодар облыстық маслихаты атынан ұзақ мерзімді адал еңбегі мен кәсібилігі үшін Оқушылар сарайы «Музыкальный квартал» үлгілі эстрада вокал студиясының жетекшісі Татьяна Атлан марапатталды.

23 тамызда Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы облыстық «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде дәстүрлі тамыз педагогикалық оқулары аясында «Білімді ел – мәңгі ел» тақырыбында аудандық және қалалық әдістемелік қызмет қызметкерлерінің кеңесін өткізді. Әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерін талқылау үшін аудандық және қалалық білім беру бөлімдері әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері мен әдіскерлері шақырылды.

Кеңес жұмысына Павлодар облысы білім беру басқармасының мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, Педагогикалық шеберлік орталығы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренерлері, Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының әдіскерлері қатысты.

Әдістемелік қызметкерлердің тамыз секциясының пленарлық бөлімінде білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектептердің инновациялық қызметін әдістемелік қолдау, педагогикалық шеберлікті арттыру бойынша мұғалімдерге нақты көмекті ұйымдастыру, сондай-ақ жаңа оқу жылында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері талқыланды. Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының директоры Слямова Сәуле Шәйімқызы, Павлодар қ. Педагогикалық шеберлік орталығының тренері, аға менеджер Мельникова Юлия Геннадьевна баяндама жасады.

Алғаш рет «Үздік әдістемелік кабинет» байқау-конкурсы өткізіліп, конкурс қорытындылары бойынша Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетіне ауыспалы кубок табысталды (кабинет меңгерушісі Нұрахметова Шолпан Сәменқызы), ІІ дәрежелі дипломмен Ақтоғай ауданының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті марапатталды (кабинет меңгерушісі Қожахметова Бибигүл Адамқызы), ІІІ орынды Баянауыл ауданының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті иеленді (кабинет меңгерушісі Нұртаева Гүлнәзи Зейноллақызы).

«Шоқжұлдыз» номинациясында Железин ауданының әдіскерлер командасы диплом алды, «Әдістемелік шеберлік шыңына» номинациясымен Шарбақты ауданының командасы аталды, «Үміт» номинациясында Павлодар ауданының әдістемелік кабинеті марапатталды.

Кеңес соңында қалалық және аудандық әдістемелік кабинетттер қызметінің қорытындылары шығарылды. Өткен оқу жылында жақсы нәтижелер көрсеткен қатысушыларға дипломдар, құнды сыйлықтар, алғыс хаттар, сертификаттар табысталып, үлестірмелі материал таратылды.

Облыстық білім беру басқармасы тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Самал Қадырованың айтуынша, «Жаз-2016» байқауына барлығы екі қала мен 10 аудандық білім беру бөлімі қатысқан.

-    Бұл жолы  Екібастұз қаласының білім бөлімі  байқауға жіберілген жоқ. Себебі  олар өткен жылы конкурстың бас жүлдесін ұтып алған болатын.  Байқау барысында оқушылардың  жазғы маусымда демалыспен қамтылуына, сауықтырылуына   баса назар аударылды. Нәтижесінде көшпелі және профильдік, киіз үй лагерьлерін жоғары деңгейде ұйымдастырған Павлодар қаласының білім беру бөлімі  бас жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ,  бірінші орын Шарбақты ауданына, екінші орын Ақсу қаласына  және үшінші орын Успен ауданына бұйырды, - деді Самал Қадырова.

Айта кетерлігі, биылғы жылы Павлодар облысында  1-10 сынып оқушыларының 98,8 пайызы жазғы демалыспен қамтылды.

Облыс әкімі Болат Бақауов қол жеткізген жетістіктері мен педагогикалық шеберлігі үшін номинациялар бойынша үздіктерді Қазақстанда шығарылған LADA Granta автокөлігімен марапаттады. Олар, «Алтын қор» номинациясында педагогика ардагері, «Қазақ КСР білім үздігі» Қазбек Садықов, «Көшбасшылық пен нәтижелік» номинациясында Успен ауданы №3 орта мектеп директоры Бибігүл Жұмабекова, «Шығармашылық пен шеберлік» номинациясында Музыка колледжі-музыкалық мектеп-интернат кешенінің директоры Виктор Денисенко, «Жыл жетістігі» номинациясында «Жас дарын» мектебінің математика пәнінің ұстазы Арыстан Текенов.

             

Марапаттау дерегі Рavlodarnews.kz  сайтынан алынды.

   
0
0
1872

Осы тақырып бойынша

Тамыз кеңесі - Yvision.kz