Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Білім беру мекемелері алдында орналасқан жол белгілерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде

2016-2017 жаңа оқу жылының басталуына байланысты Қызылорда қаласы көлеміндегі барлық білім беру ұйымдарының айналасында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жаяу жүргіншілердің қатысуымен, оның ішінде жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жол қозғалысын реттейтін техникалық құрылғыларға (бағдаршам, жол белгілері, жол үсті таңбалары, жаяу жүргіншілер жолы) зерделеу жұмыстарын жүргізілді. Нәтижесінде, облыс орталығындағы біршама білім беру ұйымдарының алдында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жол белгілері мен жол үсті таңбалары жетіспейтіндіктері анықталды.

Зерделеу нәтижесімен қала аумағында орналасқан 59 білім беру ұйымдары  мен мектепке дейінгі мекемелер алдында 106 дана жол белгілері жетіспейтіндігі, 26 дана жол белгілерін қайта қалпына келтіру керектігі, 65 жерде жаяу жүргіншілер өтпелінің таңбаларын жаңарту жұмыстарын жүргізу керектігі анықталып, 5 мектептің алдында орналасқан кейбір жол белгілері тал бұталарынан көрінбей қалғандығы белгілі болды.

Осы ретте, аталған кемшіліктерді жою үшін қала әкімдігіне  хабарлама-ұсыныстар беріліп, қалалық коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөліміне кемшіліктерді жою жөнінде ұйғарым жолданды. Нәтижесінде аталған бөліммен қазіргі таңда 26 дана жол белгілері қайта қалпына келтірілсе, жетіспейтін 106 жол белгісінің 48-і орнатылып, 50 жерде жаяу жүргінші жол үсті таңбалары жаңартылды.

Дәл осындай жұмыстар барлық аудандық Ішкі істер бөлімдерінде де жүргізілуде.

 

Қызылорда ОІІД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Қалмұрат Рахматуллаев

 
0
0
996

Осы тақырып бойынша