«Газдалған» Қазақстан
2016 жылдың 26 тамызында ҚР Энергетика министрлігінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің тапсырмасы бойынша Қазақстанның газ өнеркәсібін дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы болып өтті.
Жиналыста газ саласындағы барлық маңызды мәселелер және жекелеген мәселелер бойынша тиісінше нақты шешімдер қабылданды.
Тауарлық газға баға белгілеу тетігін жетілдіру бойынша ұсыныс енгізілетін болады.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ табиғи газды сату бағасын доллар валютасынан ұлттық валютаға ауыстыру жөнінде «Теңізшевройл» ЖШС-мен келіссөздерді жалғастырады.
«Сарыарқа» газ құбыры магистралін салу жобасының (Астананы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральді газ құбырынан: «Қараөзек» (Қызылорда) компрессорлық станциясы-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астанамаршруты бойынша) техникалық экономикалық негіздемесін әзірлеу (мемлекеттік талдаумен қоса алғанда) жұмыстары қайта басталады.
«ҚазТрансГаз» АҚ және «General Electric» компанияларына облыс Әкімдіктерімен бірлесіп елді мекендерді газдандыру үшін ілеспелі табиғи газдың жаңа технологиясын пайдалану мүмкіндіктерімен кешенді жоспарын әзірлеуді бастайды.
Сонымен қатар Облыс және Алматы қаласының Әкімдіктері және «ҚазТрансГаз» АҚ 2040 жылға дейін газды пайдаланудың нақтыланған болжамын құрады. Ал ҚР мұнай өндіруші компаниялары 2040 жылға дейін бөліп көрсетілген Газдың болжалды теңгерімін есептеп жатыр.
Мұнай өндіруші компаниялардың және жергілікті атқарушы органдардың табиғи газды пайдалану жөніндегі деректері негізінде Энергетика министрлігі 2040 жылға дейінгі Газдың ұзақ мерзімді болжалды теңгерімін әзірлейді.
«ҚазТрансГаз» АҚ Қарағанды облысының Әкімдігімен бірлесіп Қарағанды көмір алабының көмір қабаттарының метанын өндіру жобасын іске асыруды жалғастырады.
ҚР Энергетика министрлігіне «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ бірлесіп ҚХР ресей газын тасымалдау және Қытай халық республикасына қазақстан газын шығару мәселелерін пысықтау жұмыстарын жалғастырады.
ҚР ЭМ Баспасөз қызметі
