«Жасыл көпір – „жасыл“ технологияларға, инновациялар мен қолжетімді энергияға көпір» атты халықаралық конференциясының АНОНСЫ
14-15 қыркүйекте Астана қаласында ең алдымен тек біздің елімізде ғана емес әлемде де жасыл экономиканы ілгерілетуге арналған «Жасыл көпір – «жасыл» технологияларға, инновациялар мен қолжетімді энергияға көпір» атты халықаралық конференциясы, «Жасыл бизнесті құқықтық қорғау және экономикалық ынталандыру тетіктері» атты дөңгелек үстел және «FUTURE WAVE – инновациялық мүмкіндіктердің тұғырнама алаңы» Жастар форумы өткізіледі.
Бағдарлама жасыл экономикаға көшудегі халықаралық ынтымақтастық, озық жасыл технологиялар мен тәжірибелер трансферті, жасыл бизнесті дамыту, институционалдық және техникалық инновацияларды ынталандыру мәселелеріне арналған.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, G-Global Халықаралық Секретариаты, «Жасыл» экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту» коалициясы, Л.Н.Гумилев атындағы Евразиялық Ұлттық Университеті, Қазақстанның еріктілер Альянсы.
Ресми қолдау: Қазақстандағы БҰҰ ДБ, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисі, «Астана ЭКСПО» ҰҚ» АҚ
Әріптестері: Азиялық Даму Банкі, Жапондық сыртқы сауда ұйымы, Корей инвестициялар мен саудаға ықпал ету агенттігі, «Жасыл Көпір серіктестік бағдарламасы» ХҰ» ЗТБ.
Жұмысқа 20-дан аса шет елдер салалық министрліктер мен ҮЕҰ басшылары қатысады. Сонымен қатар Конференция мен Форум қонақтарының ішінде – ҚР Парламент депутаттары, министрлік және ҚР даму институттары өкілдері, халықаралық сарапшылар, ҮЕҰ басшылары және елдердің бизнес-құрылымдары, жастар ұйымдары, БАҚ өкілдері және т.б.
Конференция бағдарламасымен егжей-тегжейлі http://www.gbpp-expo.org сайтында танысуға болады
