Департамент басшысы Теректі ауданы Ақжайық ауылында болды
2016 жылдың 1 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.С.Нұртазин облыстық ақпарттық топ мүшесі құрамында Теректі ауданы Ақжайық ауылының жалпы білім беретін мектебінің «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынына қатысты.
Салтанатты шарада департамент басшысы барлық ұстаздар мен ата-аналарды білім күнімен құттықтап, еліміздің жеткен жетістіктеріне тоқталды және оқушырарға жаңа оқу жылында табыстар тіледі.
Сапар барысында М.С.Нұртазин тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдауда болған азаматтар мемлекеттік қызмет саласына мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелерін көтерді.
Кейін ауылдық округ әкімдігінде округ активінің қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесуде департамент басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы азаматтарды тұрақты түрде ақпараттандырып тұру, мемлекеттік қызметке меритократия принципі бойынша тағайындау, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс өтілін есептеу бойынша нақты сұрақтарға жауап берді.
