ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Мұнайдың да сұрауы бар

2016 жылдың 26 тамызда ҚР Энергетика министрлігінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің тапсырмасы бойынша мұнай-газ саласындағы ірі жобалардағы қазақстандық қамту бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы болып өтті.

Жұмыс тобының мақсаты  мұнай сервисі және ірі жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы барлық мәселелердің шешімін табу болып табылады, бұл аймақтардағы әлеуметтік жағдайға, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен қамтуға жағымды әсерін тигізуі тиіс.

Өткен бірінші отырыстың өзінде ғана бірқатар маңызды және алдыңғы қатарлы шешімдер қабылданды. Теңізшевройл (ТШО) және Норт Каспиан Оперейтинг Компани (НКОК) компаниялары ерте келісімшарттарды беру тетігін енгізу және жобаларына сынамалы тапсырыстарды орналастыру мүмкіндігін қарастыруы тиіс.

Сондай-ақ мұнай-газ кен орындарындағы Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған үш ірі операторға, сонымен қатар «PSA» ЖШС және «ҚазМұнайГаз» АҚ қолданыстағы деректер базасын «ALASH» Бірыңғай деректер базасымен біріктіру мәселесін тездету қажет.

ҚР Энергетика министрлігі ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп көрсетілген қызметтерді жеткізудің мерзімдерімен шамалас төлем мерзімдерін белгілеу, Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидасына өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарастыруды жоспарлап отыр.

Бұдан әрі «Атамекен» ҚР ҰКП –мен  НКОК, Карачаганак Петролеум Оперейтинг (КПО) және ТШО міндеттемелерін, жұмыстар мен қызметтер, аталған жұмыстар мен қызметтер ұсынуға жергілікті жабдықтаушылардың дайындығы, экономикалық және техникалық тиімділігі бойынша отандық сервистік компаниялардың нарығын талдау және шетелдік ірі мұнай-сервистік компаниялармен бірлескен кәсіпорындар құру бойынша нақты ұсыныстарды Үкіметке енгізу бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілді.

Бұдан әрі ҚР Энергетика министрлігі  ҚР Ұлттық экономика және Әділет министрлігіне бірлескен кәсіпорындарды тіркеу мерзімдерін қысқарту және қажетті рұқсат құжаттарын, соның ішінде жобалауға, құрылыс-құрастырымдық жұмыстарға және т.б. арналған лицензия алу мүмкіндігін қарастыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігі «Атамекен» ҚР ҰКП –мен, ҚР Ұлттық экономика және Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп жеткізушілерді ТШО, НКОК және ҚПО жобаларында қолданылатын импортталған жабдыққа салынатын импорттық баждардан және қосымша құн салығынан (ҚҚС) босату мәселелерімен қоса, отандық мұнай сервисін мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ұсыныстар енгізуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар ҚР Энергетика министрлігі «Атамекен» ҚР ҰКП –мен бірлесіп, қытайлық қатысу үлесі бар компанияның сатып алуларын техникалық ерекшеліктерде көтеріңкі талаптардың бар болуы мен тендерге қазақстандық жеткізушілерді негізсіз қабылдамау бойынша талдау жүргізу бойынша жұмысты бастайды.

ҚР Энергетика министрлігі «Атамекен» ҚР ҰКП –мен бірлесіп, жер қойнауын пайдаланушылар мен отандық компаниялар үшін «Бір терезе» қағидатын қолдану тетігі бойынша жұмыстарды бастауды жоспарлап отыр.

ҚР ЭМ Баспасөз қызметі