Мазмұнға өту

Жаңа

Сергелдең болған арулар

Қазіргі қоғамда күйеуге шыға алмай жүрген немесе алданып аяғы ауырлап қалған бойжеткендерімізді көптеп кездестіреміз.Əрбір адамның достарының арасында осындай жандар кездесіп жатады.Менің бүгінгі айтқым келіп отырған тақырыбым тікелей қыздардың тұрмыс құру үшін істейтін айла-əрекеті десем артық кетпес шығармын.Бұл қандай айла əрекеттер деп ойлап отырған шығар ерлер қауымы.Бұл жайлы көсіле жазуға əбден болады.Сол айланың бірінші түрі ер адамды еліктіру: түріне өзгеріс енгізу, дене бітімін жинақы модель параметрелеріне сай жасау (əрине пластикалық ота ол оңай жолы) немесе диета ( herbalife daigo)т.б. тамақтану тəртібіне көшу.Ия мүмкін əдемілік біраз уақытқа адамды өзіне тартары сөзсіз ал іші шіріп жатқан адаммен өмір сүру қызықсыз тек оны іскерлік кездесулерде жансыз қуыршағың ретінде алып бару үшін немесе қалталы достары алдында мақтану. Табиғатынан сұлу қыздар баршылық  бұлар сөзсіз фавориттер əрине жасандылықсыз бейне; екінші бір айла ол жігіт ауқатты отбасынан болса ақсүйектер ортасына келін болғысы келіп жүрген қыздардың жалдамалы көлік алып,өз айналасында бұрыннан майшабақта жүрген қыздармен араласу, секонд хендтерден  немесе бутиктардан италияндық киімдердің жасанды фейк түрін сатып алып қымбат кофеханаларға, ресторандарға бару бұндай қымбат жерде еркетотай ақшасы бар ауқатты отбасынан шыққан адамдар жігіттер көптеп келетіні анық.Бұл айланың іске асатыны анық себебі бай-байға құяды,кедей-сайға құяды деген сөз бар емес пе.Бұндай жалған ойынды айыру үшін жігіт біраз уақытын жоғалтып алғанша қыз діттеген мақсатына да жетіп қалар; Енді бір мəселе ол мінездегі тəрбиедегі жасандылық бұл қалай деп ойлайсыз ?!хм бұндай қыздар үнемі қасымда көп болатын.Мысалы жігіт көзінше майысу,даусын көтермей сөйлеу,қазақи салт дəстүрлерді білетін кейіп таныту.Ал кешке сол қыздардың басқалармен жарыса сөйлеп,дарақылана күліп клубта темекі мен пивоны сімргеніен айтпай ақ қояйық.Енді осы этаптардан өтіп өз мақсатына жетейін деп қалған қыз оның туған туыстарына ұнауы керек емес пе. Жігітті өзіне толықтай ғашық ету үшін анасымен жақсы қарым-қатынаста болу. Бұл шешуші соңғы кезең.Себебі ұнамаған қызды шешесі қайтсе де алдыртуы екі талай.Сол себептен жігітінің туған күнінде үйіне торт жіберу,болмаса анасының туған күнінде телефон қоңырауын шалу сияқты тəсілдер.  Осындай қиын емес рөлді ойнап шықса жігіті ұсыныс жасап сырға салу рəсімі өтіп үйленіп жатқан қыздар қаншама.Ал бір ай шамасы өткен соң үй шаруасына араласпай түс ауғанша ұйықтап енесіне дік-дік етіп жатады.Осыдан шығар қорытынды барынша қарапайым болыңдар қыздар.Ең маңыздысы əдемі дене, бет пішіні емес иман.Өзі адал адамға үнемі Құдай жолын оңдап олжаға кенелтіп жақсы бір адаммен жолықтырады.Бай жігіттер қарату үшін олар үшін құрбан болмаңыздар ол өзі жүрегіңізді жаулаймын деп құрақ ұшсын.Өсіңіз,жетіліңіз,рухани əлеміңізді байытыңыз сонда бойдақ жігіттің жүрегін жаулап, келін боларыңыз анық.

P.S. бұл менің жеке ойым өмірден алған бір аз тəжірибем. Алар жерін алып керексізіне мəн бермей-ақ қойыңыздар.Ұнап жатса маған жазшы деген тақырыптарыңызды ұсынуларыңызға болады.

0
0
918

Өзбек-қазақ бір туған

"Юлдашың қозоқ булса, юлдан адашмайсын" деп айтқан сөзі бәріміздің есімізде. Тағы бірде "Біз өзбектер бір туғанымызды, туысымызды алысқа сапарға жіберіп жатсақ "Досың қазақ болсын" деп бата-тілек береміз... Осы бір бата-тілек бүкіл Қазақ халқының кім екенін ашып тұр, Қазақ ешқашан досын жауға бермеген, досын сатпаған, досын жолға тастамаған" деп айтып еді. Содан болар,  біздің Елбасымызбен Ислам Каримовтың достығы берік болды. Қанаттаса қос елді, дос елді басқарды. Біз де, қазақ халқы "Өзбек өз ағам" деп, қойымыз қоралас, малымыз аралас болдық. Бауырларымыздың басына түскен қайғы біздің көңілімізге кірбің шалдырды. "Адам болып келген соң, адам боп өту парызың" деп, ат үстінде, ел аузында, елге қызмет етумен дүниеден өткен Ислам аканың адамдық бейнесінің қаншалықты биік, қастерлі екенін көрсетіп кетті бұл өлім. 25 жыл бойы "елім!" деген Президентке 5 күндік өмірден 5 күн бұйырмаған екен. Ел тәуелсіздігіне 5 күн қалғанда дүниеден өтті. Өзбек еліне көңіл айтып, сабыр тілейміз.

3
0
2788

ОҚО-ның Қазығұрт ауданында 2,5 млрд теңгеге 6 жаңа білім ошағы салынды

Қазығұрт ауданында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мерекесіне және білім күніне орай ауданымыз алты мектепті сыйға тартып отыр, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Атап айтқанда, ауданның Қақпақ ауылынан 300 орындық бір мектеп, Көкібел, Қызылдихан, Жұмысшы және Еңбекші ауылдарынан 200 орындық бес мектеп пен Тесіктөбе елді мекенінен 150 балаға шақталған бір білім ошағы оқушылар үшін есігін айқара ашты. Төрт апатты, екі ыңғайластырылған білім ордаларының жойылуын мақсат еткен бұл құрылыстарға Ұлттық қор мен облыстық бюджеттен 2,5 млрд. теңге қаржы жұмсалды.

Соның бірі – Қақпақ ауылдық округінен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған 300 орындық Қақпақ жалпы орта мектебі. Бұл мектепке Ұлттық қордан 540 млн. теңге қаржы бөлініп, мердігер мекеме 7 айдың ішінде құрылысты сапалы аяқтап шықты.

Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев барша тұрғындарды мерекемен құттықтап, ауыл халқының қуанышымен бөлісті. Салтанатты жиын кезінде С.Тұяқбаев ауданда ашылып жатқан білім ошақтарының ұжымына облыс әкімінің сыйын тарту етті.

Жаңа мектептер заман талабына сай мультимедиалық, лингофонды кабинеттермен жабдықталған. Сондай-ақ, физика, химия, биология кабинеттері арнайы талапқа сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілсе, қосымша спорт зал мен асхана жайлары да бар.

Айта кеткен жөн, биылғы жаңа оқу жылында аудан бойынша 27 мыңнан астам оқушы білім алатын болса, соның биыл 2970-і 1-сыныпқа барды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
324

«Нұрлы жол» бағдарламасының мақсатты трансферті бойынша игеру қаржыландыру жоспарына 97 пайызды құрады – ҰЭМ

2016 жылдың 1 қыркүйегінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 304,4 млрд теңге 769,6 млрд теңгеден игерілді, бұл «Нұрлы жол» бағдарламасының мақсатты трансферті бойынша игеру қаржыландыру жоспарына 97 пайызды құрады, деді деді Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

«2016 жылдың 1 қыркүйегінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 304,4 млрд теңге 769,6 млрд теңгеден игерілді. «Нұрлы жол» бағдарламасының мақсатты трансферті бойынша игеру қаржыландыру жоспарына 97 пайызды құрады», - деді ол.

Көліктік-инфрақұрылымдық даму үшін 197,7 млрд теңге қарастырылған, игеру 99,7 млрд теңгені құрады.

Министрдің айтуынша, жылу мен сумен қамту жүйесін жаңғырту үшін  90 млрд теңге қарастырылған,  55,2 млрд теңге немесе 100 пайызы игерілді. Тұрғын үй мен инфрақұрылым құрылысына 329,7 млрд теңге, инфрақұрылымға 78,5 млрд теңге қарастырылған, оның 37,7 млрд теңгесі немесе 90,6 пайызы игерілді. 702 шақырым инженерлік желі салынды.

«Баспана құрылысына 251,2 млрд теңге бөлінді, бүгінде 178,3 млрд теңге келісімі бар. Білім беру  нысанының құрылысына 60,9 млрд теңге құрады, ол 32,0 млрд теңге немесе 91,3 пайызы игерілді», - деді министр.

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
482

Н.Назарбаев АҚШ Президентін Қазақстанға сапармен келуге шақырды

Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамамен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар бірқатар маңызды салалардағы екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

Екі елдің көшбасшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Б.Обаманың президенттігі кезінде екі ел арасындағы ынтымақтастық көптеген бағыттар бойынша, соның ішінде ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласында жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті.

Б.Обама Нұрсұлтан Назарбаевтың Америка Құрама Штаттары үшін жақын дос және сенімді серіктес екенін айтып, өзінің президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін де өзара тығыз іс-қимыл жасауға әзір екенін жеткізді.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті АҚШ Президенті Б.Обаманы елімізге сапармен келуге шақырды.

Кездесу барысында компаниямен ынтымақтастықты дамыту және оның Қазақстандағы қызметі аясын кеңейту перспективалары, соның ішінде электронды коммерция мен төлем жүйелерін интеграциялау саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы біздің ел Қытайдағы электронды сауда саласының үздігі болып саналатын және сол бағытта зор жетістікке жеткен «AlibabaGroup» қызметінің тәжірибесін зерттеуге мүдделі екенін атап өтті.

«Мен сіздің компаниямен серіктестікті қолдаймын. Біздің ұлттық компаниямыз – «Қазпоштаның» «Alibaba Group» компаниясымен өзара тиімді іс-қимыл жасауға барлық мүмкіндігі бар. Жалпы, сіздердің компанияларыңыз тәрізді кәсіпорындар әлемдік экономиканың орнықты дамуы мен тұрақтылықтың факторы болып саналады. Әлемді саяси фрагментациялау, шекараларды жабу және өзара санкция салу белең алған қазіргідей жағдайда сіздер бұл кедергілерді табысты еңсеріп, халықаралық сауданың дамуына ықпал етіп отырсыздар», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Д.Ма Қазақстанда компанияның бастамаларына қолдау көрсетіліп отырғаны үшін алғыс айтып, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары туралы айтып берді. Сондай-ақ, «Alibaba Group» директорлар кеңесінің төрағасы елімізбен серіктестік қарым-қатынастың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Канаданың Премьер-Министрі Джастин Трюдомен кездесті.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
259

Елбасы G20 саммиті аясында делегация басшыларымен 20 кездесу өткізді

Елбасы «Alibaba Group» директорлар кеңесінің төрағасы Джек Мамен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында компаниямен ынтымақтастықты дамыту және оның Қазақстандағы қызметі аясын кеңейту перспективалары, соның ішінде электронды коммерция мен төлем жүйелерін интеграциялау саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы біздің ел Қытайдағы электронды сауда саласының үздігі болып саналатын және сол бағытта зор жетістікке жеткен «AlibabaGroup» қызметінің тәжірибесін зерттеуге мүдделі екенін атап өтті.

«Мен сіздің компаниямен серіктестікті қолдаймын. Біздің ұлттық компаниямыз – «Қазпоштаның» «Alibaba Group» компаниясымен өзара тиімді іс-қимыл жасауға барлық мүмкіндігі бар. Жалпы, сіздердің компанияларыңыз тәрізді кәсіпорындар әлемдік экономиканың орнықты дамуы мен тұрақтылықтың факторы болып саналады. Әлемді саяси фрагментациялау, шекараларды жабу және өзара санкция салу белең алған қазіргідей жағдайда сіздер бұл кедергілерді табысты еңсеріп, халықаралық сауданың дамуына ықпал етіп отырсыздар», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Д.Ма Қазақстанда компанияның бастамаларына қолдау көрсетіліп отырғаны үшін алғыс айтып, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары туралы айтып берді. Сондай-ақ, «Alibaba Group» директорлар кеңесінің төрағасы елімізбен серіктестік қарым-қатынастың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Канаданың Премьер-Министрі Джастин Трюдомен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Канада арасындағы ынтымақтастықтың сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалар тәрізді басты бағыттарына қатысты пікір алмасылды.

Бұдан бөлек, халықаралық дамудың көптеген мәселелері бойынша ұстанымның ортақтығы, сондай-ақ түрлі салаларда, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласында екіжақты өзара іс-қимылды нығайту үшін зор әлеует бар екені айтылды.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев Д.Трюдоны Астанаға сапармен келуге шақырды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
413

Германияда ЕҚЫҰ мүше елдері ұйымның нығаюын талқылады

ГФР ЕҚЫҰ-ның төрағалығы шеңберінде Еуропадағы Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) елдері сыртқы істер министрлерінің бейресмикездесуінің жұмысына қатысу мақсатында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың сапары өтті, деп хабарлады СІМ.

Постдамда өткен іс-шара барысында Р. Василенко ЕҚЫҰ қатысушы-елдердің сыртқы саясат ведомстволардың басшыларын, қазіргі уақыттағы ҚР сыртқы саясаттың, сондай-ақ 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне жоспарланған мүшелігі аясында басымдылықтарымен таныстырды.

Нью-Йорк қаласында өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында атап өтілген Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларына, «Әлем. XXI ғасыр» манифестің ережелеріне және 2016 .ж. 29 тамызда өткен «Ядролық қарусыз әлемді құру» халықаралық конференциясының нәтижелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстандық дипломат ЕҚЫҰ жұмысын келешекте күшейту бойынша бірқатар ұсыныстар жасады, оның ішінде ұйымның екінші өлшемі – экономикалық-экологиялық қауіпсіздік, нақты айтқанда, герман төрағалығы шеңберінде мемлекеттердің экономикалық өзара ықпалдастығын көтеру және өзара сауда үшін тосқауылдарды алып тастау болды.  «ЕҚЫҰ кәсіпқой тәжірибемен, біліммен, сараптамамен және жаңа технологиялармен алмасу арқылы аталған салада ынтымақтастық орнатуға қолғабыс көрсете алады» деп атап өтілді.

Сонымен қатар, «еркін сауда мен Тынық және Атлант мұхитке дейін ілгертілген экономикалық ынтымақтастық кеңістікті» құру мақсатында Еуроазиялық экономикалық қеңес және Еуропа Одағы арасында өзара ықпалдастықты орнатуға ЕҚЫҰ-ның рөлін қарастыруды ұсынылды.

Осы мағынада ЕҚЫҰ қатысушы-елдердің көбі алдағы уақытта қатысатын «ЭКСПО-2017» көрмесінің және ұйымның маңыздылығы аталып өтілді.

Кездесуде халықаралық қауіпсіздік мәселелері кеңінен талқыланды, нақты айтқанда, Украина қақтығысының реттеуіне ЕҚЫҰ тарту, ЕҚЫҰ кеңістігінде ұзақ уақтылы қақтығыстарды шешуде ұйымның рөлі, сондай-ақ Еуропадағы көші-қон дағдырысқа ұйымның мүмкін қатысуы. Сөз айтқан барлық қатысушылардың негізгі үндеулері: ЕҚЫҰ қатысушылар-мемлекеттері арасында өзара сенімді орнату қажеттілігі, ұйымның және оның институттарын келешекте нығайту болды. Осыған орай, кездесуде ЕҚЫҰ негізін қалаушы құжаттарда бекітілген, соның ішінде 1975 ж. қол қойылған Хельсинки актін және 2010 ж. Астаналық декларациясын қоса алғанда негізгі қағидаттарды нығайту және сыйлау маңыздылығы аталып өтілді. Іс-шара алаңында қазақстандық дипломаттың Германия, Аустрия, Ұлыбритания, Мажарстан, Италия, Латвия, Литва, Люксембург, Македония, Норвегия, Польша, Сербия, Словакия және т.б. елдердің СІМ басшыларымен қысқа кездесулер өтті. Кездесулер барысында екіжақты қатынастардың күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, жаңадан сайланған ЕҚЫҰ Парламент ассамблеясының президенті Кристин Муттонен,  ЕҚЫҰ Бас хатшысы Ламберто Занньер және Еуропа Кеңесінің  сыртқы саясат және қауіпсіздік мәселелері бойынша Жоғары өкілі Федерике Могеринимен кездесулер өтті.

Берлинде болу кезінде Р. Василенко Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық мәселелері бойынша ГФР СІМ-нің Уәкілі Андреас Пешкемен және Герман экономикасының Шығыс комитетінің іс-басқармасы Михаэль Хармспен екіжақты келіссөдер өткізді. 
Тараптар екіжақты қатынастардың және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады және технологиялық пен шикізат әріптесті шеңберінде екі елдің экономикалық уағдаластықтардың жүзеге асырылуы бойынша жемісті ықпалдастықты, Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне Германияның қатысуын, сондай-ақ Қазақстанда дуалдық білім беру моделін енгізілуін атап өтті. Сұхбатшылар екіжақты ынтымақтастыққа қосымша серпілісті беру үшін алдағы уақытта екіжақты сапарларды ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастырды.  Қазақстандық делегацияның Германияға сапары барысында өткен кездесулердің және іс-шараның нәтижелері екіжақты қатынастарды келешекте барлық бағыттарда дамытуға және нығайтуға тараптардық өзара қызығушылықтарын көрсетті, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті сын-тегеуріндер және орталық-азия аймағында Қазақстан Германияның негізгі әріптесі ретінде динамикалық дамып келе жатқаны бұған себепші болуда.

Үстіміздегі жылы ГФР ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуде. Оның тақырыбы «Сұхбатты жаңарту, сенімдікті, қауіпсіздікті қайта құру» көптеген өзекті тақырыптар бойынша сұхбатты барынша алға ілгерлету үшін, Федералдық үкімет ЕҚЫҰ-ның құралдарды және институттардың нығаюына қолғабыс көрсетуге ниет білдіруде

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
901

«Маленький Принц» ертегісінен ұнаған 10 цитата


Бүгін мен ойға салмақ түсіретін "Маленький Принц" кітабы туралы пост арнағым келіп тұр.

Бұл кітаптың авторы француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюпери. Көбіңіз бұл кітапты оқыған да шығарсыз, киносын да көрген боларсыз . Әйтсе де , "Қайталау - оқу анасы" дейді ғой. Сол себептен кітапты кеше қайта оқып шықтым.

"Ведь все взрослые сначала были детьми, только мало кто из них об этом помнит", — дейді автор сөз басында. Осылайша ол осы ертегіні балаларға емес, үлкендерге арнайды.

Кітап оқығандағы ұнаған 10 нақыл сөзді жазып алдым (бірақ, орыс тілінде):

1. Есть такое твердое правило: встал поутру, умылся, привел себя в порядок — и сразу же приведи в порядок свою планету.

2. Вот мой секрет, он очень прост: зорко одно лишь сердце. Самого главного глазами не увидишь.

3. Я боюсь стать таким, как взрослые, которым ничто не интересно, кроме цифр.

4. Нужно стерпеть двух-трех гусениц, если хочешь познакомиться с бабочками.

5. Когда станет очень грустно, хорошо поглядеть, как заходит солнце.

6. У каждого человека свои звезды.

7. Суди себя сам. Это самое трудное. Себя судить куда трудней, чем других. Если ты сумеешь правильно судить себя, значит, ты поистине мудр.

8. Слова только мешают понимать друг друга.

9. Ты живешь в своих поступках, а не в теле. Ты — это твои действия, и нет другого тебя.

10. Люди забираются в скорые поезда, но они сами не понимают, чего они ищут, поэтому они не знают покоя, бросаются то в одну сторону, а то в другую... И все напрасно. Глаза слепы. Искать надо сердцем.

Кітапты оқимын десеңіз осы сілтемені басыңыз, тыңдағыңыз келсе аудиокітап та бар. Бұл ертегіден үйренеріміз көп. Әлі оқымаған болсаңыз, оқып шыққаныңыз жөн. Ал бұл кітапты оқығандарыңыз бар ма? Сізге қай цитата қаттырақ ұнады?

P.S. Әзірше бұл посттарды өзімнің wordpress-тегі парақшамнан алып жатырмын. Барлығын жариялап болғаннан соң, жаңа посттар жазып бастаймын.

 
2
0
1276

Қазақстанда Тәжікстан мәдениет күндерін өткізу жоспарланған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінде ведомство басшысы және Тәжікстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Назирмад Ализоданың ресми кезедсуі өтті, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Баспасөз қызметі.

Министр Арыстанбек  Мұхамедиұлы және тәжік дипломатиялық миссиясының басшысы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Назирмад Ализоданы қарсы ала отырып, ҚР Мәдениет және спорт министрі Қазақстн және Тәжікстан арасындағы достық қарым-қатынастар жиырма жылдан астам уақыт бойы үнемі даму және нығаю жолымен дамып жатқандығын айтып кетті. Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, мәдени-гуманитарлық өзара байланыс та дамудың жоғары серпінін көрсетіп келеді: түрлі деңгейлі іс-шаралар, көрмелер, халықаралық ғылыми жиындар, дөңгелек үстелдер үнемі бірлесіп ұйымдастырылады.

«Душанбе қаласында «Бәйетерек» қазақ ұлттық мәдениет орталығы жұмыс істеп келеді. Орталықта отандастарымыз қазақ тілін, салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыз туралы, туған елінің тарихын оқып, халық қолөнеріне үйренеді. Отанынан шалғай аймақтарда тұратын жастарымыз өз болмысы туралы ұмытпағаны дұрыс, «Бәйтерек» - ол Тәжікстандағы Қазақстан шаңырағы», - деп ойымен бөлісті Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Қазақстандағы Тәжікстан Республикасының ресми өкілі өз сәлемін Қазақстан ұлттық олимпиада құрамасын Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарындағы сәтті өнер көрсетуімен құттықтады. Елші Назирмад Ализода қазақстандық әріптесінің пікіріне қолдау көрсетіп, екі мемлекет тығыз шығармашылық және мәдени байланыстарды дамытып жатырғандығын айтып кетті. Ол өз елі Президентінің ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің ашылуы қарсаңында Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы мелекеттері басшыларының отырысына қатысуға дайындығын білдірді. Сонымен қатар Елші келер жылы елімізде өтетін маңызды шаралар аясында Тәжікстан мәдениет күндерін өткізуді ұсынды.

Одан басқа, Назирмад Ализода 6 қыркүйек күні Елшілік өткізетін Тәжікстанның Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шаралардың аясында Астанаға әйгілі «Базморо» би ұжымы келетіндігін хабарлады.

«Біздің тамаша би ансамбліміз Астанаға қазіргі уақытта «Билейтін Азия» Халықаралық фестивалі өтіп жатқан Сеулдан (Корея) келетін болады. Біз талантты бишілерімізді Қазақстан тұрғындары біздің мәдениетімізбен жақынырақ танысып, атақты бишілеріміздің шеберліктеріне куә болсын деген мақсатпен шақырдық», - деді Тәжікстан Елшісі.

Әңгіме барысында екі мемлекет өкілі дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастық мәселелерін де талқылады. Қазақстандағы тәжік дипломатиялық миссияның басшысы Елшіліктің барлық қызметкерлері Рио Олимпиадасы барысында қазақстандық спортшыларға жанкүйер болып, олардың жеңістеріне қуанып, жеңілістеріне күйінген болатын.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
399

Қазақстан БҰҰ-ның барлық жаһандық бастамалары мен жобаларын қолдайды — Н.Назарбаев

Қазақстан Президенті G20 саммиті аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, сондай-ақ байланыстарды одан әрі дамыту перспективаларын қарастырды.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен Пан Ги Мун халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы еліміз бен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың  жемісті екенін айтып, ұйымның жаһандық бастамалары мен жобаларын Қазақстанның қолдайтынын жеткізді.

Пан Ги Мун елімізбен тиімді серіктестіктің одан әрі нығайып, дами беретініне сенім білдірді.

Кездесу барысында компаниямен ынтымақтастықты дамыту және оның Қазақстандағы қызметі аясын кеңейту перспективалары, соның ішінде электронды коммерция мен төлем жүйелерін интеграциялау саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы біздің ел Қытайдағы электронды сауда саласының үздігі болып саналатын және сол бағытта зор жетістікке жеткен «AlibabaGroup» қызметінің тәжірибесін зерттеуге мүдделі екенін атап өтті.

«Мен сіздің компаниямен серіктестікті қолдаймын. Біздің ұлттық компаниямыз – «Қазпоштаның» «Alibaba Group» компаниясымен өзара тиімді іс-қимыл жасауға барлық мүмкіндігі бар. Жалпы, сіздердің компанияларыңыз тәрізді кәсіпорындар әлемдік экономиканың орнықты дамуы мен тұрақтылықтың факторы болып саналады. Әлемді саяси фрагментациялау, шекараларды жабу және өзара санкция салу белең алған қазіргідей жағдайда сіздер бұл кедергілерді табысты еңсеріп, халықаралық сауданың дамуына ықпал етіп отырсыздар», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Д.Ма Қазақстанда компанияның бастамаларына қолдау көрсетіліп отырғаны үшін алғыс айтып, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары туралы айтып берді. Сондай-ақ, «Alibaba Group» директорлар кеңесінің төрағасы елімізбен серіктестік қарым-қатынастың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Канаданың Премьер-Министрі Джастин Трюдомен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Канада арасындағы ынтымақтастықтың сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалар тәрізді басты бағыттарына қатысты пікір алмасылды.

Бұдан бөлек, халықаралық дамудың көптеген мәселелері бойынша ұстанымның ортақтығы, сондай-ақ түрлі салаларда, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласында екіжақты өзара іс-қимылды нығайту үшін зор әлеует бар екені айтылды.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев Д.Трюдоны Астанаға сапармен келуге шақырды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
545