Мазмұнға өту

Жаңа

В.Тельнов: «Нұрлы жол» Қытайдағы G -20 саммитінде интеграция үлгісі бола алады

Эксклюзив 27 елдің басшылары 2016 жылдың 4-5 қыркүйек күндері қытайлық Ханчжоу қаласында өтетін G-20 саммитіне қатысады. Үлкен жиырмалықтың он бірінші саммиті әлем экономикасын дамытудың жаңа жолдарын ашып береді. Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аталған шараға қатысады. Бүгін мемлекет басшыларының іскерлік кездесуі өтті. Екіжақты ынтымақтастықтың кеңейтілген мәселелері қарастырылды. Қытайдағы саммитке Қазақстанның қатысуы туралы пікірімен саясаттанушы Владимир Тельнов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында бөлісті. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдағы G-20 саммитіне қатысады. Күннің негізгі тәртібі – әлем экономикасының жаңаша құрылуы. Саммитте аса үлкен маңыз интеграция мәселесіне бөлінеді. Қытай «Бір белдеу бір жол» бастамасы ұсын…

0
0
381

Департамент басшысы Теректі ауданы Ақжайық ауылында болды

2016 жылдың 1 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.С.Нұртазин облыстық ақпарттық топ мүшесі құрамында Теректі ауданы Ақжайық ауылының жалпы білім беретін мектебінің «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынына қатысты. Салтанатты шарада департамент басшысы барлық ұстаздар мен ата-аналарды білім күнімен құттықтап, еліміздің жеткен жетістіктеріне тоқталды және оқушырарға жаңа оқу жылында табыстар тіледі. Сапар барысында М.С.Нұртазин тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдауда болған азаматтар мемлекеттік қызмет саласына мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелерін көтерді. Кейін ауылдық округ әкімдігінде округ активінің қатысуымен кездесу өткізілді.…

0
0
347

Мәжіліс журналистерді аккредиттеу тәртібін бекітті

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жаңа сессиядағы алғашқы Бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі қаралды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Халық қалаулылары назарына «1994 жылғы 15 сәуірдегі Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасын талқылау ұсынылады. Сонымен қатар, тағы да бірқатар ратификациялық құжаттарды жұмысқа қабылдау көзделген. Олар: Қазақстан Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Қазақстанда Атом энергиясы жөніндегі халықа…

0
0
427

ҚР Қорғаныс министрі ірі әскери полигондардың даму бағыттарын белгіледі

ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Тараз қаласындағы «Әулие ата» әуежайы әскери секторының аумағында және «Мәтібұлақ» полигонында көшпелі кеңес өткізді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі. Қорғаныс министрі Тараз қаласындағы әуежайдың әскери секторына барып, әскери бөлімдердің әуеайлақтарына іргелес орналасқан нысандардың құрылыс жоспарын қарастырды. Себебі, Қорғаныс министрлігінің жоспары бойынша мұнда ҰҰА дайындау және жауынгерлік қолдану орталығы құрылады. Қайта құрастыру ауданы 50 мың шаршы метр болатын әскери бөлімнің әуеайлақтық учаскесінде барлық нысандар салынып, жөндеуден өтеді. Дәл осы күні Қорғаныс министрі «Мәтібұлақ» және «Гвардейск» полигондарында кеңес өткізді. Өйткені, аталған нысандар авиацияны, зымыран әскерлері мен артиллерияны қолдана отырып, ірі әскери оқу-жа…

0
0
265

Астанада Халықаралық балет әртістерінің конкурсы өтеді

Биыл қыркүйектің 10 мен 17 аралығында Астанада ІІІ Халықаралық балет әртістерінің конкурсы өтеді. Конкурстың құрылтайшысы әрі ұйымдастырушысы, соңғы жылдары Қазақстанның хореография өнерін дамытуға зор үлес қосып келе жатқан «Балет пен ұлттық биді дамыту және қолдау қоры» жеке қоры. ІІІ Халықаралық балет әртістері конкурсының Бас серіктесі – Ұлт көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Қоры. Шығармашылық сайыстың негізгі мақсат-міндеті – хореография өнерін дәріптеу; классикалық балет дәстүрін сақтау және дамыту; дарынды жас әртістерді анықтап, ынталандыру; Қазақстанның мәдени имиджін өсіру. «Конкурстар қоғам мүшелері мен әртістердің көңілін белгілі бір өнер түріне бұрып, нәтижесінде осы саладағы мол жетістіктерге куә боламыз. Біздің конкурс та осындай нәтиже әкелетініне…

0
0
393

Д.Назарбаева: 2016-2017 жылдарға арналған орта білім ұйымдарының мематтестациясы бір жылға шегерілді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева орта білім беру мекемелерінде ішінара тексеру мен мемлекеттік аттестация өткізу мерзімін 2016/2017 оқу жылынан 2017/2018 жылға ауыстыру бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады ресми сайт. Кеңес барысында білім және ғылым министрлігінің өкілдері қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес мемлекеттік бақылау шаралары оның тиімділігін толық қамтамасыз етпейтіндігі туралы ақпараттандырды. Осылайша, мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерге лицензияны тартып алу бойынша шаралар қабылданбайды, әкімшілік істер қозғалмайды, аттестациядан өтпеген бала бақшалар мен мектептер жабылмайды. Сондай-ақ кеңеске қатысушылар министрліктің бастамасымен жүргізілген экономикалық зерттеулер нәтижесінде негізгі назар білім ұйымдарының өзбетінше бағалауына аударылат…

0
0
456

Н.Назарбаев: Қазақстан мен Қытай стратегиялық серіктестіктің үлгілі моделін құрды

Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастықтың, оның ішінде сауда-экономика, инвестиция, көлік-транзит, отын-энергетика, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды нығайту перспективаларының кең ауқымды мәселелері қаралды. Бұдан бөлек, екі мемлекеттің басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге жұмыс сапарымен келуге, сондай-ақ G-20 саммитіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты. «Қытай ұйымға күрделі кезеңде төраға болды. Сіздер әзірлеген күн тәртібі дамудың қазіргі кезеңінде өте өзекті. Бүгінде G-20-ның экономикалық проблемаларға мән беруі бү…

0
0
445

Қазақстан мен Финляндия денсаулық сақтау саласында стратегиялық серіктестік бойынша меморандумға қол қойды

Медицниалық қызметтер мен медициналық білім беруді жетілдіру бойынша Қазақстан мен Финляндия ынтымақтастығы» атты дөңгелек үстелі барысында Қазақстан мен Финляндия денсаулық сақтау саласында стратегиялық серіктестік бойынша меморандумға қол қойды. «Орта медициналық қызметкерлер мен фармацевтерді даярлау мен қайта дайындау республикалық колледжі» РМҚК директоры Найля Рузденова, Астана әкімдігінің «Медициналық колледж» МҚКҚ директоры Ақбала Саржанова, JAMK қолданбалы ғылымдар университеті басқармасының басшысы Аила Палониеми мен Lahti қолданбалы ғылымдар университеті басқармасының басшысы Кари Салми денсаулық сақтау саласы мен мейіргерлік істі дамыту бойынша өзара түсіністік пен стратегиялық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Аталған құжат тараптардың келесі бағыттар бойынша ынтым…

0
0
383

«Жасыл көпір – „жасыл“ технологияларға, инновациялар мен қолжетімді энергияға көпір» атты халықаралық конференциясының АНОНСЫ

14-15 қыркүйекте Астана қаласында ең алдымен тек біздің елімізде ғана емес әлемде де жасыл экономиканы ілгерілетуге арналған «Жасыл көпір – «жасыл» технологияларға, инновациялар мен қолжетімді энергияға көпір» атты халықаралық конференциясы, «Жасыл бизнесті құқықтық қорғау және экономикалық ынталандыру тетіктері» атты дөңгелек үстел және «FUTURE WAVE – инновациялық мүмкіндіктердің тұғырнама алаңы» Жастар форумы өткізіледі. Бағдарлама жасыл экономикаға көшудегі халықаралық ынтымақтастық, озық жасыл технологиялар мен тәжірибелер трансферті, жасыл бизнесті дамыту, институционалдық және техникалық инновацияларды ынталандыру мәселелеріне арналған. Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, G-Global Халықаралық Секретариаты, «Жасыл» экономиканы» қолдау және G-Global-ды дам…

0
0
1549

В.Тельнов: «Нұрлы жол» может стать примером интеграции на саммите G-20 в Китае

Лидеры 27 государств 4-5 сентября 2016 года прибудут в китайский Ханчжоу на саммит G-20. По счету одиннадцатый саммит лидеров большой двадцатки сыграет важную роль в определении дальнейших путей развития экономики мира. По приглашению Председателя Китайской Народной Республики Си Цзиньпиня Глава государства Нурсултан Назарбаев примет непосредственное участие в мероприятии. Уже сегодня состоялась деловая встреча глав государств. Был рассмотрен широкий круг вопросов двустороннего сотрудничества. Своим мнением о роли предстоящего саммита в Китае и участии Казахстана в нем поделился политолог Владимир Тельнов. «Глава государства Нурсултан Назарбаев примет участие в Саммите G-20 в Китае. Основная повестка дня – это программа нового экономического переустройства мира. На саммите большое внимани…

0
0
206