Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

«Нұрлы жол» бағдарламасының мақсатты трансферті бойынша игеру қаржыландыру жоспарына 97 пайызды құрады – ҰЭМ

2016 жылдың 1 қыркүйегінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 304,4 млрд теңге 769,6 млрд теңгеден игерілді, бұл «Нұрлы жол» бағдарламасының мақсатты трансферті бойынша игеру қаржыландыру жоспарына 97 пайызды құрады, деді деді Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

«2016 жылдың 1 қыркүйегінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 304,4 млрд теңге 769,6 млрд теңгеден игерілді. «Нұрлы жол» бағдарламасының мақсатты трансферті бойынша игеру қаржыландыру жоспарына 97 пайызды құрады», - деді ол.

Көліктік-инфрақұрылымдық даму үшін 197,7 млрд теңге қарастырылған, игеру 99,7 млрд теңгені құрады.

Министрдің айтуынша, жылу мен сумен қамту жүйесін жаңғырту үшін  90 млрд теңге қарастырылған,  55,2 млрд теңге немесе 100 пайызы игерілді. Тұрғын үй мен инфрақұрылым құрылысына 329,7 млрд теңге, инфрақұрылымға 78,5 млрд теңге қарастырылған, оның 37,7 млрд теңгесі немесе 90,6 пайызы игерілді. 702 шақырым инженерлік желі салынды.

«Баспана құрылысына 251,2 млрд теңге бөлінді, бүгінде 178,3 млрд теңге келісімі бар. Білім беру  нысанының құрылысына 60,9 млрд теңге құрады, ол 32,0 млрд теңге немесе 91,3 пайызы игерілді», - деді министр.

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
445

Осы тақырып бойынша

«Нұрлы жол» бағдарламасының мақсатты трансферті бойынша игеру қаржыландыру жоспарына 97 пайызды құрады – ҰЭМ - Yvision.kz