Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сергелдең болған арулар

Қазіргі қоғамда күйеуге шыға алмай жүрген немесе алданып аяғы ауырлап қалған бойжеткендерімізді көптеп кездестіреміз.Əрбір адамның достарының арасында осындай жандар кездесіп жатады.Менің бүгінгі айтқым келіп отырған тақырыбым тікелей қыздардың тұрмыс құру үшін істейтін айла-əрекеті десем артық кетпес шығармын.Бұл қандай айла əрекеттер деп ойлап отырған шығар ерлер қауымы.Бұл жайлы көсіле жазуға əбден болады.Сол айланың бірінші түрі ер адамды еліктіру: түріне өзгеріс енгізу, дене бітімін жинақы модель параметрелеріне сай жасау (əрине пластикалық ота ол оңай жолы) немесе диета ( herbalife daigo)т.б. тамақтану тəртібіне көшу.Ия мүмкін əдемілік біраз уақытқа адамды өзіне тартары сөзсіз ал іші шіріп жатқан адаммен өмір сүру қызықсыз тек оны іскерлік кездесулерде жансыз қуыршағың ретінде алып бару үшін немесе қалталы достары алдында мақтану. Табиғатынан сұлу қыздар баршылық  бұлар сөзсіз фавориттер əрине жасандылықсыз бейне; екінші бір айла ол жігіт ауқатты отбасынан болса ақсүйектер ортасына келін болғысы келіп жүрген қыздардың жалдамалы көлік алып,өз айналасында бұрыннан майшабақта жүрген қыздармен араласу, секонд хендтерден  немесе бутиктардан италияндық киімдердің жасанды фейк түрін сатып алып қымбат кофеханаларға, ресторандарға бару бұндай қымбат жерде еркетотай ақшасы бар ауқатты отбасынан шыққан адамдар жігіттер көптеп келетіні анық.Бұл айланың іске асатыны анық себебі бай-байға құяды,кедей-сайға құяды деген сөз бар емес пе.Бұндай жалған ойынды айыру үшін жігіт біраз уақытын жоғалтып алғанша қыз діттеген мақсатына да жетіп қалар; Енді бір мəселе ол мінездегі тəрбиедегі жасандылық бұл қалай деп ойлайсыз ?!хм бұндай қыздар үнемі қасымда көп болатын.Мысалы жігіт көзінше майысу,даусын көтермей сөйлеу,қазақи салт дəстүрлерді білетін кейіп таныту.Ал кешке сол қыздардың басқалармен жарыса сөйлеп,дарақылана күліп клубта темекі мен пивоны сімргеніен айтпай ақ қояйық.Енді осы этаптардан өтіп өз мақсатына жетейін деп қалған қыз оның туған туыстарына ұнауы керек емес пе. Жігітті өзіне толықтай ғашық ету үшін анасымен жақсы қарым-қатынаста болу. Бұл шешуші соңғы кезең.Себебі ұнамаған қызды шешесі қайтсе де алдыртуы екі талай.Сол себептен жігітінің туған күнінде үйіне торт жіберу,болмаса анасының туған күнінде телефон қоңырауын шалу сияқты тəсілдер.  Осындай қиын емес рөлді ойнап шықса жігіті ұсыныс жасап сырға салу рəсімі өтіп үйленіп жатқан қыздар қаншама.Ал бір ай шамасы өткен соң үй шаруасына араласпай түс ауғанша ұйықтап енесіне дік-дік етіп жатады.Осыдан шығар қорытынды барынша қарапайым болыңдар қыздар.Ең маңыздысы əдемі дене, бет пішіні емес иман.Өзі адал адамға үнемі Құдай жолын оңдап олжаға кенелтіп жақсы бір адаммен жолықтырады.Бай жігіттер қарату үшін олар үшін құрбан болмаңыздар ол өзі жүрегіңізді жаулаймын деп құрақ ұшсын.Өсіңіз,жетіліңіз,рухани əлеміңізді байытыңыз сонда бойдақ жігіттің жүрегін жаулап, келін боларыңыз анық.

P.S. бұл менің жеке ойым өмірден алған бір аз тəжірибем. Алар жерін алып керексізіне мəн бермей-ақ қойыңыздар.Ұнап жатса маған жазшы деген тақырыптарыңызды ұсынуларыңызға болады.

0
0
838

Осы тақырып бойынша

Сергелдең болған арулар - Yvision.kz