Мазмұнға өту

Жаңа

Құрбан Айт: Сколько дней отдыхаем в 2016 году?

Близится Құрбан Айт, а это значит, что ваш родственник-мусульманин скоро позовет вас к себе в гости отведать собственноручно принесенного (в большинстве случаев) в жертву барана (овцу, корову, лошадь). В 2016 праздник выпал на двенадцатое сентября, первый день недели - понедельник, а, следовательно, те, у кого пятидневка, отдохнут 3 дня (суббота, воскресенье, понедельник). Вообще, Құрбан Айт возник в религиозном контексте, и с арабского языка переводится как «праздник жертвоприношения», в память о великом жертвоприношении пророка Ибрахима. Празднуется на семидесятый день с момента прошествия поста Ораза. Согласно поверью, благополучна будет та семья, которая выполнит құрбан-шалу (принесет животное в жертву). Легенда гласит, что Всевышний послал пророку Ибрахиму (библ. Авраам) испытание для проверки его веры: принести в жертву своего первенца. Дабы стать ближе к творцу, и сын Ибрахима Исмаил, и сам пророк были готовы свершить данный акт, однако в последний момент Аллах показал, что жертва людская не нужна. А мир животных покорно служит людям, поэтому и решено было «использовать его по назначению». Верующие стараются избегать всякого проявления негатива в эти дни. Интересно, что этот праздник может спасти вас от всякой гопоты на улицах, ведь они с ухмылкой скажут вам: «Повезло тебе, иди с миром! У нас Құрбан Айт». Да-да, подобный случай как-то произошел со мной, и я была крайне удивлена. Первый день праздника Құрбан Айт – это самый важный день. В мечетях в этот день слышен айт намаз, и верующие поздравляют и приглашают родственников в гости. Во время этого праздника на столе всегда должна быть еда, ведь неожиданно могут прийти гости, которых казахи называют құдай қонақ. Пригласив гостей домой и усадив их за стол, никто не принимается кушать, пока старейший (и самый почитаемый) человек не даст благословение («бата беру»). Как раз самое иностранным гостям отведать известное мясо-мучное блюдо тюркоязычных народов - «бешпармак» («бесбармак»). Как говорится, друзья, айт кабыл болсын!

14
0
1187

Біз қазақ шыны керек, денсаулықты соңғы сағаттарда ойлаймыз

КӨЗІМІЗДІ ҚАРАТЫП ҚОЮ КЕРЕК «Дауа» бағдарламасын көріп тұрасыз ба? Қазақстан телеарнасында көрсетеді. Біз қазақ шыны керек, денсаулықты соңғы сағаттарда ойлаймыз ғой. Кеше бір түсірілімінде көз дәрігеріне жылына екі рет қаралып қою керек деген кеңес берді. Қазір соңғы уақыттары телефонымыз қолымыздан түспейді, алдымызда компьютер, кешке үйде көгілдір экран , түнде телефонды құшақтап ұйықтаймыз дегендей, көзіміз кетіп қалмасын десек көз дәрігеріне барып-тұру керек деген керек кеңес. Мәлесе, көзіміз көрмей қалып ауырып баруда емес, алдын алу үшін дәрігерге қаралып кеңес алуда ғой. Шыныңызды айтыңызшы, сіз көз дәрігеріне барып көзіңізді қаратып тұрасыз ба? Жалпы, денсаулығыңызға қаншалықты көңіл бөлесіз???

0
0
444

Әзірге Ұлттық арна басқалардан оқ бойы озық тұр

Ұлттық арна қосулы болсын Еңсемізді тіктеп, Тәуелсіз ел атанғанымызға 25 жыл болыпты. Осындай маңызды датаны атап өту жыл басынан-ақ бастау алуда. Еліміздің телеарналарынан тәуелсіздікті ұлықтауға арналған бағдарламалар мен ақпараттарды беріп жатыр. Әзірге Ұлттық арна басқалардан оқ бойы озық тұр. Ұлттық арнаның көш басында тұруы заңды, өйткені еліміз ел болғалы таза мемлекеттік тілде сайрап келе жатқан жалғыз арна ол. Алып-қосарымыз сол, бүлдіршіндеріңізге тәуелсіздік туралы құлағына құйғыңыз келсе Ұлттық арнаны қосыңыз.

0
0
423

Орта салмақтың «патшасы»

Орта салмақтың «патшасы». Гена бұл атаққа лайық па?! Әрине лайық. Олай болса геннадий бауырымы осы атаққа таласып көрмек. Халықаралық бокс қауымдастығы (WBA) бұл атақ үшін шаршы алаңғы шығуға Генаны мәжбүрлемек. Әрине қауымдастықтың құқықтық тетіктері бар, сол арқылы мәжбүрлейді. Головкин егер де 10 қыркүйек күні Лондондағы кезедсуде британдық Келл Брукты жеңіп шықса, оның келесі қарсыласы Даниэл Джейкобс болмақ. Даниэл өз кезегінде 9 қыркүйек күні Серхио Мораға қарсы шығып, белдігінің беделін қорғауы керек. Орта салмақтың «патшасы» атағына таласқа түсі құқығы  Крис Юбенк младшийға да беріледі. Ол 22 қазан күні Томми Лэнгфордпен кезедседі. Егер бұл бокста Крис Юбенк жеңіп шықса, ол да Венесуэлалық Альфонсо Бланкомен кезедесугі керек. Ал ең соңында Криспен Альфоносның қайсысы жеңсе сол спортшы Гена мен Кристің жекпе-жегінде жеңіске жеткен адаммен шаршы алаңға шығады.

0
0
277

Геннадиймен жекпе-жекке шыққысы келетін боксшы табылды.

Геннадиймен жекпе-жекке  шыққысы келетін боксшы табылды. Американдық боксшы  WBA (Regular) белдігінің иегері Даниэл Джейкобс  орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен кездескісі келетінін айтқан. Ол өз сөзінде биыл жыл соңына дейін болмаса келесі жылдың басында Генамен кездесіп, шаршы алаңғы шыққысы келетінін жеткізген. Онысымен қоймай бұл кездесуде жеңіске жетуім де мүмкін,- деп жазыпты. Мүмкін дегеніңе шүкір деп жатырмын ішімнен. Әйтпесе талай мықтысымақтар «жеңемін», «айырамын», «сындырамын» деп өздері жеңіліп қалған болатын.  Солардың кебін киіп жүрмесін. Менің түсінгенім жай таяқ жеп ақша тапқысы келіп жүрген ортаң қол боксшы.

0
0
277

Бар мәселе салмақта

Головкинмен ешкімнің бокстасқысы келмейді, бірақ Гена да одан жоғары салмаққа ауысуға асығар емес. Аты аңызға айналған әйгілі боксшы Хулио Сезар Чавес Геннадий Голвкиннің британдық Келл Брукпен боксына қатысты осындай пікір блідіріпті. Бұл Мексика боксының аңызына айналған Чавестің пікірі. Ол сондай-ақ Сауль Альварес пен Геннадий Головкиннің жепе-жегіне қатысты да өз  ойын айтыпты. Оның сөзінше бар мәселе салмақта. Алайда салмақтарын бір ретке келтіргенше күтіп жүре беретін болса, Гена қартайып кетеді дегенді айтыпты. Менің бұған қосарым, Гена қартайып кететіндей тоқсандағы шал емес. Қанша қартайса да кез-келген қарсыласын сындыруға дайын. Кезекті бокс  осы аптада Лондонда өтеді. Қазспорт пен Қазақстан телеарнасының эфирін жіберіп алмаңыздар!

0
0
324

ҚР ҰКП: Қазақстан өзі үшін 3 әлеуетті өткізу нарығын анықтады

Қазақстан әлеуетті 3 өткізу нарығын анықтады. Ол Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы және Иран, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Атамекен» басқарма төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов.

«Біз өзіміз үшін өз өнімізді жіберетін нарықты анықтадық. Біз бірегей жағдай жасап, кәсіпорынды 15 минут ішінде тіркей аламыз, барлық әкімшілік кедергілерді алып тастаймыз. Өнімді жіберетін нарық болмаса бизнес тұрып қалады. Сондықтан өзіміз үшін сараптама жасап, 3 әлеуетті нарықты анықтадық. Бұл ҚХР, РФ және Иран үшін де мүмкіндігіміз ашылды», - деді ол.

Оның айтуынша, аталмыш нарықтар халқының  шоғырлануына  орай  Қазақстан үшін басым болып келеді.

Сондай-ақ,  «Атамекен» палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев  гроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасына түзету енгізу қажеттігін айтты.

«Ауыл шаруашылығындағы өнімнің дәстүрлі түрлері бойынша экспортқа басымдық берген жөн. Ішкі сұранысқа құрылған импорт алмасу аз пайда әкеледі. Жалпы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру көлемін арттыру қажет. Аталған тауарларды саудалаудан түсетін ортақ экспорттық табыс 2 есеге өседі (1,8 трлн теңге). Бұл дегеніңіз, барлық Қытай агроөнімдері импортының 6,3 пайызы немесе Ресей импорты құнының 7,4 пайызы. Осылайша, біз ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытайға және Ресейге жеткізетін 10 экспорттаушы елдің қатарына кіре аламыз», - дейді Нұржан Әлтаев.

Палата өкілі Ресей мен Қазақстан нарығы өте ұқсас екенін айтады. Солтүстік көршімізге көкөніс тауарларын апарып сатқан дұрыс деп отыр.

«Ресей біздің Еуразиялық одақтағы әріптесіміз. Шекара жағынан еш қиындық жоқ. Бұл жерде тек бір мәселе бар. Екі елдің экономикасы өте ұқсас. Біз шығарған өнімді Ресей де шығарып жатыр. Тек көкөніс және тамақ өнеркәсібі бойынша Ресей нарығына шыға аламыз. Қазіргі кезде оңтүстіктегі жылыжайлардың барлығы өнімдерін Ресейге өткізіп жатыр. Олар өздері алып кетіп жатыр», - дейді ол.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
298

Сәт ата

Халқымыз ежелден елдің қамын ойлаған батыр, би абыздарды әулие деп санап, оларды қадірлеген. Осындай елге сыйлы, есімі ел жадында сақталған абыздың бірі – Сәт баба (1802-1888 жж.). Жеті атасы: Беріш, Байсейіт, Қитас, Жайық, Бақалай, Арықпан, Сатыбалды, Құттығай, Қасаболат, әкесі - Қосан. Бабаның арғы атасы - Құттығай (1702-1743 жж), атақты батыр болып елге танылған. 1728 жылы Бұланты өзені бойындағы, 1729 жылы Балқаш көлінің өңтүстігіндегі Аңырақай жазығында болған шайқастарға қатысып, ал 1738 жылы он бір айға созылған ұрыста, 20 мың үйлі қалмақты Қытай шекарасына қарай тықсыра қуғанда мыңбасы болған. Құттығай атаның бейіті Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданында орналасқан.

БҚО, Шыңғырлау ауданындағы Құттығай атаның бейіт басы

Сәт бабаның қасиеттілігі бала күнінен сезілген. Әсіресе, бір жері сынып, майып болған жандарды емдеп, ел алғысына бөленген. Баба әр-түрлі ауруларды емдеп, сынық салып, көрікпелі адам болған. Сәт атадан тараған ұрпақтары: Мыңсейіт, Бексейіт, Жақия, Биден,Темірқұл, Малмақ, Құрас. Олардан өрбіген ұрпақтары да бар. Табиғаты белгісіз, осы ғажап құбылыс бірнеше ғасыр ішінде ұрпақтан-ұрпаққа беріліп жалғасуда.

Сәт атамыздың бейіті қазіргі Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылынан 150 шақырым жерде, Нарын құмында орналасқан. Сол жерде түнек үйі де әзір тұр. Жанында Мыңсейіт, Бексейіт, Жақия, Құрас аталарымыздың да зираттары бар. Атаның басына адамдар әлемнің түкпір-түкпүрінен, әсіресе жаз бен күз мезгілдерінде зиярат етеді. Тұщықұдық ауылынан такси (УАЗ) жалдап баруға болады (87016067874).

Зияратыңыз қабыл болсын!

знак

местность

местность дом

үй

надпись

жазу 1

 
1
0
8571

Сәт баба

Халқымыз ежелден елдің қамын ойлаған батыр, би абыздарды әулие деп санап, оларды қадірлеген. Осындай елге сыйлы, есімі ел жадында сақталған абыздың бірі – Сәт баба (1802-1888 жж.). Жеті атасы: Беріш, Байсейіт, Қитас, Жайық, Бақалай, Арықпан, Сатыбалды, Құттығай, Қасаболат, әкесі - Қосан. Бабаның арғы атасы - Құттығай (1702-1743 жж), атақты батыр болып елге танылған. 1728 жылы Бұланты өзені бойындағы, 1729 жылы Балқаш көлінің өңтүстігіндегі Аңырақай жазығында болған шайқастарға қатысып, ал 1738 жылы он бір айға созылған ұрыста, 20 мың үйлі қалмақты Қытай шекарасына қарай тықсыра қуғанда мыңбасы болған. Құттығай атаның бейіті Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданында орналасқан.

БҚО, Шыңғырлау ауданындағы Құттығай атаның бейіт басы

Сәт бабаның қасиеттілігі бала күнінен сезілген. Әсіресе, бір жері сынып, майып болған жандарды емдеп, ел алғысына бөленген. Баба әр-түрлі ауруларды емдеп, сынық салып, көрікпелі адам болған. Сәт атадан тараған ұрпақтары: Мыңсейіт, Бексейіт, Жақия, Биден,Темірқұл, Малмақ, Құрас. Олардан өрбіген ұрпақтары да бар. Табиғаты белгісіз, осы ғажап құбылыс бірнеше ғасыр ішінде ұрпақтан-ұрпаққа беріліп жалғасуда.

Сәт атамыздың бейіті қазіргі Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылынан 150 шақырым жерде, Нарын құмында орналасқан. Сол жерде түнек үйі де әзір тұр. Жанында Мыңсейіт, Бексейіт, Жақия, Құрас аталарымыздың да зираттары бар. Атаның басына адамдар әлемнің түкпір-түкпүрінен, әсіресе жаз бен күз мезгілдерінде зиярат етеді. Тұщықұдық ауылынан такси (УАЗ) жалдап баруға болады (87016067874).

Зияратыңыз қабыл болсын!

знак

местность

местность дом

үй

надпись

жазу 1

0
0
4094

G20: ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қытайға барған сапарының қорытындысы

Қытайдың Ханчжоу қаласында екі күн бойы «Үлкен жиырмалық» (G20) саммиті өтті. Қытайда тұңғыш рет өтіп жатқан G20 саммиті әлемдік экономика дамуының жаңа жолдары тақырыбына арналған. Биыл Қытайдағы үлкен жиырмалықтың он бірінші отырысы өтті. Үлкен жиырмалық – 20 ірі ұлттық жкономика, әлемдік өнімнің 85 пайызы, әлемдік сауданың 75 пайызы. Мұнда жаһандық экономика мен саясаттың салмақты мәселелері талқыланады, ірі өңірлік және әлемдік мәселелер, соның ішінде қауіпсіздікке қатысты мәселелер бойынша ортақ ұстанымдар әзірленеді. Мемлекет басшысы G-20 саммитіне өзінің екінші рет қатысып отырғанын және биыл ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен келгенін айтты.

«Әлемдік экономиканың, сауда мен капитал қозғалысының өсу қарқыны баяулап келеді. Ол миллиондаған адамның әл-ауқатына әсер етеді. Дүниежүзілік сауда ұйымының рөлі төмендеуіне және әлемдік экономиканың фрагменттелуіне алып келетін трансқұрылықтық жаңа сауда-инвестиция бірлестіктері құрылуда. Бұл үдерістер жаһандық экономикадағы ықпал аймағы үшін күрестің жаңа кезеңінің басы болуы мүмкін», – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі күрделі кезеңде Қазақстанның индустрияландыру және инвестициялар тарту бағытында уақтылы күш-жігер жұмсағанын айтып, оның қайтарымды болатынына сенім білдірді.

«Қазір жұмыссыздықтың төменгі деңгейін сақтап, жаңа жұмыс орындарын ашуды ойластыру қажет, дағдарыспен күрестен экономикалық өсімге қадам басу керек. Біз 9 қыркүйекте өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында осы туралы айтатын боламыз», – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті саммитпен қатар оның ҚХР-ға жұмыс сапары болып өткенін еске салды. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев біздің еліміз көтерген екіжақты қарым-қатынастың барлық мәселесіне Қытай тарапы қызығушылық пен мүдделілік білдіріп отырғанын айтты.

«Біз бұған дейінгі уағдаластықтың барлық мәселесі бойынша, мәселен, Қазақстан аумағында бірлескен заманауи кәсіпорын салуға қатысты келісімге келдік. Бұл тізімге 51 нысан кіреді, бүгінде оның екеуі салынды, жалпы құны 2,5 млрд доллар болатын төрт нысанның құрылысы биыл аяқталады. Бес жылдың ішінде жалпы құны 26 млрд доллар болатын 5 кәсіпорын салу жоспарлануда. Бұдан бөлек, осы жұмысты қолдау үшін компаниялар арасында да, мемлекеттер арасында да бірлескен Қазақстан-Қытай қоры жұмыс істейді. Жібек жолын дамыту қорын да мысалға келтіруге болады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы көлік-коммуникация байланысы екіжақты күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі болып қала беретінін айтты.

«Жыл сайын Қазақстан мен Қытай аумағынан өтетін жүк транзиті көлемінің артып келе жатқаны байқалуда. Ақтау портын пайдалану айтарлықтай жанданды, осыған дейін олай болмаған еді. Бұл жағдай Қорғас құрғақ портының, ұзындығы 300 шақырымға жететін Қорғас-Алматы теміржолының және Батыс Еуропа – Батыс Қытай торабының құрылысына байланысты болып отыр. Логистикалық орталықтар құрылды. Бұл көлік тораптары өсім нүктесі болып саналады. Сондай-ақ, біз энергетика және технология салаларындағы ынтымақтастық туралы уағдаластық», – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев аса ірі кен орны – Қашағанның іске қосылуына байланысты Қазақстан мұнайын жеткізу мүмкіндігі артатынын атап өтті.

«Қазіргі уақытта біз ҚХР-ға 7 млн тоннаға жуық мұнай жеткіземіз, бұл көрсеткішті 20 млн тоннаға дейін арттыруға, сондай-ақ Қазақстаннан Қытайға газ жеткізу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Осының бәрі елдеріміз арасындағы тауар айналымын жаңа деңгейге көтереді», – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті Қазақстан мен Қытайдың ауыл шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимылына егжей-тегжейлі тоқталды.

«Алғаш рет Қытайға азық-түлік бидайын, басқа да дәнді-дақылдарды, асбұршақтар мен майлы дақылдар түрлерін, сондай-ақ ет пен құс жеткізу туралы келісімге келдік. Бұған дейін бізде мұндай болмаған еді. Осылайша, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріміз үшін жол ашылып отыр. Меніңше, бұл – қуанышты жағдай. Сонымен бірге, Қытай тарапының тауар мен фитосанитарлық сапа жөнінде қатаң талаптары бар. Біздің шаруалар соған дайын болуға тиіс», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы қол жеткен уағдаластықтардың нақтылануына назар аударып, екі ел үкіметтерінің оны іске асыру үшін тиісті жұмыс жүргізу керек екенін атап өтті.

«Жақын арада Мемлекеттік Кеңестің төрағасы Ли Кэцян Қазақстанға сапармен келеді деп жоспарлануда. Келіссөздер барысында елдеріміз бірлесе шешетін мәселелерді қосымша талқылайтын боламыз», – деді Қазақстан Президенті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды. Оның ішінде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы Үкіметтері арасында 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасы-Қытай Халық Республикасы ынтымақтастығы бойынша комитет құру  туралы келісімге  өзгертулер енгізу құжаты қабылданды.

Сондай-ақ, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев пен ҚР Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбек Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытқан қытайлық жетекші компания өкілдерімен кездесті.

Жобалар инвестициялық ынтымақтастық бағдарламасы аясында іске асатын болады. Айталық, жалпы сомасы 20 млрд. АҚШ долларынан асатын 51 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Аталмыш бағдарлама өндірістің өңдеу секторына жаңа технология трансферттеу, қазақстандық жұмыс орындарын құру мен ҚХР-на дайын өнім экспорттауға бағытталған.

Дөңгелек үстел барысында инвесторларға инвестициялық климаттың жақсарғаны мен мемлекеттің инвестицияны қолдау шаралары бойынша қабылданған қадамдары таныстырылды.

Өз кезегінде қытайлық компаниялар жобаларды жүзеге асыру жоспарларымен таныстырып, Қазақстанның инвестициялық климатына жоғары баға берді.

Сонымен қатар, дөңгедек үстел аясында «KazakhstanPetrochemicalIndustriesInc» ЖШС мен Қытайдың Мемлекеттік Даму Банкі арасында жалпы сомасы 2 млрд. АҚШ доллары болатын құжатқа қол қойылды. Сонымен қатар, ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Zhejiang JUMORE E-CommerceCo, Ltd» компаниясы арасында өзара түсіністік меморандумына және ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Шанхай қаласының халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу жөніндегі Комитеті арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Жоғарыдағы қол қойылған құжаттар Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы жоғары деңгейдегі ынтымақтастықты айғақтайды.

Саммит аясында өзге елдер мен делегация басшыларымен бірқатар кездесулер болып өтті.  Кездесулер аясында өзара қызығушылық тудыратын пікір алмасу болып өтті. Айта кетерлігі, жақын арада  Қазақстанға Мемлекеттік кеңес төрағасы Ли Кэцянның сапары күтілуде. Оның сапары аясында елдердің бірлесіп шешуі қажет мәселелер талқыланады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
481