Геннадиймен жекпе-жекке шыққысы келетін боксшы табылды.
Геннадиймен жекпе-жекке шыққысы келетін боксшы табылды. Американдық боксшы WBA (Regular) белдігінің иегері Даниэл Джейкобс орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен кездескісі келетінін айтқан. Ол өз сөзінде биыл жыл соңына дейін болмаса келесі жылдың басында Генамен кездесіп, шаршы алаңғы шыққысы келетінін жеткізген. Онысымен қоймай бұл кездесуде жеңіске жетуім де мүмкін,- деп жазыпты. Мүмкін дегеніңе шүкір деп жатырмын ішімнен. Әйтпесе талай мықтысымақтар «жеңемін», «айырамын», «сындырамын» деп өздері жеңіліп қалған болатын. Солардың кебін киіп жүрмесін. Менің түсінгенім жай таяқ жеп ақша тапқысы келіп жүрген ортаң қол боксшы.
