Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан БҰҰ-ның барлық жаһандық бастамалары мен жобаларын қолдайды — Н.Назарбаев

Қазақстан Президенті G20 саммиті аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, сондай-ақ байланыстарды одан әрі дамыту перспективаларын қарастырды. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен Пан Ги Мун халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысы еліміз бен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың жемісті екенін айтып, ұйымның жаһандық бастамалары мен жобаларын Қазақстанның қолдайтынын жеткізді. Пан Ги Мун елімізбен тиімді серіктестіктің одан әрі нығайып, дами беретініне сенім білдірді. Кездесу барысында компаниямен ынтымақтастықты дамыту және оның Қазақстандағы қызметі аясын кеңейту перспективалары, соның…

0
0
501

ҚР Президенті G20 саммитінде жаһандық проблемаларды шешудің жолдарын ұсынды

Мемлекет басшысы G20 саммитіне қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Жиналғандарға арнаған сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммитінің үмітке толы күрделі кезеңде өтіп отырғанын атап өтті. «Әлемдік экономиканың, сауда мен капитал қозғалысының өсу қарқыны баяулап келеді. Ол миллиондаған адамның әл-ауқатына әсер етеді. Дүниежүзілік сауда ұйымының рөлі төмендеуіне және әлемдік экономиканың фрагменттелуіне алып келетін трансқұрылықтық жаңа сауда-инвестиция бірлестіктері құрылуда. Бұл үдерістер жаһандық экономикадағы ықпал аймағы үшін күрестің жаңа кезеңінің басы болуы мүмкін», – деді Қазақстан Президенті. Елбасы жаһандық дамудың бұдан арғы жолы негізінен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың іс-қимылының жүйелілігіне байланысты екенін айтты. Осыған байланысты, Нұрсұлтан Назарбаев экон…

0
0
371

Қазақстанда инновациялық даму картасын дайындау жоспарланған

Инновацияны дамыту интерактивтік картаның еуропалық технологиясы 2000 жылдан бастап ЕО-да сәтті жүзеге асып келеді, ол кезеңмен Қазақстанда да енгізілмек, уақыт өте келе Қазақстан бұл үрдісті өзі даындап алады. Бұл туралы Еуропалық одақтың зерттеу және инновациялар бойынша "Горизонт-2020" бағдарламасының үйлестірушісі Камила Магзиева «Инновациялық даму үрдісінің еуропалық картасы» халықаралық семинары барысында. «Дағдарыс кезінде барша әлемнің назары инновацияларға ауып жатыр. Себебі тек инновациялар бізді қиын жағдайдан алып шыға алады. Дегенмен инновация - бүгін инновация, ертең - қалыпты жағдай. Болашақ инновацияны қалай анықтауға болады? 2002 жылы Еуропалық одақ табиғи каучукты алмастыратын баламаны ойлап табуды қолға алды. Себебі каучукқа деген сұраныс күрт артты және 2016-2018 жылда…

0
0
464

Бразилия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуын ресми түрде растады

Бразилия Астана қаласында 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатынын ресми түрде растады, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі. Астаналық халықаралық көрмесінде Оңтүстік Америка елін бразилиялық «Итайпу Бинасионал» компаниясы Бразилияның Энергетика және тау кең қазу өнеркәсібі министрлігінің координациясы астында ұсынатын болады. Бразилия энергия шығару бойынша «жасыл» технологияларды белсенді түрде пайдаланатын елдердің қатарына кіреді. Мемлекет жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалану мен өндіруде едәуір тәжірибесі бар, Бразилияда тұтынылатын энергияның 45% және отынның 18% жаңғыртылады. Гидро, термоэлектрикалық, күн, жел және ядролық электр станцияларынан тұратын Бразилияның энергетикалық кешені қоршаған ортаны…

0
0
343

Блог маған неге керек?

Сәлем, құрметті менің оқырмандарым! Мен бүгіннен бастап “күнделік” жүргізетін боламын және бұл менің алғашқы блогым. Шыны керек, қатты қуанып отырмын. Себебі мен бұл күнді көп күттім. Ал енді блогты не үшін және неге дәл бүгін ашқаным туралы оқиғамен бөлісейін. Алдымен өзімді таныстыра кетсем, мен, Абдашова Перизат, Сүлеймен Демирел атындағы университеттің 1-курс студентімін. Мамандығым – журналист. Мен көптеген блогтар оқитытынмын, әсіресе виблогты жақсы көремін. Қазақстандық “kerbezful“,”love typhoon“, шетелдік “maria way”, “sonyaesman“, “kate clapp” т.с.с. Блог ашу бұрыннан ойымда жүрген. Алайда, 11-сынып ҰБТ сынағы, ЖОО тапсыру, шығармашылық емтихан, “балмұздақ” болып жүріп, сәті түспепті. Мен бұл салаға не үшін қызығамын? Блог маған не береді? Бұл жер – тәуелсіз орта. Жазбаларымды өз…

2
4
909

БАҚ үшін ақпарат

Маңғыстау облысының тұрғындары балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер үшін татуласу мен шартты мерзім қолданылмайтын, өмірлік бас бостандығынан айыру, химиялық жолмен піштіру, шет ел азаматтарын депортациялауға дейін жазаны қатаңдату туралы Мемлекет басшысына үндеу жолдады.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bak-ushin-akparat-19

0
0
442

Інім Серіктің қазасына

 

Шіліңгір мынау шілдеде,

Жаныңды аяз қарыды.

Қапияда бір демде,

Жалп етіп сөнді жарығы.

Балта ағам мен жеңгемнің,

(Көңілім жылап көз құрғақ).

Тәңірге шексіз сенгенмін,

Санамды жатты жұлқылап.


 

Қасірет үні тынымсыз.

Кеудеде жүрек бұлқынад.

Қылатын қайрат кімде бар.

Алладан пәрмен жеткенде.

Бір көруге болып зар,

Қыламыз дұға өткенге.

Алладан, аға тілейік,

Берсін деп иман мүскінге.

Жеткізе гөр деп жетімін,

Мүсірке деп жесірін.


 

Жеңілдет деп жүрек жарасын,

Азайта гөр деп наласын.

Таңда маһшар күнінде,

Кездестір ата анасын.

Дұғаның мынау үстінде.

   

Сүлеймен Баязитов.

1
0
517

Солтүстiк Қазақстан облысында үш ауысымды оқыту мәселесi шешiлдi – әкімдік

Солтүстiк Қазақстан облысында бiрден екi мектептiң ашылуы өңiрде үш ауысыммен оқыту мәселесiн толығымен шештi, деп хабарлады СҚО әкімдігі. Тайынша ауданының Тайынша қаласындағы және Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданының Новоишим селосындағы 300 орынды екi мектеп «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде тұрғызылды. Төрт жүз орынға арналған Новоишим қазақ орта мектебiнiң ашылу салтанатына өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов қатысты. Облыс әкiмi бүгiнгi айтулы мерекемен оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды құттықтады. «Жаңа оқу ғимараты оқушыларын ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы мерейтойы қарсаңында қабылдап отыр. Мен барлық мердiгер ұйымдар мен құрылысшыларға аз уақыт iшiнде осындай мектептi салып бiтiргендерi үшiн алғысымды бiлдiремiн. Бұл мектептiң құрылысын аяқтау ауданда…

0
0
338

Қазақстанда газ өнеркәсібін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде

ҚР Энергетика министрлігінде Қазақстанның газ өнеркәсібін дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы болып өтті, деп хабарлады ведомство. «Жиналыста газ саласындағы барлық маңызды мәселелер және жекелеген мәселелер бойынша тиісінше нақты шешімдер қабылданды.Тауарлық газға баға белгілеу тетігін жетілдіру бойынша ұсыныс енгізілетін болады», - делінген хабарламада. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ табиғи газды сату бағасын долларвалютасынан ұлттық валютаға ауыстыру жөнінде «Теңізшевройл» ЖШС-мен келіссөздерді жалғастырады. «Сарыарқа» газ құбыры магистралін салу жобасының (Астананы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральді газ құбырынан: «Қараөзек» (Қызылорда) компрессорлық станциясы-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астанамаршруты бойынша) техникалық экономикалық негіздемес…

0
0
448

Н.Назарбаев Өзбекстан Президентінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовтің қайтыс болуына байланысты Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Нигматилла Юлдашевке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Абдуганиевич Каримовтің дүниеден өткені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын айтқан. «Қазақстандықтар бұл мезгілсіз әрі орны толмас қазаның ауыртпалығын бауырлас Өзбекстан халқымен бірге бөліседі. 30 жылдай қанаттаса жұмыс істеген досымнан айрылғаныма қайғырамын», – делінген көңіл айту жеделхатында. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев елдің экономикалық әлеуетінің дамуына, оның халықаралық беделінің өсуіне, қоғамның әл-ауқатының артуына ықпал еткен ауқымды өзгерістердің жүзег…

0
0
615