Халқымыз ежелден елдің қамын ойлаған батыр, би абыздарды әулие деп санап, оларды қадірлеген. Осындай елге сыйлы, есімі ел жадында сақталған абыздың бірі – Сәт баба (1802-1888 жж.). Жеті атасы: Беріш, Байсейіт, Қитас, Жайық, Бақалай, Арықпан, Сатыбалды, Құттығай, Қасаболат, әкесі - Қосан. Бабаның арғы атасы - Құттығай (1702-1743 жж), атақты батыр болып елге танылған. 1728 жылы Бұланты өзені бойындағы, 1729 жылы Балқаш көлінің өңтүстігіндегі Аңырақай жазығында болған шайқастарға қатысып, ал 1738 жылы он бір айға созылған ұрыста, 20 мың үйлі қалмақты Қытай шекарасына қарай тықсыра қуғанда мыңбасы болған. Құттығай атаның бейіті Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданында орналасқан.
Сәт бабаның қасиеттілігі бала күнінен сезілген. Әсіресе, бір жері сынып, майып болған жандарды емдеп, ел алғысына бөленген. Баба әр-түрлі ауруларды емдеп, сынық салып, көрікпелі адам болған. Сәт атадан тараған ұрпақтары: Мыңсейіт, Бексейіт, Жақия, Биден,Темірқұл, Малмақ, Құрас. Олардан өрбіген ұрпақтары да бар. Табиғаты белгісіз, осы ғажап құбылыс бірнеше ғасыр ішінде ұрпақтан-ұрпаққа беріліп жалғасуда.
Сәт атамыздың бейіті қазіргі Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылынан 150 шақырым жерде, Нарын құмында орналасқан. Сол жерде түнек үйі де әзір тұр. Жанында Мыңсейіт, Бексейіт, Жақия, Құрас аталарымыздың да зираттары бар. Атаның басына адамдар әлемнің түкпір-түкпүрінен, әсіресе жаз бен күз мезгілдерінде зиярат етеді. Тұщықұдық ауылынан такси (УАЗ) жалдап баруға болады (87016067874).
Зияратыңыз қабыл болсын!