Сәт ата
Халқымыз ежелден елдің қамын ойлаған батыр, би абыздарды әулие деп санап, оларды қадірлеген. Осындай елге сыйлы, есімі ел жадында сақталған абыздың бірі – Сәт баба (1802-1888 жж.). Жеті атасы: Беріш, Байсейіт, Қитас, Жайық, Бақалай, Арықпан, Сатыбалды, Құттығай, Қасаболат, әкесі - Қосан. Бабаның арғы атасы - Құттығай (1702-1743 жж), атақты батыр болып елге танылған. 1728 жылы Бұланты өзені бойындағы, 1729 жылы Балқаш көлінің өңтүстігіндегі Аңырақай жазығында болған шайқастарға қатысып, ал 1738 жылы он бір айға созылған ұрыста, 20 мың үйлі қалмақты Қытай шекарасына қарай тықсыра қуғанда мыңбасы болған. Құттығай атаның бейіті Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданында орналасқан. Сәт бабаның қасиеттілігі бала күнінен сезілген. Әсіресе, бір жері сынып, майып болған жандарды емдеп, ел алғысы…